Бейсенбі, 17 Ақпан 2022 09:45

Есептер тыңдалып, ескертулер айтылды

Өткен аптада аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың кезекті ХVІI сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов төрағалық етті. Күн тәртібінде 6 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша, аудан әкімінің ұсынысымен «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы» атағын беру қарастырылды. Кейіннен өзіне бекітілген салалар бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін үйлестіру, туындаған өзекті мәселелерді шешу бағытында 2021 жылы атқарылған жұмыстар мен 2022 жылға жоспарланған міндеттер туралы аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев баяндама жасады. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы, жол картасының орындалуы туралы аудандық мәслихаттың жанындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Қуат Байғоджаев баяндады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында аудан тұрғындарын сапалы, қолжетімді медициналық қыз-метпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, кадрлық қамсыздандыру, денсаулық сақтау нысандарындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша 2021 жылы атқарылған жұмыстар, 2022 жылға арналған жоспарлар туралы Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасы директорының орынбасары Гүлмира Отынбекованың баяндамасы талқыланып, сессия барысында мәслихат депутаттары тарапынан ұсыныстар мен ескертулер айтылып, сауалдар қойылды.

Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт, денсаулық сақтау, азаматтық қоғам институттары, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар-мен жұмыс, жастар саясаты салаларындағы мемлекеттік бағдарламалардың сапалы іске асырылуын күшейту, әлеуметтік-экономикалық, саяси-иделогиялық, рухани бағыттардағы жұмыстарға маңызды мән бере отырып, ауданымыздағы түйіні көп түйіткілді, өткір мәселелер, оның ішінде үш ауысымдық мектептер санының өсуі, мәдениет үйлерінің жағдайы, ворк-аут спорт алаңдары мен шағын ойын алаңдарының сапасы жөнінде айтылды. Осы орайда аталған мәселелерді тұрғындармен, қоғамдық кеңеспен және жергілікті қауымдастық мүшелерімен бірлесе көтеріп, нәтижелі шешуге бағытталған шараларды жандандыру ұсынылды.

Депутаттар ауданымыз Алматы облысы бойынша аумағы мен халық саны жағынан ең үлкен өңірлердің бірі болып табылатындығын айта келе, денсаулық сақтау нысандары мен материалдық-техникалық базасы ескіргендігін атап өтті. Кадр мәселесі мен оларға жағдай жасаудың өзектілігі жайында сөз қозғады. Себебі халыққа сапалы қызмет көрсету үшін  білікті мамандар ауадай қажет. Ал ауданымызда дәрігерлер тапшылығы сезілуде. Әсіресе ауыл-аймақ тұрғындары ақ халатты маманға зәру.  Денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығынан бастап ауылдық елді мекендердегі нысандардың жағдайына дейін талдау жасаған депутаттар нақты мәселелердің шешімін табу үшін қосымша депутаттық сауал жолдау туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының «Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 23 ақпандағы № 24-9 шешіміне өзгеріс енгізіліп, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың «Еңбекшіқазақ ауданының 2021-2025 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасын бекіту туралы» 2021 жылғы 12 ақпандағы №VII-2-9 шешімі жойылды деп танылды.

Сессия соңында отырыстың күн тәртібі бойынша қарастырылған мәселелер назарға алынғанымен, депутаттар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертулер аясында жауапты мекемелердің атқарылған жұмыстары бойынша есептерін мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қайта қарау туралы шешім қабылданды.      

    Өз тілшіміз

Оқылды 768 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет