Бейсенбі, 24 Ақпан 2022 14:32

Жаңа басшыға маңызды тапсырмалар жүктелді

Жаңа басшыға маңызды тапсырмалар жүктелді Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Өткен аптада ауданымызға жаңа әкім тағайындалды. Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен аудан әкімі лауазымына тағайындалған Қуат Сұлтанғазиевті аудан активіне облыс әкімі Қанат Бозымбаев таныстырды.

Алдымен аудандық мәслихат депутаттарының алдында ауданымыздың жаңа басшысының кандидатурасын ұсынған Қанат Алдабергенұлы Қуат Сұлтанғазиевтің еңбек жолымен таныстырды. Мәслихат депутаттары жаңа әкімнің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Кейіннен мәжіліс залында аудан активімен кездесу өтті. Жиын барысында ауданымыздың бұрынғы әкімі Әлібек Жақанбаевтың елеулі еңбегін ерекше атап өткен облыс басшысы Қуат Елеусізұлының жұмысына сәттілік тіледі.

– Аз уақыт ішінде Әлібек Жақанбаев аймақтың экономикасын жақсартуға бар күш-жігерін салды. Ал Қуат Елеусізұлы осы ауданның тумасы. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, еңбек тәжірибесін өндірісте тиімді қолдана білетін басшы. Іргелі ауданның дамуы жолында аянбай еңбек етеді деп сенемін,  – деді Қанат Бозымбаев.

Жиын барысында сөз алған Әлібек Әскербекұлы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқталып, күрмеуі қиын мәселелер әлі де бар екенін жеткізді.

– Жалпы ауданда 2021 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 53,5 млрд теңгеге жетті. Шағын және орта бизнесте 137 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, қызметтер көрсетілді немесе 2020 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 155%. Ауданда жедел шешуді қажет ететін проблемалар әлі де бар. Бірінші кезекте тұрғындарды көгілдір отынмен және ауызсумен қамту, жолдарды жөндеу, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру және медициналық қызмет сапасын арттыру мәселелері. Ауыл шаруашылық алқаптарын суармалы сумен қамту өзекті мәсе-ле болып отыр. Аудан теңгеріміндегі 8 809 гектар алқаптың ұзындығы 251,7 шақырым болатын суару каналдарын күрделі жөндеуден өткізу қажет. Бартоғай су қоймасы 1984 жылдан бері жөндеу көрмеген. Үлкен Алматы каналына да күрделі жөндеу қажет. Осындай қиындықтардың салдарынан су шығыны 25%-ға жетті. Жайылымдық жерлерді қайтару жұмыстары да жалғастырылуы тиіс. Үш ауысымды оқыту мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Ауданда бүгінгі күні үш ауысымдағы 5 мектеп бар, ішкі миграция мен демографиялық өсімнің нәтижесінде алдағы уақытта 7 мектеп үш ауысымға ауысуы мүмкін, – деді Әлібек Жақанбаев.

Өз кезегінде аудан әкімі Қуат Сұлтанғазиев ауданның гүлденуі жолында,  тұрғындардың әл-ауқатын арттыруда сенімге селкеу түсірмей еңбек ететінін айтты. Ауданымыздың құрметті азаматы Әбілбек Айтақынов аудан әкімінің жұмысына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Активпен кездесу барысында Қанат Алдабергенұлы жаңа басшының алдына бірқатар міндеттер қойды.

– Есік көлі 9 ауылдық округ пен саяжайларды ауызсумен қамтудың негізгі көзі болып отыр, яғни көлдің стратегиялық маңызы зор. Сондықтан оның мәртебесін анықтап, «Қазселденқорғау» мекемесінің теңгеріміне өткізу қажет. Түрген топтық су құбырын коммуналдық меншікке өткізу туралы мәселеге келсек, қазір ол жеке кәсіпкердің меншігінде. Су құбыры өз міндетін лайықты деңгейде атқарып отыр ма, зерделеп қараңыздар. Қазіргі таңда суармалы су тарифінің мәселесі Үкіметте қаралып жатыр. Біз өз тарапымыздан оны дифференцияланған тариф жасау туралы ұсыныс білдірдік. Ал минералды тыңайтқыштар бағасының өсуіне байланысты республикалық комиссия жұмыс істеуде. Бұл мәселелер көктемгі дала жұмыстары маусымының қарсаңында аса маңызды, – деді облыс басшысы.

Кездесуден кейін Қанат Алдаберген-ұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауда Бірлік ауылына жаңа мектеп салу мәселесі көтерілді. Сонымен қатар, Есік қаласындағы Ш.Уәлиханов көшесінің бойында тротуардың жоқтығын айтып шағымданған қала тұрғыны Р.Төлеповке қаражат бөлініп, құрылысты жүргізетін мердігердің анықталғаны айтылды. Тротуар төсеу жұмыстары сәуір айында басталады деп жоспарлануда. Қанат Алдабергенұлы Қызылжардағы ауызсу мәселесін шешуді аудан әкіміне жүктеді.

Облыс әкімі «FROSCO», «Жетісу Вольфрамы» ЖШС басшыларының бизнес жобаларымен де танысты. Сапар барысында Қанат Бозымбаев аудан орталығындағы өзеннің жағалауын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Жағалауда құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Мұндағы 1 шақырым жерге балаларға арналған ойын алаңдары, воркаут, велотрек, жаяу жүргіншілер жолы, спорт алаңдары, 2 автотұрақ жасалып, айналасы көгалдандырылады. Қазіргі таңда бұл жұмыстардың басым бөлігі жасалған.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 783 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 14, 2025

Шағаман батырдың балалық шағы

Бисимилләһир-рахманир-рахим! Асы жайлауының сұлулығына тамсана, таңдана тамашалаған бала…
Там 14, 2025

Ер еңбегімен еленеді

Адал жолмен табыс табу – адамның беделін көтереді, абыройын асқақтатады. Ондай адам өз…
Там 14, 2025

Ислам ізгілікке үндейді

Қазіргі қоғамда рухани құндылықтардың орны ерекше. Адамзат дамуының барлық кезеңінде дін…
Там 14, 2025

Дистанция длиною в жизнь

Почетный деятель спорта РК, отличник народного просвещения, Почетный гражданин района:…
Там 14, 2025

Талабымен танылған талантты…

Талантты адам қай салада, қай істе де алда. Әрекетінде берекет, нәтиже бар. Жастайынан…
Там 14, 2025

Состоялось техническое совещание…

В Астану для участия в I чемпионате мира по қазақ күресі среди военнослужащих,…
Там 14, 2025

Кто представит Казахстан на…

В Астане в легкоатлетическом комплексе Qazaqstan открылся I чемпионат мира по қазақ…
Там 14, 2025

Астанада әскерилер арасында тұңғыш…

Елордада тұңғыш рет әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен CISM Әлем чемпионаты…
Там 14, 2025

Жаңа оқу жылына дайындық:…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет