Дүйсенбі, 19 Шілде 2021 16:39

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫҢ ҮГІТ НАУҚАНЫ ҚАЛАЙ ӨТУДЕ?

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫҢ ҮГІТ НАУҚАНЫ ҚАЛАЙ ӨТУДЕ? Сурет интернеттен алынды

Алматы облысында ауыл әкімдігіне 242 үміткер сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге кірісті. Үгіт-насихат науқаны 15 шілдеде басталды. Сайлау 25 шілдеде өтеді. Қазіргі уақытта сайлаушылармен кездесулер өтіп жатыр, кездесу барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталған.

Ағымдағы жылғы 14 шілде сағат 18.00 — дегі жағдай бойынша 242 кандидат тіркелді, оның ішінде 85 — і саяси партиялармен ұсынылды, оның ішінде: «NurOtan» партиясынан — 57 кандидат, «Ауыл» ХДПП — 6 кандидат, «Ақ Жол» ҚДП — 1 кандидат, «АDAL» КП — 11 кандидат, НПК — 7 кандидат, ЖСДП-1 кандидат.
157 кандидат өзін-өзі ұсыну арқылы алға шықты.
Әр түрлі себептермен 29 кандидат шығарылды, оның ішінде:
17-талаптарға сәйкес келмеуі бойынша бас тартылды,
12-өз кандидатурасын алып тастау туралы өтініш берді.
Өз өтініші бойынша 1 кандидатты тіркеу тоқтатылды.
Сайлау алдындағы үгіт 14 шілде сағат 18.00-ден кейін басталып, 2021 жылғы 24 шілде сағат 00-де басталады.
Республикалық бюджеттен әрбір кандидатқа үгіттеуге 220000 теңге мөлшерінде (БАҚ-та жариялау, үгіт материалдарын шығару, көлік шығыстары, теледидар мен радиодан сөйлеу, үй-жайларды жалға алу) шығыстар жабылады.
ЖАО үгіт басталғанға дейін үгіт материалдарын (тумбаларды, стендтерді) орналастыруға арналған орындарды өзектендірді.
Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті жүзеге асырылады:
— барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (теледидар, радио, баспа БАҚ, БАҚ интернет басылымдары, әлеуметтік желілер);
— сайлау алдындағы іс-шараларды және кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу арқылы (сайлау алдындағы жария іс-шаралар және кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулері). Сайлау алдындағы жария іс-шаралар:
— сайлау алдындағы жиналыстар және сайлаушылармен кездесулер;
— көпшілік алдындағы дебаттар мен пікірталастар;
-заңнамада белгіленген тәртіппен және конституциялық заңда тыйым салынбаған өзге де сайлау алдындағы іс-шаралар);
— баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы жүзеге асырылады.
Барлық үгіттік баспа материалдарын дайындау кезінде осы материалдарды шығарған ұйым, олардың басылған жері мен таралымы, тапсырыс берген тұлғалар, қандай қаражаттан төленгені туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне Кандидат өзінің болашақ қызметінің сайлау алдындағы бағдарламасымен таныстырады. Сайлау алдындағы бағдарламада республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құру идеялары уағыздалмауға тиіс.
Аталған талаптар бұзылған жағдайда тиісті сайлау комиссиясы кандидатқа партиялық тізімді тіркеуден бас тартуға, ал кандидат тіркелгеннен кейін мұндай сайлау алдындағы бағдарламаны ұсынған жағдайда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға құқылы.

 

«JETISÝ MEDIA» КММ

Оқылды 1055 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 30, 2026

Қаланың дамуы – тұрақты өсім мен…

Әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуы үкіметіміздің бас-ты талаптарының бірі екені…
Қаң 30, 2026

Газет-журнал, кітап қоры – қазақтың…

Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт болайық» дегенде, тек ұран тастап қана қоймай, биліктің ұшар…
Қаң 30, 2026

Әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды…
Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет