Бейсенбі, 13 Наурыз 2025 15:22

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларына сәйкес, Алматы облысының өңірлік нышанын әзірлеу үшін өтініштер 2025 жылғы 17 ақпан мен 17 мамыр аралығында қабылданады, деп хабарлайды barysnews.kz.

Өңірлік нышан жобасына қойылатын талаптар:

Жобаны әзірлеу:

— қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту,

— геральдикалық белгілерді сақтау,

— өңірдің ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алу қағидаларына негізделеді.

Жобаны әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесін, сондай-ақ дiни, рулық және тайпалық белгiлердiң бейнесін пайдалануға тыйым салынады.
Жобаны әзірлеу кезінде мыналар ескерілерді:
— жоба бұрын пайдаланылмаған және өзінің ерекшелігімен жергілікті жердің болашақ даму бағытын құруды айқындайтын жаңа жұмыс болып табылады;

— жобаның визуалды құрамдас бөлігі, үш өлшемді кескіні және (немесе) моделі анық бедері бар;

— жобада ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады;

— жобаны әзірлеу кезінде авторлық құқықты және (немесе) сабақтас құқықты бұзуға, плагиатқа жол берілмейді.

Жобаның авторы Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылады.
Жобаны жасауға бірнеше жеке тұлға қатысқан, жағдайда олардың барлығы оның авторлары (бірлескен авторлары) болып саналады.
Жобаны әзірлеу кезінде ұлттық этнографиялық элементтерді (ою-өрнектерді) пайдалануға рұқсат етіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінім қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және жобаның сипаттамасын қамтиды.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді облыстық ішкі саясат басқармасына (электронды көшірмесі zhumash.ibrayva.64@mail почтасына қағаз және электронды тасымалдағышта 2025 жылғы 17 мамырдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс!.

Сұрақтар туындаған жағдайда 87773717606 (Ибраева Жұмаш Чиныбековна), 87776883792 (Дауренбаев Марат Өмірбекұлы) номеріне хабарласуға болады!

Оқылды 576 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет