Мен Дауткулов Айдарбек Аянбекұлы, 1974 жылы 19 желтоқсанда Алматы облысы, бұрынғы Шелек ауданы, Октябрь ауылында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. 1982 жылы Абай орта мектебіне барып, 1992 жылы аяқтадым. 1992 жылы Алматы коммерциялық техникумына түсіп, 1994 жылы Іс-әрекеті мамандығын бітіріп шықты. 1995 жылдан бастап 2002 жылға дейін «АЯН» ЖШС басшысының орынбасары болып жұмыс істедім. 2002 жылдың қазан айынан бастап 2012 жылға дейін «Филипп Моррис» Қазақстан АҚ компаниясында агроном болып жұмыс істедім. 2012 жылдан бастап, 2022 жылға дейін «Аян» ЖШС-нің басшысы болып жұмыс атқардым. 2016 жылдан бастап, 2021 жылға дейін аудандық маслихаттың депутаты болдым. 2018 жылы Алматы университетіне түсіп, 2020 жылы Мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика және бизнес мамандығы бойынша аяқтадым. 20.10.2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін аудан әкімінің кеңесшісі болып қызмет атқарамын.
Шелек ауылдық округі халқының тұрмыс-тіршілігімен қатар, ауылдық округтің өзекті мәселерімен жақсы таныспын. Алдағы уақытта ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып, округіміздің күрделі мәселелерін шешуге жұмыс жасаймын.
Отбасылық жағдайым: Үйленгенмін, 3 балам бар.
Сайлаулды бағдарламамда: Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, мемлекетіміз бен қоғамымыздың жан-жақты дамып, еліміздің өркендеуіне бағытталған бағдарламаларын ауылдық округте іске асуын, Республика Президентінің жыл сайынғы Жолдауларын орындауға және осы бағыттағы барлық саясатын қолдауға, сонымен қатар экономикалық – әлеуметтік дамуының стратегиялық бағдарламаларының жергілікті жерде өз деңгейінде орындалуына күш-жігерімді жұмсаймын.
Ел сеніміне ие болған «AMANAT» партиясының халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған партиялық жобаларының ауылда іске асуын қамтамасыз етемін.
Шелек ауылдық округі – тарихы терең тамырланған, отыздан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері мекендеген ірі де, іргелі мекен. Географиялық-экономикалық жағдайы – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» Халықаралық жол бойына орналасқан, келешегі кемел – болашағы зор елді мекен. Сондықтан да, ауылымыздың заман талаптарына сай көркейіп, дамуына ерекше атсалысамын. Атап айтқанда ауылда орталықтандырылған сапалы ауыз тарту мен кәріз жүйесін тарту жұмыстарын аяқтауға, ауылдағы 131 көшенің толық күрделі және орташа жөнделуі мен жарықтандырылуына, орталық саябақтардың қайта жаңғыруына, қоғамдық орындардың абаттанырылуына, әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлердің күрделі жөндеуден өтіп абаттандырылуына, көшелерді көгалдандыруға, ауыл аумағының ұлғайып, халық санын арттыру мақсатында жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер телімдеріне инфрақұрылым жасауға және ең бастысы, тәртіп пен тазалықтың орнығуына көңіл бөлемін.
Еліміздің болашағы жастардың қолында. Олардың жан-жақты дамыған азамат болып өсуі үшін білім ордаладының сапалы білім, саналы тәрбие беруіне белсене араласамын. Осы бағытта бүгінгі талапқа сәйкес, мемлекеттік бағдарламалар аясында заманауй балалар бақшасы мен мектептердің ашылуына мүмкіндік жасауға тырысамын. Сондай ақ жастардың спортпен айналысып, саламатты өмір салтын ұстануына барлық жағдай жасап, спорт алаңдарының жасақталуына және спорт мектептері мен кешенінің жұмысының жандануына ықпал етемін.
Дені сау ұлт қана ел келешегінің кепілі бола алады. Осы орайда ауылда орналасқан ауруханалар мен емхананың ауыл тұрғындарының саулығы үшін қызмет көрсетуін қадағалап, ғимараттарының күрделі жөндеуден өтуіне және жаңа орталық аурухананың салынуына баса назар аударамын. 35 346 тұрғынның жаңа туған нәрестеден 16 жасқа дейінгі балалар арасында көптеген мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Тағдыр тауқыметін тартқан осындай жандарға арнап, заман талабына сай жабдықталған оңтайландыру орталығын ашуға атсалысамын.
Татулық пен ынтымақтастық – Тәуелсіздіктің берік тірегі екендігі баршамызға аян. Бұл ретте, Мемлекет басшысысының жүргізіп отырған ұлтаралық келісімнің сақталуын, Шелектіктердің тату-тәтті, ынтымақта өмір сүруіне, салт-дәстүрлердің дамып, қайта жаңғыруына, отансүйгіштік қасиеттің қастерлернуіне бар күшімді саламын.
Елдігіміздің айбары, егемендіктің айғағы болған мемлекеттік рәміздер: Елтаңба, Ту мен Гимнді қастерлеуге, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жолында еңбек етемін.
Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және жұмыссыздық мәселесін шешу үшін шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, инвесторлардың көптеп келуіне ықпал етемін.
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, ардагерлерге барынша көмек көрсетілуін назарда ұстаймын.
Осы сайлау алды бағдарламамның орындалуына және басқа да өзекті мәселелердің оң шешімін табуы үшін бар күшімді салып, қызмет етемін.
Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар,
алдағы 4 жылда:
Шелек ауылдық округінің көшелерін жарықтандыруға;
Округ бойынша ауылдардың ішкі жолдарын жөндеуге;
Шелек ауылында тартылып жатқан ауыз су жүйесінің сапалы салынуын қамтамасыз етуге;
Шелек ауылында тартылып жатқан кәріз су жүйесінің сапалы салынуын қамтамасыз етуге;
Шелек ауылының электр желілері мен бағаналарын толық ауыстуруға жұмыс жасауға;
Шелек ауылының орталық көшелерін күрделі жөндеуден өткізіп, көгалдандыру және абаттандырылуын қамтамсыз етуге;
Күрделі жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандарға жөнеу жұмыстарын жүргізуге;
Жаңа әлеумкеттік нысандардың бой көтеруіне ықпал етуге;
Саябақтарға абаттандыру жұмыстарын жүргізуге;
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге суғару жүйелерін қамтамасыз етуге;
Мен округтің бюджеті шектеулі болғандықтан, қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:
Шелек ауылында жастар үшін заманауи жабдықталған спорт және балалар алаңын құруға;
Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында инвесторларды тартып кәсіпорындар ашылуына;
Ауылдың экономикасын көтеру мақсатында туризмді дамытуға ат салысуға;
Шағын кәсіпкерлікті дамыту және «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алу арқылы халықты жұмыспен қамтуды арттыруға;
Округтегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көтеруге
- Бос тұрған ғимараттардың іске қосылуын
- Шаруа қожалықтарының тиімді жұмыс жасауына көшуге
- Заңды тұрмыстық қатты қалдықтар жинайтын орын ашуға
күшімді саламын.
- Ауыл тұрғындарының өмір – сүру жағдайын жақсарту және қолайлы етуге;
- Ауыл халқының әл – ауқатын жақсартуға;
- Ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіпті дамытуға;
- Халықтың құқықтық жəне қаржылық сауаттылығын арттыру аясында «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыруға;
- Ауылдың мәдени және рухани мұрасын насихаттауға