Сейсенбі, 15 Тамыз 2023 16:53

Сапалы мектеп, саналы білім – жарқын келешек кепілі

Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, облыстық мәслихат төрағасы Талғат Байеділов ауданымызға арнайы келіп, ұстаздар қауымымен жүздесті. Салынып жатқан білім ошақтарын аралап, құрылыс барысымен танысты.

 

Саяжай маңындағы Рахат №1 орта мектептің ұстаздарымен жүздескен Жанарбек Әшімжан, Талғат Байеділов, «АМАNАТ» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бағдат Рахимов, аудан әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаев ұлағат иелерімен еркін форматта тілдесті.

Кезекпен сауалдарын жолдаған мұғалімдер бірінші кезекте саяжайға ауыл мәртебесін беріп, инфрақұрылым жүргізу мәселесін көтерді. Жанарбек Садықанұлының айтуынша, бұл мәселе Республика көлемінде көтеріліп, Мәжілісте қаралуда.

– Жасыратыны жоқ, бүгінде елді мекен маңындағы саяжай тұрғындарының саны күн санап артып келеді. Қаладан баспана алуға шамасы жетпеген азаматтар саяжайларға қоныстануда. Сондықтан саяжай мәселесін шешуге барымызды саламыз. Тұрғындарға жағдай жасалатын болады – дейді мәжілісмен.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Нұрланұлының айтуынша, балаларды тасымалдап оқытуға да осы саяжай мәртебесі кедергі келтіретін көрінеді. Себебі, заңда мектеп жоқ елді мекендерден балаларды тасымалдауға қаржы бөлінеді. Ал заң жүзінде саяжайларда елді мекен мәртебесі жоқ. Соған қарамастан білім бөлімі заңды белшесінен басып, саяжай балаларын білім ошақтарына тасымалдайды. Сол үшін заң қадағалушы органдар білім бөліміне айыппұл да салған.

Саяжайлықтардың мәселесіне құлақ асқан мәжілісмен бұл түйінді түйіткілді оңтайлы шешу жолдары қаралып жатқанын жеткізді.

Ұстаздармен еркін отыып тілдескен Жанарбек Садықанұлы саяжайдағы 900 орындық мектептің құрылысымен танысты. Мердігер мекеме «BAZIS CONSTRUCTION» ЖШС, тапсырыс беруші Болар Өтемұратов атындағы қор. Жалпы сомасы 7 млрд теңге болатын білім ошағы заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Осылай деген мердігер мекеменің өкілдері 2024 жылы жаңа оқу жылында құрылысты аяқтайтынын жеткізді.

Бүгінде №1 Рахат орта мектебіне оқушылар сыймай әлек. Оның үстіне 1500-ге жуық саяжайлық балалар Есік қаласына тасымалданады. Аталған мектеп пайдалануға берілсе, бірнеше мәселе оң шешімін таппақ.

Қазіргі таңда саяжай маңында заман талабына сай тағы бір білім ошағы бой көтеруде. Жалпы құны 5 млрд теңге болатын 1475 оқушыға арналған орта мектеп құрылысы жүргізілуде. Жеке инвестордың қаржысына салынып жатқан мектеп ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Құрылыс барысымен танысқан Жанарбек Әшімжан, Талғат Байеділов мердігер мекеме «Kapital construction» ЖШС-нің өкілдеріне құрылыс сапасына баса назар аударуды тапсырды. Өз кезегінде мердігер құрылыс барысында туындап жатқан қиыншыларды да айтып өтті. Сөзіне сүйенсек, ғимаратқа ауызсу, көгілдір отын тарту мен кәріз жүйесіне қосылу қиындық тудыруда. Су мен газды Есік қаласының төменгі жағынан алу керек. Аталған жұмыстарға қосымша 280 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалады.

Сапар соңында мәжілісмен Есік қаласындағы 1500 орындық мектепке арнайы ат басын бұрды. Бүгінгі таңда оқу ордасының құрылыс жұмыстары аяқталған. Мердігер мекеме «BI Global» ЖШС-нің өкілдері жаңа оқу жылында пайдалануға берілетінін айтты. Ғимаратты аралап, асхана, спорт залы мен басқа да пәндерге арналған кабинеттерді аралаған Жанарбек Садықанұлы құрылыс сапасына дән риза болды. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген мектепте балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Кең дәліз, жайлы асхана, жабдықталған кабинеттер, заманауи спортзал – барлығы балалар үшін жасалған. Білім бөлімі басшысының айтуынша, мектеп пайдалануға берілсе, Есік қаласындағы 3 ауысымда білім беретін мектептердің мәселесі толығымен шешіледі.

Алматы облысы құрылыс басқармасының тапсырысымен салынып жатқан білім ордасының құрылысына 5 млрд 700 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Жаңа оқу жылы қарсаңында салынып жатқан мектептердің құрылыс барысымен танысқан мәжілісмен жергілікті әкімдікке аталған нысандардың және «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектептердің құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Себебі, сапалы мектеп, саналы білім – жарқын келешектің кепілі.  

С.НҰРАДИН.

Оқылды 659 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…
Қар 24, 2025

Терінің жұқпалы саңырауқұлақ аурулары

Терінің саңырауқұлақ аурулары – теріні, тырнақты және шашты зақымдайтын саңырауқұлақтан…
Қар 24, 2025

Мемлекеттік бақылау және қадағалау…

Мемлекеттік бақылау және қадағалау — қоғамдағы қауіпсіздік, сапа, құқықтық тәртіп және…
Қар 20, 2025

Тұрақтылықтың стратегиялық бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының…
Қар 19, 2025

Халықтың…

Қазіргі таңда халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету…
Қар 19, 2025

Электронды темекінің жасөспірімдер…

Электрондық темекі (вейп) қазіргі уақытта, әсіресе жасөспірімдер арасында үлкен…
Қар 19, 2025

Консервіленген өнімдерді қолданудағы…

Үй жағдайында дайындалған консервілер әсіресе саңырауқұлақ, көкөністер, сирек жағдайда…
Қар 19, 2025

Гендік модифицирленген өнімдердің…

Гендік модифицирленген өнімдер (әрі қарай - ГМӨ) – биотехнология әдістері арқылы геномына…
Қар 13, 2025

Қазақстан Республикасы …

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет