Бейсенбі, 11 Қыркүйек 2025 17:14

Мемлекеттік қызметке ашық жол: «Е-Qyzmet» жүйесі арқылы жаңа форматтағы қабылдау

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі басқару саласы. Бүгінгі күні Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен жүргізіліп жатқан реформалар нәтижесінде мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесі айтарлықтай жаңғыртуда. Оның айқын көрінісі — цифрлық форматта енгізілген «Е-Qyzmet» электронды платформасы мен жаңартылған меритократиялық конкурс жүйесі.

Мен осы жүйенің тиімділігін тікелей өз тәжірибем арқылы көрдім. Бұған дейін мемлекеттік құрылымда жұмыс істемеген азамат ретінде, ашық әрі әділ жүйе арқылы мемлекеттік қызметке қабылдандым.

Мемлекеттік қызметке өтініш беру процесі «Е-Qyzmet» платформасында толық цифрлық форматта жүзеге асады. Бұл — үміткерлер үшін барынша ыңғайлы әрі ашық алаң. Платформа үміткердің құжаттарын  автоматты түрде тексереді: жоғары оқу орны, диплом, жұмыс тәжірибесі секілді мәліметтер тиісті базалармен салыстырылады.

Өтініш беру ЭЦҚ арқылы расталады, ал жүйе үміткерге жеке ID-нөмір береді. Осылайша, әрбір қатысушы анонимді түрде тіркеліп, оның жеке деректері тестілеу мен бағалау кезінде көрсетілмейді. Бұл тәсіл — адам факторының ықпалын азайтып, конкурс процесінің әділдігін қамтамасыз етеді.

Екінші кезең — онлайн тестілеу. Үміткерлер Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бойынша сұрақтарға жауап береді. Тестілеу процесі прокторинг жүйесі арқылы бақыланып, ереже бұзуға жол бермейді.

Тестілеуден сәтті өткен үміткерлер келесі кезеңге – мәтіндік және сандық аналитикалық тапсырмаларға жіберіледі. Бұл кезеңде теориялық біліммен қатар, үміткердің логикалық ойлау, қорытынды жасау және нақты шешім қабылдау қабілеті сараланады. Әр қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Бұл – үміткердің жинақы әрі тиімді жұмыс істеу қабілетін көрсетудің мүмкіндігі.

Жоғары балл жинаған үміткерлер видеосұхбат кезеңіне шақырылады. Бұл – дәстүрлі комиссия алдындағы сұхбаттан өзгеше. Сұрақтар нақты жағдайлар негізінде қойылып, кәсіби біліктілікпен қатар, үміткердің жеке қасиеттері мен сындарлы шешім қабылдау дағдылары бағаланады. Комиссия мүшелері сұхбатты тиімді әрі ықшам өткізуге тырысады.

Барлық кезеңдерден өткен үміткерлердің нәтижесі толығымен 

қамтамасыз ететін басты фактор. Қабылданған шешім жүйеде тіркелген баллдарға сүйенеді, ал конкурс нәтижесі электронды форматта үміткердің жеке кабинеті арқылы хабарланады.

Менің жағдайымда да, аты-жөнімді ешкім танымаған, жеке қатынас болмаған жағдайда, тек өз білімім мен кәсіби дайындық деңгейім арқылы мемлекеттік қызметке қабылдандым. Бұл – жаңа форматтағы конкурс жүйесінің шынайы тиімділігін көрсетеді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметке кіру – ашық, әділ және заманауи процесс. Мемлекеттік қызметке қабылдау енді тек қабілет пен білімге негізделеді. Егер сізде қажетті білім, ынта және кәсіби дайындық болса – өз күшіңізбен мемлекеттік жүйеде өз орныңызды таба аласыз.

«Е-Qyzmet» жүйесі — білікті жастарға жол ашатын жаңа буын алаңы. Ол — нақты мүмкіндіктер, таза бәсеке және әділеттілік негізіндегі болашақтың платформасы.

 

ҚР МҚІА Алматы облысы бойынша департаментінің

Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы

 З.К. Акижанова

 

Оқылды 541 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет