Дүйсенбі, 27 Қыркүйек 2021 14:20

Мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылды

Өткен аптада аудандық мәслихатпен бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов бастаған аудандық және облыстық мәслихат депутаттары Малыбай, Бартоғай, Масақ, Асы, Қорам, Қаражота, Шелек, Қаратұрық, Тескенсу, Қазақстан ауылдық округтерін аралады. Сапар барысында округ активімен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен, белсенді азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен санитарлық талаптарды сақтай отырып кездесу өткізілді.

Кездесулер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауындағы 7 негізгі бағдар мен 5 бастама талқыланды. Осы бағыттағы мақсат-міндеттер, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасына сәйкес Еңбекшіқазақ ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру Жол картасының индикаторларының орындалуы жайында сөз қозғалды. Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының VІІ шақырылымының 2021 жылдың 8 айында атқарған жұмыстар көпшіліктің назарына ұсынылды.

Мемлекет басшысының Жолдауы аясында аудан аумағындағы жоспарлы жұмыстардың негізгілеріне тоқталған мәслихат хатшысы Бекет Ахме-тов бірлік пен нәтижелі еңбек дамуға бастайтынын айтты:

– Біздің бағытымыз белгілі, мақсатымыз – айқын. Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз. Нақты жоспар жасап, соны жүзеге асырып жатырмыз. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың VII шақырылым депутаттарының жұмысы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасы аясында дайындалған Еңбекшіқазақ ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарындағы міндеттерге нәтижелі қол жеткізуге негізделіп отыр. Аталған бағдарлама негі-зінде бекітілген Жол картасында 2021 жылы  7 бағыт бойынша 60 іс-шара жоспарланған.

Алты алаштың дарасы Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлт жұмысы үлкен жұмыс. Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға күш керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек!» деген еді, қазіргідей жаңарған заманда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім мен табанды еңбектің нәтижесінде ғана биік белестерден көрінетіні анық. Мемлекетіміздің дамуы мен халқымыздың амандығы – бағытты, жүйелі әрі табанды шараларға және біздің тұрақтылығымыздың тұғыры – бірлігімізге байланысты – деді Бекет Төлегенұлы.

Сонымен қатар, қатысушылардың тарапынан білім және денсаулық сақтау салаларындағы көрсетілетін қызметтің сапасы, материалдық-техникалық базасын нығайту, мамандар тапшылығы, бейімделген және ескірген, күрделі жөндеуді қажет ететін мектептердің, денсаулық сақтау нысандарының жағдайы, балалардың қауіпсіздігі, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жайылымдық жерлер, сапалы жол құрылысы, Асы жайлауының экологиялық жағдайы және оны сақтап қалу, ветеринария қызметінің сапасын арттыру,ауыл шаруашылығы саласында ішкі ирригациялық желілерді жөндеуден өткізу, көгілдір отынмен қамтамасыз ету сияқты мәселелер көтеріліп, сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Депутаттар тарапынан заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді және барлық өзекті мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта тұрақты жұмыс тобымен білім беру, денсаулық сақтау нысандарының жағдайына және 2021 жылы іске асырылып жатқан жол жөндеу, құрылыс жұмыстары мен өзге де тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша талдау жасалынып, тиісті құзырлы органға депутаттық сауалдар жолданып, есептері күн тәртібінде қарастырылатыны айтылды.

 

С.НҰРАДИН.

Оқылды 1328 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…
Қаң 22, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты.…
Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет