Дүйсенбі, 13 Наурыз 2023 16:15

№8 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ҚОНАЕВ ҚАДЫРБЕК ТАЛҒАТҰЛЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен, Қонаев Қадырбек Талғатұлы 1989 жылы 23 ақпанда Райымбек ауданы Нарынқол ауылында дүниеге келдім. 2011 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін тамамдап, электроэнергетик мамандығын алдым. Еңбек жолымды 2011 жылы «АЛЭС» АҚ-да электрослесарь болып бастадым. Қазіргі уақытта «АЖК» АҚ-да Балтабай желілік учаскесінің местерімін.

 

Құрметті сайлаушылар!

Қазіргі әлемдік-экономикалық, валюталық, геосаяси дағдарыс, әлемдік экстремизімнің өршуі – елімізді сақтауға, егемендігімізді нығайтуға, ұлтымыздың болашаққа барар жолын батыл айқындауға шақырады. Әртүрлі сын-қатерден бұқпай, білімділігімізбен, іскерлігімізбен, татулығымызбен қарсы тұруымыз қажет. Бұл мақсатта дамуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асырып, экономикалық өсімге қол жеткізу, дамыған 30 елдің қатарына кіру бағдарламаларын іске асыру жолында барлық мүмкіндіктерді жұмылдыра отырып, ауданымыздың экономикасының ғана емес, мәдениет пен әлеуметтік саланың қарыштап дамуына тың серпін беруіне өз үлесімді қосамын. Барлық мүмкіншілігім мен білімімді ескере отырып, еліме қызмет көрсету үшін аудандық мәслихаттың депутаттығына сайлануға кандидатурамды ұсынып отырмын.                                                                                                             

Өңірімізді дамытуға бағытталған экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын бақылау, жұмыспен қамту бағдарламасы аясында жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жұмыссыздардан кәсіптік-техникалық мамандар даярлауды ұйымдастыруға, қылмыспен күрестің тиімділігін арттыруға, әлеуметтік маңызы бар нысандардың материалдық-техникалық базасын жақсарту арқылы жастардың сапалы білім алуына жағдай жасау, патриоттық рухта тәрбиеленуіне, саламатты өмір салтын ұстануына ықпал етемін.

Жоғарыда айтылған бағдарлама негізінде аудан тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсартуға аянбай бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын.

 

Құрметті жерлестер!

Менің сайлауалды бағдарламам ауылдық округ тұрғындарын толғандыратын келесі мәселелерді жүзеге асыруды қамтиды:

– «Бизнестің жол картасы–2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және олардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ экономикасының белсенді дамуына ықпал ету;

– шаруа субъектілерінің өнімдерін шығару мен қайта өңдеуін арттыруға мүмкіндік беретін инвестициялық жобаларды іске асыру;

– шағын және орта бизнесті дамыту бойынша көмек көрсету, халыққа қажетті қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлерді қолдауды қамтамасыз ету;

– жұмысқа орналасу деңгейін арттыруға ықпал ету, жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздарды қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар тәжірибесі бойынша орындарға жіберу, жастардың бос уақытын ұйымдастыру және мүгедектер мен еңбек ардагерлеріне қамқорлық жасау;

– ауылдық округтің экономикалық әлеуетін белсенді дамытуға жағдай жасау, тұрғындардың әл-ауқаты арттыру мен олардың жұмыспен қамтылуы үшін қолайлы жағдайларды жасау;

– көшелерді жарықтандыруды дамыту, ауылішілік жолдарды жөндеу бойынша жұмыстарды жалғастыру;

– ауыл аумағын кешенді абаттандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

– ауылды заңсыз қоқыс тастайтын жерлерден санитарлық тазалау, тұрғын үйлердің айналасын абаттандыру;

– жас мамандардың ауылға келуіне жағдай жасау, түрлі мемлекеттік бағдарламалардың кедергісіз іске асуына ықпал ету;

– Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындайтын ұстаздардың және өзге де жас мамандардың біліктілігін арттыруға кеңінен жол ашу;

– аз қамтылған отбасы балаларына, жетім, жартылай жетім оқушылардың алаңсыз білім алуына демеушілік ұйымдастыру арқылы жағдай жасауға;

– білім ошақтарының материалдық-техникалық базасын заманға сай жабдықтауға, қажет ететін мектептерді күрделі, ағымдағы жөндеуден өткізуге;

– білім саласындағы мемлекеттік саясаттың оңды жүзеге асуын бақылауға;

– мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуына оң жағдай туғызуға;

– білім саласында туындаған түрлі мәселелердің шешілуіне барынша күш-жігерімді жұмсаймын.

Жергілікті биліктің негізгі басымдығы – адам, оның әл-ауқаты, өзін-өзі жүзеге асыруы, отбасы, денсаулығы, балалары, құқықтары мен бас бостандығының сақталуы болуы тиіс.

Мен ауданымыздың мықты және перспективті болашағы үшін алдыма қойған мақсаттарды орындауда барлық күшім мен білімімді жұмсаймын. Мен тәуелсіз, мықты және көркейген Қазақстанды кемелдендіру бойынша барлығымыз үшін ортақ болып келетін іске өз үлесімді қосуға дайынмын.

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 171 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 20, 2023

Айлардың ең қайырлысы

Әлем мұсылмандарының сағына күтетін, айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының…
Нау 20, 2023

Традиции Наурыза в Казахстане

Готовятся к Наурызу заранее: наводят порядок в доме и в хозяйстве, расчищают арыки и…
Нау 20, 2023

Праздник света и добра

В первый месяц весны в стране полным ходом началось переформатирование структур…
Нау 20, 2023

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР: Қазыналы құндылықтар…

Қазақ халқы салт-дәстүр, ырым-тыйымдардан бөлек ұлттық ойындарға да бай екені белгілі.…
Нау 20, 2023

Көркем әдебиетіміздегі көктем жаршысы

Тіршілікке жан бітірген жазғытұрыммен жағаласа келген кішкентай құсқа – Наурызек деп ат…
Нау 16, 2023

Азаматтарды қолдау жүйелі жүзеге…

Кез келген мемлекетте әлеуметтік саланы дамыту, әсіресе, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру,…
Нау 14, 2023

№10 сайлау округі бойынша…

Мен, Нуреббаева Асия Мухаметқалиқызы 1991 жылы 18 қаңтарда Алматы облысы Еңбекшіқазақ…
Нау 14, 2023

№13 сайлау округі бойынша…

Мен, Әміров Саян Мүбәрәкұлы, 1972 жылы 20 маусымда Алматы облысы, Шелек ауданында дүниеге…
Нау 14, 2023

№19 сайлау округі бойынша…

Мен, Алсеитов Айдар Асаубайұлы, 1981 жылы 11 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Күнтiзбе

« Наурыз 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет