Соңғы жылдары еліміздің әлеуметтік-саяси өмірінде түбегейлі өзгерістер болып, халықтың азаматтық белсенділігінің өсуі байқалады. Бұл өзгеріс үкіметтік емес ұйымдардың тармақталған жүйесін құру және нығайту еліміздің азаматтық қоғамды қалыптастырудағы тетіктердің біріне айналғандығын әйгілейді. Бүгінде үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық қатынастардың өзіндік бір реттегіші саналады. Еңбекшіқазақ ауданында облыс әкімдігі, облыстық ішкі саясат басқармасы, Қазақстанның Азаматтық Альянсы мен облыстық Азаматтық Альянсы және «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық «Ауылдық аумақтарды дамытудағы мемлекет пен ҮЕҰ серіктестігі» тақырыбында өңірлік азаматтық форум өтті.
Форум жұмысына ҚР Парламенті Сенатының де-путаты – Жанна Асанова, ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері Комитеті төрағасының орынбасары Гүлбара Сұлта-нова, Қазақстан Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бота Елеусізова, облысқа қарасты аудандардағы ҮЕҰ мү-шелері мен өзге облыстардан келген делегациялар қатысты. Ең әуелі форум қонақтары Шелек ауылындағы жергілікті қоғамдастықтар қорының Агробизнес орталығының қыз-метімен танысты. «Еңбекші-қазақ ауданы жергілікті қауым-дастықтар қоры» ҚҚ (ЖҚҚ) «Филип Моррис Қазақстан» (ФМҚ) ЖШС-нің қолдауымен «Ауылдық аймақтарды дамыту» жобасын 2013 жылдан бастап жүзеге асыруда үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келе-ді. Ауыл тұрғындарына көк-өністерді өсірудің заманауи әдістерімен қатар маркетинг, логистика және сату негіздерін оқыту есебінен еңбектерін бизнес ретінде қарастыруды, шаруа қожалықтарын тиімді басқаруды үйретті. Бес мың-дай ауыл тұрғындарын бағдарлама шеңберінде ар-найы ашылған Шелек ауы-лындағы Агробизнес орта-лығында оқытты. Өз ша-руашылықтарында ресурстарды тиімді пайдалануға бағыт-талған үздік практикаларды көрсету арқылы 25 озық агротехникалар енгізілді. Ең-бекшіқазақ ауданының ЖҚҚ-ның директоры Бақытгүл Ел-шібаева серіктес ФМҚ компа-ниясының арқасында фер-мерлерге қолдау көрсетіліп, қолбайлау болып жүрген проблемаларды оңтайлы шешіп, жетістіктерге жеткізіп жүргенін тілге тиек етті.
Осындай ауқымды істердің арқасында ауыл фермерлері жылыжайларды тамшылатып суару, талапқа сай баптап өсіру сияқты заманауи тірлік етудің арқасында «егістіктен сөреге дейін», яғни өндірген өнімдерін тұтынушыға бір-ден жеткізу деңгейіне қол жеткізген. Жоба жүзеге асы-рылып жатқан жылдар ішін-де жылыжайлардағы көкөніс дақылдарын өңдеу алаңы 25 есеге артып, олар дел-далдарсыз тікелей сауда орындарына өткізіледі. Осындай ұтымды іскерліктің нәтижесі сол – фермерлер табысы орта есеппен 30% пайызға артқан. Аталған аза-маттық форумда «Еңбекші-қазақ ауданы жергілікті қауым-дастықтар қорының» жетіс-тіктері ауылдық аумақтарды дамытудың жарқын үлгісі ретінде көрсетілді.
Түстен кейін форумның ресми бөлімі Түрген ауылын-дағы «Statson Rancho» кеше-нінде жалғасын тапты. Форум аясында қатысушыларға облыстағы ҮЕҰ-ның үздік әлеуметтік жобаларының көрме-таныстырылымы ұсы-нылып, өңірдегі ұйымдар жұмысы туралы деректі фильм көрсетілді. Онда әр-бір ұйымның жеткен жетіс-тігі көрініс тапқан. Онан соң, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бота Елеусізова сөз алып, Алатау бөктеріне жиналған азаматтық қоғамға үн қосып жүрген белсенді азаматтарға облыс әкімі Марат Сұлтанға-зиевтің жалынды сәлемін жеткізді.
– Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттің тікелей көмекшісі. Бүгін азаматтық қоғамды да-мыту, үкіметтік емес ұйымдар-дың жұмысын оңтайландыру үшін бас қосып отырмыз.Мұнда өңір дамуына өзіндік үлес қосқан үкіметтік емес ұйымдардың жемісті еңбегі көпке таныстырылды. Бұл қадам өңірлердің өзара тәжі-рибе алмасып, мүмкіндіктерді барынша пайдалануға жол ашады, – деді Бота Серікқызы. Өз кезегінде басқарма басшы-сы үкіметтік емес ұйымдарға арналған бағдарламаларды да назардан тыс қалдыр-мады. Айталық, 2023 жылғы 1 тоқсандағы жағдай бойын-ша әйелдер арасындағы жұмыс-сыздық деңгейі 6,1 пайызға құраған. Осыған байланысты Алматы облы-сының аудандарында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша оқыту семинарларын ұйымдас-тыра басталған. Сонымен қо-са, үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар берілген.
Мұнан кейін сөз тізгінін қолға алған ҚР АҚДМ Азамат-тық қоғам істері Комитеті төр-ағасының орынбасары Гүл-бара Сұлтанова азаматтық форумдардың ел өміріндегі маңыздылғына тоқталды. – Биыл елімізде азаматтық форумдардың өткізіліп келе жатқанына 20 жыл толды. Бүгінде азаматтық форумдар қоғам өміріндегі түрлі әлеуметтік мәселелер бойынша халықтың пікірін білдіретін, диалог пен ынтымақтастықтың жалпы ұлттық алаңына айналды. Бү-гінгі өңірілік форум ауылдық аумақтарды дамытуда мем-лекет пен үкіметтік емес ұйымдар серіктестігі сынды маңызды тақырыпқа арналып отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше Жол-дауында ауылдық өңірлердің дамуына айырықша назар аударған болатын. Ауылдық жерлерді өркендету үшін жергілікті үкіметтік емес ұйым-дардың белсенді жұмыс ісетуі маңызды. Бұл бағытта түрлі заңнамалар әзірленіп, ҮЕҰ ұйымдарды қаржыландыру тетіктеріне жүйелі өзгерістер енгізілді. Ақпарат және қоғам-дық даму министрлігі өз та-рапынан ауылдық жердегі үкіметтік емес ұйымдардың бастамаларын қолдауға көңіл бөліп келеді, – дейді Гүлбара Сұлтанова.
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі қоғамның әртүрлі саласын қамтиды. Атап айтар болсақ, олар экология саласын зерттеп, өз ұсыныстарын айтуы мүмкін. Оларды гендерлік мәселелер де сырт қалдыр-майды. Адам құқығын қорғау мен халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобын қорғау секілді шаралармен айналысуы ықтимал. Жалпы үкіметтік емес ұйымдар айна-лысатын салалары өте көп. – Біздің ұсынысымыз ақпа-рат және қоғамдық даму ми-нистрлігі тарапынан, басқа да мемлекеттік органдар, со-ның ішінде бірқатар өңірлер тарапынан да назардан тыс қалмағанын көріп отырмыз. Олар белсенді түрде қолда-нылады. Алайда, шешілмеген мәселелер де бар. Осы орайда өзекті проблемаларды айту және оларды шешу жолдарын іздестіру үшін дәл осы азамат-тық форумдар тиімді алаң болып қала беруі тиіс. Осы мәселелердің барлығын алда-ғы ХІ Азаматтық форумда көте-ру маңызды, оған көптеген мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен ҮЕҰ көшбасшылары қатысатын бо-лады, – дейді Қазақстан Аза-маттық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева.
Форумда сөз алған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанна Асанова Мемле-кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық пен атқарушы биліктің ортақ мүдде орайын-да ықпалдасуының, қоғам-дағы белсенділігі жоғары адамдардың заң шеңберінде бірлескен іс-қимылының ма-ңызылығы жайындағы бас-тамаларын сөз етті. Сенат депутаты азаматтық қоғам-ның белсенді болуы адам капиталын, әлеуметтік-эконо-микалық дамудың, демокра-тиялық құндылықтардың ел игілігіне айналуының негізгі алғышарттарының бірі екен-дігін атап өтті.
Аталған азаматтық фо-румда өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдарда елеулі еңбек еткен белсенділер өз тәжі-рибесімен бөлісті. Солардың қатарында Іле аудандық мәс-лихатының төрағасы Роза Абилова да бар. Оның сөзінше, мұндай форумдар жергілікті үкіметтік емес құрылымдар-дың өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз әсерін тигізуге ықпал етеді.
– Мемлекет басшысы әр сөзінде азаматтық қоғамға қолдау көрсетеу керектігін жиі айтып келді. Әрине, азаматтық қоғамдық институт-тарды жетілдіруде осындай форумдардың маңызы зор. Біз біріксек жасыл бақты жайқалта аламыз. Өйткені үкіметтік емес ұйымдарға да халық зор сеніммен қарайды. Сондықтан, бұл ұйымдарды елдің әлеуеттін арттыруға пайдаланумыз керек, – деді Р.Абилова.
Кезекті отырыстың негізгі өзегі ауылдық аумақтарды дамытудағы мемлекет пен ҮЕҰ серіктестігі болды. Мінбеде сөз берілген әлеуметтік кәсіп-кер Эмин Аскеров, Еңбек-шіқазақ ауданының ЖҚҚ-ның директоры Бақытгүл Елшібаева, ауылдық жерде әлеуметтік кәсіпкерлікпен ай-налысу, ауылдық аумақтарды нығайтуда әйелдердің мүмкін-діктерін кеңейту сынды тақы-рыптарда жаңашылдықтар-мен, тәжірибелерімен, жос-парларымен бөлісті. Шара соңында форумға қатысушы-лардың үндеуі қабылданды. Сонымен қоса, азаматтық қоғамның дамуына үлес қос-қан үздіктерге «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» сертификаты табысталды. Сондай-ақ Жамбыл аудандық кәсіпкер жергілікті мүгедектер қоғамдық бірілестігіне жер телімін сыйлады.
Қатысушылар азаматтық форум аясында үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдарды біріктіру «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құрудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Аталмыш форумдар елімізде азаматтық қоғамның нық дамуына әсер ететіні анық.
Е.АСЫЛ.