Бейсенбі, 05 Ақпан 2026 19:45

Көшедегі ірі қараның басы – бейқамдықтың айнасы

 

Жуырда редакцияға қала маңындағы «Тау самалы» демалыс орнының қожайыны Мейрам деген азамат шағыммен келген болатын. Айтуынша, Есік қаласынан Көктөбе ауылына қарай шыға берістегі каналдың бойына белгісіз адамдар ірі қара малдың басын тастап кеткен. Осыны айтқан кәсіпкер құзырлы органдармен тілдесіп, табиғатымызға, қаламызға «қастандық» жасап жүргендерді табуға қол ұшын беруді сұрады.

Әрине, оқырманның өтініші тасада қалмайды. Оған қоса, Есік қаласы – сіз бен біз өмір сүріп жатқан киелі мекен. Ал оның табиғатын лас-таушылармен күресу азаматтық парыз. Осындай оймен аталған жерге барып, қоқыс полигонына айналған канал бойын қарадық. Әр жерде қап-қап болып үйілген қоқыстар, үй жануарларының өлекселері мен аталған ірі қара басының иісі қолқаны қабады. Қазір қыс ауасы, ертең көктем келіп, күн жылынғанда осы маңнан жүрудің өзі мүмкін болмай қалары сөзсіз. Көлікті жол шетіне қойып, 100 метр аумақты жаяу шолып шықтық. Бас-аяғы 30-40 ірі қараның басын санадық.

Кейбірі шіріп, сүйегі қалған, ал кейбірі жаңа сойылған малға ұқсайды, терісімен жатыр. Ол ол ма, қоқысты тастаған адам «Керек болса мені тауып алыңдар» дегендей, малдың құлағындағы сырғаларын да жоймаған.   Мал бастары мен сырғаларын суретке түсіріп, құзырлы мекемелерге жүгінейін деп жүргенде Райымбек батыр атындағы орта мектеп жанындағы, яғни С.Абдиев көшесінің бойындағы тағы бір сұмдықты көзім шалды. Жолдың бойында тағы бір ірі қара басын байқадым.

Көліктен түсіп, суретке түсіре бергенімде: «Бұл ештеңе емес қой, жоғары жақтағы бастарды көрдің бе?», – деді бейтаныс адам. Сұрастырып, қаланың жоғарғы жағына беттедім. А.Мәлкеев көшесімен көтеріліп, қазіргі «Хан Балық» орналасқан маңда жол бойында 7-8 малдың басы шашылып жатыр. Естуімше, қаланың әр тұсында осындай сұмдық жағдайларға куә болған тұрғындар. Жағдайды көзбен көріп тұрған соң дереу іске кірісіп, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Дамир Қалдыбевпен жүздесіп, жағдайды түсіндірдік, қолда бар материалдарды тапсырдық.

– Бұл – заң талаптарына да, адамгершілікке де қарсы әрекет. Құлағындағы сырғалары арқылы малдың қожайындарын табуға болады. Тіпті ол басқа облыста тіркелсе де арнайы хат жолдап, жауабын алуға барлық мүмкіндік жасаймыз. Бірақ бұл ұрланған ірі қаралар болуы мүмкін. Мал иелері табылған күннің өзінде құқық қорғау органдары ғана жауапқа тартады, – деді ауданның бас ветеринары.

Осы тұста учаскелік полиция пунктіне хабарласып, мән-жайды түсіндірдік. Қалаға жауапты учаскелік полиция инспекторы Қуандық Тютебаев дереу оқиға орнына жетіп, фактілерді тіркеп алды және ветеринария бөлімімен бірлесе жұмыс жасауға уағдаласты, кірісіп те кетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан», «Жасыл Қазақстан» құруға, тазалыққа аса мән беруге шақырып жатқанда бәзбір адамдардың бұл әрекеті елімізге жасалған қастандық дер едім. Ауданымыздағы негізгі туристік орындарға баратын жолдың бойына, балалар көп жүретін мектептің маңына бұлай малдың басын тастап кеткендердің әрекеті жазасыз қалмауы керек. Ірі қаралардың ауру еместігіне де ешкім кепіл бола алмайды. Ең алдымен, аталған жағдай қала тұрғындарының денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Шіріген мал басы түрлі жұқпалы аурулардың ошағына айналуы бек мүмкін. Шұғыл әрекет жасамасақ, күн жылынғанда шыбын-шіркей мен иістен инфекцияның еселене түсетіні бесенеден белгілі. Мұндай бейқамдықтың соңы ауыр салдарға соқтыруы мүмкін. Бұл – жай ғана санитарлық мәселе емес, қоғамдық жауапкершіліктің жоқтығын айғақтайтын дабыл.

Қала тұрғындары мен шаруа қожалықтары иелерінің назарына! Барлық елдімекендердің маңында санитарлық талаптарға сай мал қорымы бар, яғни, арнайы мал өлекселерін тас-тайтын орын. Мал сойсаңыз немесе үй жануарлары өлсе, аталған орындарға апарып тастасаңыз болады.

Хош, мәселе көтерілді, құзырлы мекемелер білек сыбана іске кірісті, әліптің артын бағамыз...

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 356 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет