Бейсенбі, 29 Мамыр 2025 09:44

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ ҚАЗАҚСТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР АЛДИБЕКОВ САЯТ БОЛАТБЕКҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ САЙЛАУШЫЛАРЫ!

Мен, Алдибеков Саят Болатбекұлы Алматы облысында дүниеге келдім. Ауылымның болашағы мен халқының әл-ауқатын арттыру – менің басты мақсатым.

Еңбек жолымды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Қорғаныс министрлігінің 41321 әскери бөлімінде құпия байланыс аппаратының бастығы қызметінен бастадым. Әскери салада жинақтаған тәжірибем – жауапкершілік, тәртіп пен ұйымшылдық сияқты маңызды қасиеттерімді қалыптастырды.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарудамын. Бұл лауазымда округіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істеп келемін. Мемлекеттік қызметте жинаған тәжірибем мен туған өлкемнің өсіп-өркендеуіне деген шынайы ниетім – менің қоғам алдындағы басты ұстанымдарымның бірі. Елмен етене араласып жүргендіктен де округ тұрғындарының күн сайынғы қиындықтарын бір кісідей білемін. Жолдардың нашарлығы, жарықтың үзіліспен берілуі, Ж.Қайыпов ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жағдайы бәрімізді де алаңдатады.

Бүгінгі күні мен осы мәселелерді шешу керектігін нақты түсініп, ауыл тұрғындарының өмірін қалай жақсартуға болатынын білемін! Тек сіздердің қолдауларыңыз керек!  

МЕНІ ОКРУГ ӘКІМІ ЕТІП САЙЛАСАҢЫЗДАР,

АЛДАҒЫ 4 ЖЫЛДА:

– Инфрақұрылымды жаңарту және жайлылығын арттыруға күш саламын;

– Ащыбұлақ пен Қазақстан ауылдарының жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге ықпал етемін;

– Қазақстан ауылының кәріз жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргіземін;

– Округті газдандыру бойынша кезең-кезеңімен нақты жоспарлар дайындап, жауапты мекемелермен бірлесе жүзеге асырамын.

– Денсаулық сақтау жүйесін нығайту бойынша 2027 жылға дейін Ж.Қайыпов ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория салуға күш саламын;

– Электр желілері мен энергетикалық қауіпсіздік бойынша округіміздегі трансформаторлық құрылғыларды «Алатау Жарық Компаниясының» теңгеріміне өткіземін;

– Электр жүйесін күтіп-ұстауға жауапты арнайы мамандандырылған штаб құрамын;

– Спорт пен саламатты өмір салтын дамыту бойынша Қазақстан ауылына дене шынықтыру және сауықтыру кешенін салуға ықпал етемін;

– Мәдениет пен рухани жаңғыру брйынша Ж.Қайыпов ауылына жаңа мәдениет үйін салуға еңбек етемін;

– Ауылдың мәдениет ошақтарын жаңғыртып, шығармашылық орта қалыптастырамын.

 

Мен округіміздің бюджеті шектеулі екенін түсінемін, сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін іздейтін боламын.

АУЫЛДЫҢ БОЛАШАҒЫ – БҮГІНГІ ДҰРЫС ТАҢДАУ!

Менің сайлауалды бағдарламам – бұл нақты орындалатын жоспарлар жиынтығы. Бұл жоспарлар округ тұрғындарының сұранысына, күнделікті өмірдің қажеттілігіне негізделген.

Мен сөзден іске,  уәдеден нәтижеге негізделген қызметті ұсынамын. Әрбір бастама халықпен бірге жасалатын ортақ шешімнің  нәтижесі болады.

Туған елге адал қызмет ету – менің азаматтық парызым. Бірге жұмыс істей отырып, ауылымызды көркейтіп, келешек ұрпаққа жарқын болашақ жасайық!

 

 

Оқылды 610 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет