Бейсенбі, 22 Қаңтар 2026 11:53

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы, үш мәрте «Социалистік Еңбек Ері» атанған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Д.Ахметұлы ұзақ жылдар бойы Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарып, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына зор үлес қосты.

Д.Қонаевтың басшылығы кезінде Қазақстанда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ғылым мен білім салалары қарқынды дамыды. Көптеген өндіріс орындары ашылып, жаңа қалалар мен инфрақұрылымдар салынды. Ол ұлттық кадрларды қолдауға, ғылым мен мәдениетті өркендетуге ерекше көңіл бөлді.

Биыл ғасырда бір туатын дара тұлғаның туғанына 114 жыл толып отыр. Осыған орай Шелек тарихи-өлкетану музейінде «Қонаев – ғасыр адамы» атты тақырыптық экскурсия өтті.

Тақырыптық экскурсияға «Жаңашаруа орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Өлкетану» үйірмесінің жетекшісі, тарих, география пәні мұғалімі Дина Абдиманова басшылық етуімен осы үйірменің оқушылары қатысты. Тақырыптық экскурсияда Дінмұхамед Қонаевтың қызметі, ел үшін атқарған игі істері, жеке қасиеттері айтылды.

«Өлкетану» үйірмесінің оқушылары тақырыптық экскурсия барысында Дінмұхамед Қонаев туралы естіген, оқыған деректерімен бөлісіп, өздерінің болашақта Дінмұхамед Қонаев сияқты елі үшін еңбек еткілері келетінін айтты.

Ал 12 қаңтар күні Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Шелек ауылдық округ филиалы мен Шелек тарихи-өлкетану музейі бірлесіп «Ғибаратты ғұмыр» атты танымдық сағатын өткізді. Танымдық сағатқа «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Шелек ауылдық округ филиалының ата жұртқа оралған қандас тыңдаушылары қатысты. Шетелде жүріп, дара тұлғаның атын естіген қандастарымыз, Дінмұхамед Қонаев туралы жан-жақты мағлұматтар алып, өздерінің пікірлерімен бөлісті.

Елдің дамуына орасан үлес қосқан тарихи тұлғаның өмірі мен еңбек жолы – өскелең ұрпаққа қашан да үлгі, өнеге. Ізгілік, адамгершілік, адалдық пен парасат биігінен орын алған Димаш Ахметұлының мемлекет басқару кезіндегі ұлы істерінің нәтижесінде мемлекет әр сала бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Дінмұхамед Қонаев ел тарихында парасатты басшы, адал азамат, халқына қызмет еткен тұлға ретінде мәңгі сақталады.

 

Жанар ҚАШАҒАНОВА,

Шелек тарихи-өлкетану музейінің қызметкері.

 

Оқылды 170 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет