Бейсенбі, 05 Ақпан 2026 19:35

Белгілі заңгер Жаңа Конституция жобасын бүкілхалықтық референдумға шығару туралы ұсынысты қолдады

 

Конституциялық комиссияның VIII отырысында Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай мемлекеттің жария-құқықтық жауаптылығын Ата Заң деңгейінде бекітуді ұсынды.

Спикер мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі мәселесіне ерекше назар аударды. Дәл осы әрекетсіздік құқықтардың ең жиі бұзылуларына әкеледі. Бұл – өтініштерді қарау мерзімдерінің созылуы, міндетті шешімдердің қабылданбауы, сот актілерін орындаудан жалтару, қызметтік міндеттерге формалды көзқарас таныту. Соның салдарынан адам құқықтық белгісіздік жағдайында қалады, яғни оның құқықтары танылғанымен, іс жүзінде іске асырылмайды.

«Әрекетсіздік кезінде де, заңсыз әрекеттер жасалған жағдайда да билік өкілеттіктерін жүзеге асырудың заңда белгіленген тәртібі бұзылады және жеке тұлғаның мүдделеріне нұқсан келеді. Осындай сын-қатерді ескере отырып, мемлекет азаматты заңсыз әрекеттер мен шешімдер қаупінен барынша қорғау үшін өзара іс-қимыл рәсімдерін тұрақты жаңартып, іс жүргізу заңнамасының тиімділігін арттырып отырады», - деп атап өтті Серік Ақылбай.

2021 жылы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылданып, қолданысқа енуі де көп жайттан хабар береді. Кодекс мемлекеттік аппараттың құқықтық санасына түбегейлі өзгеріс енгізіп, «азамат бәрін өзі дәлелдеуге тиіс» деген түсініктен «егер азаматта мемлекеттік органдар шешімдерінің заңдылығына күмән туындаса, керісінше, соның заңдылығын дәлелдеу – мемлекеттік органның міндеті» қағидатына көшуге мәжбүр етті.

«Қылмыстық қудалау, әкімшілік мәжбүрлеу, лицензиялау, жер және салық салаларындағы жағдайлар ерекше сезімтал, өйткені бұл салаларда билік тарапынан жіберілген қателер немесе өкілеттіктерді теріс пайдалану елеулі әрі ұзақ мерзімді салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан мемлекеттің жария-құқықтық жауаптылығын конституциялық деңгейде бекіту мәселесін көтеру маңызды. Бұл азаматтық-құқықтық жауаптылықтың дәстүрлі институтын толықтырады, жеке адам мен жария билік арасындағы бұзылған тепе-теңдікті қалпына келтірудің тиімді құралы болады», – деді комиссия мүшесі.

Мұндай жағдайда зиянды өтеу өтемдік, превентивтік және құқықтық-тәрбиелік сынды бірнеше функцияны атқарады. Құқық қолдану тәжірибесі көрсеткендей, зиянды өтеудің нақты реттелген әрі конституциялық кепілдендірілген тетігі болмаса, азаматтар дәлелдеу қиындықтарына, мемлекеттік органдардың формалды көзқарасына және сот процестерінің созылуына тап болады.

Бұл құқықтарды қорғаудың тиімділігін төмендетіп, жария биліктің жауаптылығы қағидатының өзіне нұқсан келтіреді. Сондықтан көптеген құқықтық жүйелерде мұндай құқық конституциялық деңгейде бекітіледі. Қазақстанда бұл бағыт азаматтық заңнама, әкімшілік сот ісін жүргізу және сот практикасы арқылы дамып келеді.

«Конституциялық Сот бұзылған құқықтарды қорғаудың шынайылығы мен тиімділігінің маңызын дәйекті түрде көрсетіп келеді. Зиянды өтеу құқығын тікелей Конституцияда бекіту заң шығарушы үшін де, соттар үшін де маңызды бағдар болар еді. Ал қоғам тұрғысынан бұл мемлекетке сенімді күшейтіп, оны тек басқарушы орган ғана емес, өз шешімдерінің салдары үшін жауап беретін институт ретінде қабылдауға мүмкіндік береді», – деді Серік Ақылбай.

Сонымен бірге, Серік Ақылбай азаматтардан түскен орынды ұсыныстар назардан тыс қалмағанын, бұл қоғам мен мемлекеттің ашық әрі сындарлы диалогының айқын көрінісі екенін жеткізді.

«Сондықтан мен жобаны бүкілхалықтық референдумға шығару жөнінде бұдан бұрын айтылған ұсынысты қолдаймын», – деді Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы.

Оқылды 34 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 05, 2026

Необходимо четко обозначить в…

Национальная валюта должна быть защищена на конституционном уровне. Об этом на восьмом…
Ақп 05, 2026

Ұлттық Банктің рөлін Конституцияда…

Ұлттық валюта Конституцияда қорғалуға тиіс. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов…
Ақп 05, 2026

Женское крыло AMANAT участвует в…

В Центральном аппарате партии AMANAT состоялся круглый стол на тему «Взгляд женщин на…
Ақп 05, 2026

Қазақстан Халық партиясы өңірлерде…

Ел тұрғындары арасында Конституцияның жаңа жобасын талқылау жалғасып жатыр. Бұл үдеріске…
Ақп 05, 2026

Светское образование в Казахстане:…

В Конституции Казахстана собираются усилить защиту светского образования. Об этом во…
Ақп 05, 2026

Ел болашағын айқындайтын маңызды…

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа…
Ақп 05, 2026

Көшедегі ірі қараның басы –…

Жуырда редакцияға қала маңындағы «Тау самалы» демалыс орнының қожайыны Мейрам деген…
Ақп 05, 2026

Батырға құрмет

Қазақ тарихындағы заңғар тұлғалардың бірі – Бауыржан Момышұлы. Даңқты қолбасшының қас…
Ақп 05, 2026

Известный юрист поддержал…

На VIII заседании Конституционной комиссии председатель Союза юристов Казахстана Серик…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет