Ел аумағында жүргізуші куәлігінсіз жүруге рұқсат етілді. Бұдан былай жүргізушілер жеке басын куәландыратын құжаты, сондай-ақ автомобильге техпаспорт болған кезде Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін өзімен бірге алып жүруге міндетті емес. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды. Ағымдағы жылдың 1 ақпанында Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Заңға қол қойды. Аталмыш заң БАҚ беттерінде ертесі күні жарияланғанымен 13 ақпанда, араға екі аптаға жуық уақыт салып өз күшіне енеді.…
Мемлекеттің басты байлығы - адам. Оның өмір сүру деңгейінің сапасын арттыру денсаулығы үшін қолайлы ортаны қорғау, ҚР заңының 31-бабының 1-тармағында баса көрсетілген. Осыған орай, Алматы облысының экология департаменті «2018-2021 жылдарға арналған Алматы облысының экологиялық мәселелерін шешу жөніндегі» жұмыс жоспарын әзірлеген. Аталған бағыттағы шаралар облыс әкім Амандық Ғаббасұлының келісімімен бекітілген. Жетісу өлкесінің көз тартар сұлулығын сақтап қалу үшін, бірқатар экологиялық мәселелер жұмыс жоспарына кіріктірілген. Олар: Алматы облысының елді мекендеріндегі коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу мәселесі, жерді қашықтықтан зондтау (Геопортал) жүйесі арқылы анықталған…
Еліміздегі ірі саяси науқан – мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы мәресіне жетті. Саяси додада «Nur Otan» партиясы айқын басымдықпен алға шығып, қазақстандықтардың сеніміне ие болды. Партияның еркін еліміздің ертеңін жарқын етуге жасаған жоспары ауқымды. Осы жоспарды бір ай бойы аудан жұртшылығы арасында насихаттап, жетекші партияның жеңіске жетуі үшін барын салған азаматтар жақында Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен шараға мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев қатысып,…
2021 жылдың 3 ақпанында «Көктөбе» телемұнарасында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысумен цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне көшіп, аналогтық желіні өшіру рәсімі өтті. Өңірде цифрлық эфирлік телехабар тарату желісін енгізу мемлекеттік жобасы жүзеге асырылды. «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Нұрымжанов қала әкімін «Көктөбе» телемұнарасында Желіні мониторингтеу және бақылау орталығының, аналогтық және цифрлық таратқыштар қондырғыларының жұмысымен таныстырды. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев цифрлық эфирлік телевизияға көшіру жобасының аяқталғанын хабарлады. Қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында цифрландырудың жаңа кезеңінің бастау алуымен аналогтық хабар таратудың тарих…
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2021 ж. 29 қаңтардағы өкімімен Құрманғалиев Қуаныш Жұматаевич аудан әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. 1991 жылы Семей қаласында өмірге келген. Қ.Құрманғалиев 2016 жылы Аумақтық әлеуметтік-инновациялық университетін бітіріп қаржы саласының мамандығын алған. 2014 жылдан 2020 жылға дейін Алматы қаласында Еуразиялық банктің қаржылық консультанты, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкім аппаратының кәсіпкерлікті дамыту және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған. 2020 жылдың қазан айынан Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округі әкім аппаратының жетекші маманы.
Еңбекшіқазақ аудан әкімінің 2021 ж. 29 қаңтардағы өкімімен Сейтқазиев Арнур Тұрсынжанович аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. 1984 жылы Райымбек ауданы Қақпақ ауылында өмірге келген. А.Сейтқазиев 2006 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдап, инженер-механик мамандығын, 2015 жылы заңгер мамандығын алған. Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласының LPG кәсіпорнында механик болып бастаған. А.Сайтқазиев Алматы қаласы Әуезов ауданының абаттандыру бөлімінде жетекші маман қызметін, Наурызбай ауданының коммуналдық-шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарған. 2016 жылдан Алматы қаласы ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының техникалық инспекция бөлімін басқарған. 2017…

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет