Бейсенбі, 05 Ақпан 2026 19:41

Батырға құрмет

 

Қазақ тарихындағы заңғар тұлғалардың бірі – Бауыржан Момышұлы. Даңқты қолбасшының қас батырға тән өткір мінезі, құрыштай болмысы, ұлтжандылығы, Отан үшін от кешкен қаһармандығы, әдебиет әлеміндегі өлмес мұралары, өнегелі өмірі – ерліктің мінсіз үлгісі болып қала бермек. Осы орайда №1 Азат орта мектебі аңызға айналған тарихи тұлғаны ұлықтауда оң бас-тама жасады. Осы аптада аталған білім ордасындағы тарих кабинетіне Бауыржан Момышұлының аты берілді.

Аталған шараны мектеп ұжымы жоғары дәрежеде ұйымдастыра білді. Жағымды жаңалықпен танысу мақсатында танымдық шараға Рахат ауылдық округі әкімінің орынбасары Дина Мұңалбаева, аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұржалғас Әскербек, ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Райхан Жанбосынова және жеті бірдей мектептердің өкілдері келді.

Мектеп ұжымы әуелі «Адал азамат» атты біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында атқарылып жатқан алты бірдей жобаның жұмыстарымен    таныстырды. «Шабыт», «Қамқор», «Ұшқыр ой», «Еңбегі адал», «Smart bala», «Балалар кітапханасы» жобалары бойынша жетекшілер мен оқушылар көрмелерін қонақтар назарына ұсынып, тыңғылықты жұмыстарын кең көлемде таныстырды. Түйгеніміз, аталған жобалар баланың – адал, еңбекқор, жауапты, отансүйгіш, қайырымды тұлға етіп шығаруда үлесі зор екенін дәлелдей түсті.

Уақыт Бауыржан Момышұлы атындағы кабинеттің ашылу салтанатына келді. Кабинеттің лентасын Нұржалғас Әскербек, Райхан Жанбосынова кесті. Өз кезегінде Нұржалғас Аралбайұлы, Дина Әскерқызы, Райхан Сексенбайқызы сынды бірқатар қонақтар мектеп ұжымының ізгі бастамасына жоғары баға беріп, халық қаһарманының ерлігі мен өрлігін тілге тиек етіп, қызметтеріне сәттілік тіледі. Тарих пәні кабинетінің ашылуына ұйытқы болған тарих пәнінің ұстаздары Гүлмира Оқасова мен Адалят Ниязова Бауыржан Момышұлы кабинетін арнайы таныстырып, мақсаты мен мәнін баяндады.

Шара барысында №1 Азат орта мектебінің директоры Аяла Дүйсеқожа мектепте «Жас заңгерлер» клубының құрылғанын хабарлап. Клуб тәлімгерлерінің ант қабылдау рәсімін тамашалауға шақырды. Танымдық шара мектеп оқушыларының Бауыржан Момышұлы туралы сахналық көріністерімен, патриоттық әндерімен жалғасты. Ауылдағы игі істің басында жүретін әжелер ансамблі де көрермен көңілін көтеретін халық әндерін тарту етті. Қорытынды сәтте қонақтар мектеп ұжымының жұмысына жоғары баға беріп, өздеріне қажетті мәлімет пен тәжірибе алғанын жасырмай, алғыстарын білдірді. 

 

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 341 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет