Сәрсенбі, 22 Желтоқсан 2021 11:42

Ата-аналар тарту жасады

№1 Азат орта мектебінде өте жақсы үрдіс жолға қойылған. Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын артыру мақсатында кітапханада «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ел» акциясы ерекше сипатта өтеді. Бұған тек мектеп ұжымы ғана емес, ата-аналар да қолдау білдіріп, қолғабыс жасап жатыр.

Мысалы, жақында ғана кітапхана қорына ата-аналар 25 кітап сыйға тартты. Олардың ішінде баланың ой-өрісін дамытып, рухани мол азық болар құнды кітаптармен қатар, оқушыларға оқуға жеңіл ертегілер мен шағын әңгімелер жиынтығы да бар. Кітапханадағы кітаппен ғана шектелмей, сырттан кітап әкеліп, өзара алмасып оқуды да оқушылар әдетке айналдырған. Бұл – мектеп ұжымы мен ата-аналардың екіжақты бірлесе жұмысының нәтижесі екені сөзсіз. Бұдан бөлек, оқыған шығармалары желісімен мектепішілік сахна театрында көрініс қойып, шығармашылық ізденісті де арттырып отыр. Сондай-ақ мектепаралық, аудандық, облыстық түрлі шығармашылық жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүрген оқушыларымыз да баршылық. Әрине, мұндай мықты нәтижелер балалардың кітап оқуға деген жоғары қызығушылығын арттырып, олардың құштарлығын оятуға үлкен үлес қосып отырған мұғалімдер мен ата-аналардың еңбегінің арқасы.«Оқу мәдениеті – өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы»

«Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп Абай атамыз айтпақшы, кітап – рухани жан азығын жеткізуші үлкен күш. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын. Оқу арқылы ғана біз болашақты болжап, келешегімізге кемел жол сала аламыз! Мектеп ұжымы жүзеге асырып жатқан бұл бағдарлама бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырғандықтан,  «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ел» идеясы біздің мақсатымыздың дұрыс бағытын көрсетіп тұр. Оқу түбі – мұратқа жеткізер», – деген ұранмен ешқашан талмай, күш-жігеріміз таусылмай, білімімізді жетілдіріп, мақсатымызды шыңдай түсейік! Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн» дегендей, қазіргі заман-білектінің емес, білімдінің заманы екенін ескерейік.

                                                                                            Дильназ Мухаммедова, 

№1 Азат орта мектебінің

11 сынып оқушысы

Оқылды 885 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…
Қаң 22, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты.…
Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет