Бейсенбі, 18 Шілде 2024 10:19

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз ауылдық округінің әкіміне үміткер Буянбаев Самат Даутбаевичтің САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Буянбаев Самат Даутбаевич, 1989 17 желтоқсанда жылы Алматы облысы Есік қаласында дүниеге келдім. 1996-2007 жылдар аралығында Қаракемер ауылы Қ.Орымбетов атындағы орта мектепте білім алдым. 2007-2011 жылдар аралығында Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алдым.

Еңбек жолымды 2011 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Жұмыспен қамту орталығында маман болып бастадым. 2013 жылдан 2016 жылға дейін Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту орталығының   директор орынбасары, 2016-2018 жылдары аралығында Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры болып жұмыс атқардым. 2018 жылдың қазанынан 2019 жылдың наурыз айына дейін Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы  болып жұмыс істедім, 2019 жылдың наурызнан 2020 жылдың қарашасына дейін Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры болып жұмыс атқардым, 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың шілдесіне  дейін  Ақтоғай ауданы қаржы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істедім. 2021 жылдың тамызынан бастап Еңбекшіқазақ ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істедім, 2023 жылдың ақпан айынан қыркүйек айына дейін Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру бөлімінің аудандық бөлімше басшысы болып жұмыс істедім, 2023 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін Еңбекшіқазақ ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманымын.

 

Құрметті Ташкенсаз ауылдық округінің тұрғындары!

 

«Біздің ортақ міндетіміз – адамдардың барлық сұраныстарына тез жауап беретін «еститін» мемлекет тұжырымын жүзеге асыру» деген еді Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Ташкенсаз ауылдық округінің  өзекті мәселерімен жақсы таныспын. Алдағы уақытта  ауыл тұрғындарымен  бірлесе отырып, округтің өзекті  мәселелерін шешуге жұмыс жасаймын.

Халықтың әлеуметтік өмірін жақсарту үшін мен болашақта Ташкенсаз ауылдық округінің көшелерін жарықтандыруға және ауылдың ішкі жолдарын жөндеуге, сумен, газбен, электрмен жабдықтау, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын ашу мәселелерін шешуге, денсаулық сақтау және білім нысандарының бой көтеруіне бар күшімді саламын. Бүгін мен бұл мәселелерді қалай шешу керек екендігін және біздің ауылдағы өмірді қалай жақсартуға болатындығын білемін! Бірақ, ол үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет.

Маған дауыс берсеңіздер, мен сайланған жағдайда, жоғарыда баяндалған сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін бар күшімді саламын!

Мені Ташкенсаз округі  әкімі етіп сайласаңыздар,

алдағы 4 жылда:

Ташкенсаз ауылдық округінің көшелерін жарықтандыруға;

Округ бойынша ауылдардың ішкі жолдарын жөндеуге;

Пайдалынылмай жатқан жерлерді қайтаруға;

Округте жаңа денсаулық сақтау және білім нысандарының бой көтеруіне қолға алу;

Елді-мекендердегі ауыл көшелерін жөндеу жұмыстары, аббаттандыру, жарықтандыру мәселесін қарастыру.

 

Мен округтің бюджеті шектеулі болғандықтан, қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:

Елді-мекендерде жастар үшін заманауи жабдықталған спорт және балалар ойын алаңын құруға;

Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту  мақсатында инвесторларды тартып ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын ашуға жолдарын іздестіру;

Шағын кәсіпкерлікті дамыту және «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алу арқылы халықты жұмыспен қамтуды арттыруға;

Ауыл тұрғындарының өмір – сүру жағдайын жақсарту және қолайлы етуге;

Туған ауылымдағы халқымның әл – ауқатын жақсартуға;

Ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіпті дамытуға;

Округтегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көтеруге күшімді саламын.

Мен әрқашан байланыстамын!

Тел / WhatsApp: +7 700 960 43 60

Құрметпен, Буянбаев Самат Даутбаевич.

Оқылды 1179 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет