Бейсенбі, 20 Наурыз 2025 15:46

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылдық округі әкімдігіне үміткер Ілебаев Айбек Қасымханұлының сайлауалды бағдарламасы

 

Мен Ілебаев Айбек Қасымханұлы, 1992 жылы 19 желтоқсанда Масақ ауылында дүниеге келдім. 2020 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтадым. 2013-2021 жылдары Еңбекшіқазақ аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы қызметін атқардым. 2014-2020 жылдары  Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының VI шақырылым депутаты болдым. 2021 жылы 19 сәуірінен Қаратұрық ауылдық  округінің әкімі болып сайландым.

Мен Қаратұрық ауылдық округінің ауылдық округі халқының тұрмыс-тіршілігін жақсы білемін, округтің өзекті мәселелерімен жақсы таныспын. Ауылдық округі әкімінің лауазымын атқарған уақытта ауылдың қоғамдық-саяси ахуалын жақсартуға, экономикалық әлеуетін арттыруға жұмыс жүргіздім. Соңғы төрт жылда округімізде нақты өзгерістер орын алды. Асыл тұқымды ірі-қара малының басы 2016 жылы  540 болатын болса, биыл 2 365 басқа жетті. Лавар ауылында, Кеңес одағы кезінде 2 мың басқа арналған сүт фермасы бүгінгі таңда жекешелендіріліп, жұмыс істемей тұрған. 2023 жылдан бері берілген жерлерін тиісті пайдаланбай отырған барлығы 145 га суармалы жер және 3 100 га жайылымдық жерлер қайтарылды.  Округ халқының ауылшаруашылық малдарын жаю үшін, жалпы ортақ пайдалану нысаналы мақсатымен 7 640 га жерге мемлекеттік акт дайындалып, әкімдік меншігіне өтті. Бүгінгі күнге округтегі барлығы 102 көшенің 26 көшесінде 634 жарықшам орнатылған.  Биылғы жылы бюджет қаражатынан 52 млн 642 мың тг бөлініп, Ащысай ауылының барлық көшелеріне 609 дана жарықшам орнату жұмыстарын «Каз Бюилд Констракшн» ЖШС бастады. Ауылдарды электр энергиясымен қамту мәселесінде биылғы жылы,  Достық және Тауқаратұрық ауылдары және Ащысай ауылының МТФ-сының электр тасымалдау желілері  құрылысының жобалық сметалық құжаттарын жасауға 7 млн 264 мың тг бөлініп, конкурстық жұмыстар аяқталды. Округте орналасқан 27 трансформаторлық подстанциялардың 24-і «Алатау жарық» мекемесінде, 3-і аудандық ТҮКШ бөлімінің тенгеріміне тапсырылды. Олардың ішінде ескірген 15 данасын ауыстыру смета бойынша қарастырылған. Достық ауылының саябағын абаттандырудың жобалық сметалық құжаттарын жасауға 7 млн 264 мың тг бөлініп, «Су құрылыс проект» ЖШС жұмыстар жүргізілуде. Иесіз мүлік ретінде тіркелген 12 ауыз су ұңғымаларының биылғы жылы барлығына мемлекеттік акт алынып, тіркелді. Енді нысандардың төлқұжаттарын жасатып, «Шелек су» мекемесіне өткізу қолға алынды. Тауқаратұрық ауылын ауызсумен қамту үшін 60 млн теңге бөлініп жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында 4 ауылға  шағын футбол алаңдары, 5 ауылға «StreetWorkoyt» спорт алаңы, 6 ауылға балалар алаңы және Ащысай ауылында 870 млн 233 мың теңгеге 50 орынға арналған спорт кешені салынды. Лавар ауылында 50 млн. теңгеге модульдық дәрігерлік амбулатория салынды. «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша Ащысай ауылында 5,3 млрд теңгеге 600 оқушыға арналған мектеп құрылысы жүргізілуде. 2020 жылы «Abdi Agro» ЖШС  аталған нысанды сатып алып 2022-2023 жылдар аралығында 1,5 млрд тенге инвестиция салып,  мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын жасап, қазір жұмыс істеуде. ЖШС «Сады Умай» 135 млн теңге инвестиция салып, 2022 жылдан бастап қаз өсірумен қатар, алма бақ және 10 мың түп алма көшеті бар питомник жұмыс істейді. Жеке кәсіпкер Закирова Бувимариям 230 млн теңге жұмсап  «Бекет» сауда орталығын ашып, 96 адамды жұмыспен қамтып отыр. 

Қаратұрық ауылдық округінің әкімі болып сайлансам, осы уақытқа дейінгі атқарған жұмысымның жалғасы ретінде округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын одан ары жаңа деңгейге көтеруге өзімнің бар күш-жігерімді  саламын.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы

– Көшелерді жарықтандыру;

– Тауқаратұрық және Ащысай ауылдарын таза ауызсумен қамту;

– Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу;

– Ескірген электр желілерін кезең-кезеңмен жаңарту, электр энергиясын үздіксіз беруді қамтамасыз ету;

– Балаларға арналған ойын және шағын футбол алаңдарын салу.

Әлеуметтік-экономикалық саласы

– Стратегиялық бағыттарды құру арқылы округтің әлеуметтік жағдайын жақсарту;

– Халықтың әл-ауқатын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін инвесторларды тарту;

– Тауқаратұрық ауылының мәдениет үйін мемлекет меншігіне алып, күрделі жөндеуден өткізу;

– Қаратұрық ауылының дәрігерлік амбулаториясының құрылысын жүргізу;

– Халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған  бағдарламалар арқылы бюджеттік мекеме қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету.

 

Сіздердің қолдауларыңызды алып, сайланған жағдайда, жоғарыда баяндалған сайлауалды бағдарламаны жүзеге асырамын!

Құрметпен, Ілебаев Айбек Қасымханұлы!

 

 

Оқылды 527 рет

Соңғы жаңалықтар

Шіл 04, 2025

Saqtan: молодежь Алматинской области…

Қонаев - Илийский-Карасайский районы - масштабная антинаркотическая акция, направленная…
Шіл 03, 2025

«Жіті ішек жұқпалары, алдын алу мен…

Жіті ішек жұқпалары – дегеніміз бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және…
Шіл 03, 2025

Эхинококкоз және оның алдын алу…

 Эхинококкоз – созылмалы ағымымен, ағзаның аллергиясымен және бауырдың, өкпенің және…
Шіл 03, 2025

Хиджама жасатуға жүгінетіндерге…

Хиджама — бұл ағзадан лас қанды шығару арқылы емдейтін дәстүрлі емес емдеу әдісі. Бұл…
Шіл 03, 2025

На Капчагайском водохранилище…

5–6 июля на Капчагайском водохранилище состоится международный заплыв OCEANMAN-2025 —…
Шіл 03, 2025

ХАБАРЛАНДЫРУ «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»…

Алматы облысының тұрғындары мен ауылдық округ әкімдіктерінің назарына! Қазақстан…
Шіл 03, 2025

«ŪMTYLYS» байқауы

«ŪMTYLYS» байқауы – жастар үшін жаңа серпінАлматы облысында алғаш рет жастармен жұмыс…
Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет