Бейсенбі, 28 Тамыз 2025 15:04

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Сөгеті ауылдық округінің әкіміне үміткер Асимахынов Дастан Сайлаубайұлы САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Асимахынов Дастан Сайлаубайұлы,  21 қаңтар 1990 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында дүниеге келдім. Жоғарғы оқу орнын 2011 жылы Алматы технологиялық университетін есеп және аудит мамандығы бойынша аяқтадым. 2011-2012 жылдары Тескенсу ауылында «Дастан» шаруа қожалығының жұмысшысы болдым, 2013 жылдан бастап Жамбыл атындағы орта мектебінің есепшісі,   Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты бас маман - есепші, Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты бас маман-есепші, Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты бас маман қызметінде болдым. 2022 жылдан осы күнге дейін Ават ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқарудамын.

Құрметті жерлестер!

Сіздердің қарауларыңызға Сөгеті ауылдық округінің әкіміне үміткер ретінде сайлауалды бағдарламамды ұсынамын. Еліміздің Президенті ұсынып отырған бағдарлама аясында әрі мақсатты түрде атқарылған жұмыс мемлекетіміздің әрбір тұрғынының өмірі мен әл-ауқатының деңгейін арттыруға, сонымен қатар біздің ауылдық округтің экономикалық тұрақтылығы мен өркендеуіне әкеледі деп санаймын. Менің бағдарламамның барлық тармақтары Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаға және де бюджеттің нақты қаржылық мүмкіндіктеріне қатаң сәйкес келеді. Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

Сөгеті ауылдық округінің барлық тұрғындары мен мемлекеттік билік органдары арасында тығыз, сындарлы және жемісті ынтымақтастықты қамтамасыз ете отырып, азаматтардың әл-ауқатын, мәдени салаларды және әлеуметтік өмір сапасын жақсартуға бағыттау; Ауылдың жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының өнімді әрі сапалы қызметі үшін ауылдық округтің ең өзекті мәселелерін белгілеу мен шешуге тұрғындарды тарта отырып, бірлесіп жұмыс істеу;

Ауылдың тазалығы, абаттандырылуы мен көркеюі, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, сонымен қатар қоқыс полигондарының ауылға жақындығын ескере отырып, экологиялық жағдайға ерекше көңіл бөлу; Округ бюджетін толықтыра отырып және оны ұтымды да әділетті бөлуге қоғамдық қауымдастықты, ақсақалдар мен беделді тұрғындарды тартуға көңіл бөлу;

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, ауылдық округ тұрғындарының санасында құқық бұзушыларға «нөлдік төзімділік» қағидатын дәйектілікпен қалыптастыру; Ауылдық округтің экономикалық әлеуетінің белсенді дамуына жағдай жасау, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен олардың жұмыспен қамтылуына көңіл бөлу;

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсету; Жер кодексінің талаптарына сәйкес жайылымдық жерлерді қайтару бойынша жұмыс жүргізу; Жастар мен ересек тұрғындардың мәдени шараларға белсене қатысуына ықпал ету, спорт пен саламатты өмір салтын дамыту; Ауылдық округтің денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларындағы мәселелерді шешуге қатысу; Округ тұрғындарының әлеуметтік осал топтарымен жұмысты ұйымдастыру. Менің сайлауалды бағдарламамды Сіздермен бірге жүзеге асыру – ауылымызды үздіктер қатарына жеткізуге мүмкіндік береді деп сенемін. Оған қол жеткізу үшін мемлекет бізге барлық қажетті жағдай мен ресурстарды ұсынып отыр. Барлығы – біздің қолымызда. Сондықтан бұл мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек.

Оқылды 464 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет