ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанна Тлеубекқызының ауданымыздағы іс-сапары бүгінде жалғасуда. Есік қаласындағы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің ұстаздары және студенттерімен кездесу өткізген депутат жастарға елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат беріп, Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың тарапынан жастарға көрсетілетін қолдауларға да тоқталды. Кездесу барысында тек қана жастар мәселесі ғана емес, сонымен қатар, қоғамдағы ұстаздардың мәртебесі мен еңбекақылары туралы да сөз қозғалды. Сондай-ақ, қазіргі кездегі ауданымызда ашылып жатқан жастарға арналған спорттық және өнер үйірмелерінің жұмыстары туралы әңгіме айтылып, аудан орталығы Есік қаласында мүмкіндігі шектеулі…
Өткен аптада ауданымызға жаңа әкім тағайындалды. Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен аудан әкімі лауазымына тағайындалған Қуат Сұлтанғазиевті аудан активіне облыс әкімі Қанат Бозымбаев таныстырды. Алдымен аудандық мәслихат депутаттарының алдында ауданымыздың жаңа басшысының кандидатурасын ұсынған Қанат Алдабергенұлы Қуат Сұлтанғазиевтің еңбек жолымен таныстырды. Мәслихат депутаттары жаңа әкімнің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Кейіннен мәжіліс залында аудан активімен кездесу өтті. Жиын барысында ауданымыздың бұрынғы әкімі Әлібек Жақанбаевтың елеулі еңбегін ерекше атап өткен облыс басшысы Қуат Елеусізұлының жұмысына сәттілік тіледі. – Аз уақыт ішінде Әлібек…
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанна Тлеубекқызының іс-сапарының алғашқы күнін Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізіп аяқтады. Қоғамдық қабылдауға ауданымыздың Шелек өңірі бойынша барлығы алдын ала 18 азамат жазылған. Әр түрлі мәселелерді қозғап келген тұрғындарға халық қалаулысы ҚР Конституциясына сүйене отырып кеңес берді. Азаматтарды қабылдауға мәжіліс депутатынан бөлек облыстық мәслихат депутаттары Ерік Әзілжанұлы, Гульнара Съездбекқызы, Жанна Тастемірқызы және "Nur Otan" партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Қуат Сұлтанұлы және мәслихат депутаты Айжан Советбекқызы атсалысып, тұрғындардың…
Өздеріңіз білетіндей ауданымыз аграрлық өңір болғандықтан бұл салада шешімін таппай жатқан мәселелер көп. Осыған орай Шелек өңірінің шаруа қожалықтарының басшылары және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен, ҮЕҰ-ның өкілдерімен кездесу өткізген Ж.Телпекбаева аудандағы ауылшаруашылық өндірістік-кооперативтердің өндірген өнімдерін ортадағы делдалсыз нарыққа шығару мәселесі және мемлекеттен берілетін суармалы судың субсидиясы туралы бірқатар мәселелерді қозғады.Кездесу соңында Ж.Телпекбаева өз тарапынан тиесілі мемлекеттік мекемелерге депутаттық сауал жолдайтынын айтты.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Телпекбаева Жанна Тлеубекқызының ауданымыздағы жұмыс барысы Шелек өңірінде жалғасын тапты. Шелек орталық ауруханасының директоры, Алматы облыстық мәслихат депутаты Құраметова Гүлнара Съездбекқызы аурухана жұмысымен таныстырса, ұжымымен өңіріміздегі әлеуметтік мәселелерді талқылау бойынша кездесу өткізген депутат, дәрігерлер және кіші медициналық қызметкерлердің жалақысын көтеру, сонымен қатар ауылдық емханаларды медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Халық қалаулысын аудан әкімі Сұлтанғазиев Қуат Елеусізұлы, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы, Алматы облыстық мәслихат депутаты Абитов Ерік Әзілжанұлы, аудандық мәслихат депутаттары Рахимов Бағдат Болатұлы, Әбіт Айжан Советбекқызы, «Jas Otan» Жастар Қанатының мүшелері және БАҚ өкілдері қарсы алып, арнайы жоспарға сай аудандағы ауылдық округтерге 2021 жылғы сайланған әкімдермен және "Nur Otan" партиясынан әкімдікке үміткерлерімен Балтабай ауылында кездесу өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы…

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет