Жұма, 18 Тамыз 2023 09:44

Сапалы мектеп, саналы білім — жарқын келешек кепілі

Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, облыстық мәслихат төрағасы Талғат Байеділов ауданымызға арнайы келіп, ұстаздар қауымымен жүздесті. Салынып жатқан білім ошақтарын аралап, құрылыс барысымен танысты.

 

 

Саяжай маңындағы Рахат №1 орта мектептің ұстаздарымен жүздескен Жанарбек Әшімжан, Талғат Байеділов, облыстық мәслихат депутаты Ерік Абитов, «АМАNАТ» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бағдат Рахи-мов, аудан әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаев ұлағат иелерімен еркін форматта тілдесті.

Кезекпен сауалдарын жолдаған мұғалімдер бірінші кезекте саяжайға ауыл мәртебесін беріп, инфрақұрылым жүргізу мәселесін көтерді. Жанарбек Садықанұлының айтуынша, бұл мәсе-ле Республика көлемінде көтеріліп, Мәжілісте қаралуда.

– Жасыратыны жоқ, бүгінде елді мекен маңындағы саяжай тұрғын-дарының саны күн санап артып келеді. Қаладан баспана алуға шамасы жетпеген азаматтар саяжайларға қоныстануда. Сондықтан саяжай мәселесін шешуге барымызды сала-мыз. Тұрғындарға жағдай жасалатын болады, – дейді мәжілісмен.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Нұрланұлының айтуын-ша, балаларды тасымалдап оқытуға да осы саяжай мәртебесі кедергі келтіретін көрінеді. Себебі, заңда мектеп жоқ елді мекендерден балаларды тасымалдауға қаржы бөлінеді. Ал заң жүзінде саяжайларда елді мекен мәртебесі жоқ. Соған қарамастан білім бөлімі заңды белшесінен басып, саяжай балаларын білім ошақтарына тасымалдайды. Сол үшін заң қадағалушы органдар білім бөліміне айыппұл да салған.

Саяжайлықтардың мәселесіне құ-лақ асқан мәжілісмен бұл түйінді түйіткілді оңтайлы шешу жолдары қаралып жатқанын жеткізді.

Ұстаздармен еркін отырып тілдес-кен Жанарбек Садықанұлы саяжай-дағы 900 орындық мектептің құры-лысымен танысты. Мердігер мекеме «BAZIS CONSTRUCTION» ЖШС, тапсырыс беруші Болат Өтемұратов атындағы қор. Жалпы сомасы 7 млрд теңге болатын білім ошағы заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Осылай деген мердігер мекеменің өкілдері 2024 жылы жаңа оқу жылында құрылысты аяқтайтынын жеткізді.

Бүгінде №1 Рахат орта мектебіне оқушылар сыймай әлек. Оның үстіне 1500-ге жуық саяжайлық балалар Есік қаласына тасымалданады. Аталған мектеп пайдалануға берілсе, бірнеше мәселе оң шешімін таппақ.

Қазіргі таңда саяжай маңында заман талабына сай тағы бір білім ошағы бой көтеруде. Жалпы құны 5 млрд теңге болатын 1475 оқушыға арналған орта мектеп құрылысы жүргізілуде. Жеке инвестордың қар-жысына салынып жатқан мектеп ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспар-лануда. Құрылыс барысымен танысқан Жанарбек Әшімжан, Талғат Байеділов мердігер мекеме «Kapital construction» ЖШС-нің өкілдеріне құрылыс сапа-сына баса назар аударуды тапсыр-ды. Өз кезегінде мердігер құрылыс барысында туындап жатқан қиын-дықтарды да айтып өтті. Сөзіне сүй-енсек, ғимаратқа ауызсу, көгілдір отын тарту мен кәріз жүйесіне қосылу қиындық тудыруда. Су мен газды Есік қаласының төменгі жағынан алу керек. Аталған жұмыстарға қосымша 280 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалады.

Сапар соңында мәжілісмен Есік қаласындағы 1500 орындық мектепке арнайы ат басын бұрды. Бүгінгі таңда оқу ордасының құрылыс жұмыстары аяқталған. Мердігер мекеме «BI Global» ЖШС-нің өкілдері жаңа оқу жылында пайдалануға берілетінін айтты. Ғимаратты аралап, асхана, спорт залы мен басқа да пәндерге арналған кабинеттерді аралаған Жанарбек Садықанұлы құрылыс сапасына дән риза болды. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген мектепте балалардың сапа-лы білім алуына барлық жағдай жасалған. Кең дәліз, жайлы асхана, жабдықталған кабинеттер, заманауи спортзал – барлығы балалар үшін жасалған. Білім бөлімі басшысының айтуынша, мектеп пайдалануға берілсе, Есік қаласындағы 3 ауысымда білім беретін мектептердің мәселесі толығымен шешіледі.

Алматы облысы құрылыс басқар-масының тапсырысымен салынып жатқан білім ордасының құрылысына 5 млрд 700 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Жаңа оқу жылы қарсаңында салы-нып жатқан мектептердің құрылыс барысымен танысқан мәжілісмен жергілікті әкімдікке аталған нысандардың және «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектептер-дің құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Себебі, сапалы мектеп, саналы білім – жарқын келе-шектің кепілі.

 

С.НҰРАДИН.

 

Оқылды 721 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 19, 2024

Итоги года: Ключевые достижения и…

Энергетический сектор Казахстана является одной из ключевых отраслей экономики. В…
Желт 19, 2024

Жыл қорытындысы: Еліміздің…

Еліміздің энергетикалық секторы экономиканың негізгі салаларының бірі саналады. Орнықты…
Желт 19, 2024

О мерах по либерализации экономики

12 ноября 2024 года, во исполнение Указа Главы государства от 8 мая 2024 года № 542 «О…
Желт 19, 2024

Экономиканы ырықтандыру жөніндегі…

Мемлекет басшысының «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» 2024 жылғы 8…
Желт 19, 2024

Алматы облысы Әділет департаменті…

Жыл бойы тұрғындардан 6502 өтініш түсіп, олардың әрқайсысына толық әрі қанағаттанарлық…
Желт 18, 2024

Еңбекшіқазақ ауданында «AMANAT»…

Аудандық партия филиалының төрағасы Б.Б.Рахимов арнайы брифинг өткізіп, атқарылған…
Желт 13, 2024

Алматы облысында балық шаруашылығын…

Өңірде балық шаруашылығы саласын дамыту қарқын алуда. Балқаш-Алакөл бассейндік балық…
Желт 13, 2024

Алматы облысында жүк көліктерінің…

Жолдың жағдайын ретке келтіру мемлекеттік саясаттық басым бағыттарының бірі. Бүгінгі…
Желт 13, 2024

«Алматы облысы өнеркәсіп, сауда және…

«Алматы облысы өнеркәсіп, сауда және экспортта рекордтық өсім көрсетті» Астанада Орталық…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет