Конституциялық реформалар – еліміздің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды әрі жауапты кезең. Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысының өтуі – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нақты басталғанын көрсетеді. Бұл комиссияның қызметі Конституция нормаларын заман талабына сай жетілдіруге, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған.
Сонымен қатар, аталған реформалар мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттыруға, ашықтық пен жауапкершілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қоғамдық пікірді ескеру, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерінің ұсыныстарын талқылау – реформалардың тиімді жүзеге асуына жол ашады. Конституциялық комиссия жұмысының нәтижесі ел дамуының жаңа кезеңіне негіз болып, әділетті, тұрақты және құқықтық мемлекет қалыптастыруға ықпал етеді.
Багдат Рахимов



