Бейсенбі, 05 Маусым 2025 10:43

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылдық округі әкіміне үміткер ДЖАСЫБАЕВ Талғат Серікқалиұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Джасыбаев Талғат Серікқалиұлы, 1982 жылы 4 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келдім. 2006 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдадым. Еңбек жолымды 2007 жылы Еңбекшіқазақ аудандық әділет басқармасында инспектор болып бастадым. Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының инспекторы, аудандық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы болдым. 2014 жылдан бүгінгі күнге дейін Бөлек ауылдық округіні әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарудамын.

  

Құрметті Тескенсу ауылдық округінің сайлаушылары!

 

Тескенсу ауылдық округінің барлық профильдік бағыттары бойынша әлеуметтік экономикалық дамуы, гүлденуі және де ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мақсатында, жерлестерімнің алдында олардың  бүгінгі жағдайы мен болашағына өзімнің зор жауапкершілігімді терең сезіне отырып, төмендегі сайлау алдындағы бағдарламамды ұсынамын.

 

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі  бағыттары:

– Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға ықпал ету үшін мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жасап, шағын және орта бизнесті одан ары дамытуға атсалысуды басшылыққа алуды;

– Ауылдық округтегі елді мекендерді  көріктендіру мен абаттандыруды одан ары жалғастыруды және тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, архитектуралық нысандар мен қоршауларды, спорт алаңдарын жайластыру, жолдарды жөндеу, жеке үй телімдерін салу үшін жер учаскелерін бөлу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүзеге асыру, шаруа қожалықтарын және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды;

– Саламатты өмір салтын насихаттауда ауылдағы жастар саясатының тиімді моделі – ауылдық округтегі елді мекендер бойынша өркендетудің құралы – мәдени демалыс орындарының халыққа қызмет көрсету жұмыстарын жандандыруды;

– Ауылдық округ жастарын патриоттық рухта тәрбиелеуге, діни көзқарастарына дұрыс бағыт-бағдар беруге, теріс ағымдар мен нашақорлыққа салынбауына және мектепте білім алу сапасына ерекше көңіл бөле отырып, заманауи технологиялармен жабдықтауға, әскери-патриоттық клуб ашуға ықпал жасауды;

– Қоғамдық тәртіптің сақталуына және сыбайлас жемқорлықпен күресуде қай салада болмасын жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру, ұрлыққа қарсы құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмысты күшейтуді;

– Округ аумағындағы саяси тұрақтылық пен этносаралық татулықты сақтауды, ардагерлер мен қарттарға, аз қамтылған отбасыларға жағдай жасауды, олардың арыз-шағымдары мен талап-тілектерін құзіретті органдармен әділ шешуді қатаң бақылауға алуды және дәрігерлік қызмет көрсету сапасын арттыруды;

– Қоғамдық кеңестің, ауыл ақсақалдарының ой-пікірлерімен санасып, тиянақты түрде аудан басшылығымен бірлесе шешім қабылдауын басшылыққа алатын боламын.

 

Осы бағдарламамды жүзеге асыру барысында іс-әрекеттерімді Қазақстанның – 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясында көрсетілген мақсаттар мен тапсырмаларға бағыттаймын.

Тескенсуауылдық округінің әр саладағы мүмкіндіктерін ескерсек, бағдарламамда көзделген міндеттердің, аудан басшылығының қолдауымен және округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметкерлердің халыққа адал қызмет көрсетуінің нәтижесінде орындалатынына сенімдімін. Ол үшін барлық күш-жігерімді, білімім мен тәжірибемді жұмсаймын.

 

 

 

Оқылды 464 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет