Бейсенбі, 26 Мамыр 2022 14:19

Жаңғырудың жаңа кезеңі басталады

Аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуат Байғоджаев «Еңбекшіқазақ» газетінің ұжымымен кездесу өткізіп, маңызды саяси науқан – референдум бойынша ой бөлісті.

Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік трансформациялау рөлі өте жоғары. Жүздесуде Қуат Байғоджаев газет ұжымының ұзақ жылдардан бері мемлекеттің саяси бастамаларына ақпараттық қолдау көрсетіп келе жатқандығына алғыс айтып, сөз тізгінін мәслихат хатшысы Бекет Төлегенұлына берді. Өз кезегінде Бекет Ахметов конституциялық Референдумның мәні мен маңызына тоқталды. Бұл саяси қадамның ел дамуына тыңнан серпін бертіндігін тілге тиек етті.

– Мемлекет басшысының Парламенттің рөлін күшейту және суперпрезиденттік басқару формасынан бас тарту туралы ұсынысы ерекше назар мен мақұлдауға лайық. Президенттің шамадан тыс өкілеттіктерінен бас тарту шын мәнінде елдегі саяси жаңғыртудың қайтымсыздығын қамтамасыз ететін маңызды фактор болатынына Президентпен келісу керек, өйткені ұсынылған бастамалар кейбір құзіретті түбегейлі өзгертеді және қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландырудың берік іргетасын қалыптастырады, – деді мәслихат хатшысы. 

Кездесуде газеттің бас редекторы Хайролла Ахметжанов саяси өзгерістің салмағын сөз етіп, Ата Заңға енетін өзгерістер мен толықтыруларда мемлекет құраушы ұлттың құқықтық мәртебесін айқындау жайлы ұсынысын жеткізді. Ұжым мүшелері референдумның маңыздылығын, Жаңа Қазақстан құру жолында жасалып жатқан іс-шараларды нақты қолдайтынын айтты.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 873 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет