Жұма, 06 Сәуір 2018 09:32

Қазақ тілі – ұлттың жаны

Ана тілі... Осынау сөзде қаншама мән мағына жатыр десеңізші. Санамызда тұнып тұрған ойларды әспеттеп жеткізу, ойымызды анық айту – осының бәрі тіл арқылы жүзеге асады.

Тіл болашағы – ел болашағы. Тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталу керек. Сәбилерге бесікте жатқан кезден қазақтың бесік жырын айтып, өсе келе ертегілер айтып, ана тіліміздің құндылығын бойына сіңіре білуіміз ләзім. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» деген. Біз қазақ елі шешендік өнерге, ақын-дыққа, сазгерлікке жаны құмар халықтардың бірі де бірегейіміз.Біздің мақтанышымыз да, байлығы-мыз да, асыл қазынамыз да өшпес мұрамыз – тіл.

Амал нешік, бүгінгі таңда туған тілімізді шұбарлап, аралас сөй-лейтіндерді жиі кездестіреміз. Қазақ тілін біліп тұрса да, сөй-лемейтін шала қазақтарды көрген-де, қынжылатынымыз рас. Бұл мәселеге тоқтау салатын кез келді. Қазақ тіліне жаны ашитын әрбір азамат осыған жұдырықтай жұмылып атсалысуымыз керек. Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы Елбасын да аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан болар, Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Өзіміз ана тілінде сөйлемейінше, өзге ешкім бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуіміз тиіс. Бұл – аз уақыттың арасында тындырып тастайтын іс емес. Бұл мемлекеттік тұрғыдан, ұзақ жылдар бойы, ұдайы айналысатын іс» – дегені, қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күшімізді жұмсауымыз керек екенін айқындап тұр.

Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тіліміз бізге, яғни атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Біз өзіміздің ана тілімізді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев:

«Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім!», – деп жырлағаны қазақ тілінің ешқашан тозығы жетпейтін асыл мұра екенін сипаттап тұрғандай. Міне, осыдан кейін қазақ тілінің қасиетті де қастерлі, орамды тіл екенін ұғамыз.

Жоғарыда айтып өткеніміздей қазіргі таңдағы белең алып тұрған жағдайдың мәселесін шешу жас ұрпақтың, яғни біздің қолымызда. Әлемге әйгілі ел болуымыз, қазақ деген ұлттың бар екенін паш ету – біздің міндетіміз. Елбасының тілдердің үштұғырлығы саясатын қолдап, қазақ халқының үш тілді де яғни қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік меңгерген білімді де білікті ұрпақ болып өсуіне ары қарай дамуына бәріміз жұдырықтай жұмылып, атсалысуымыз қажет. Бізді өмірге әкеліп, оң-солымызды тануға үйреткен ата-анамызды қалай қадірлеу керек болса, өз ана тілімізді де солай аялау қажет. Туған тілінде шұбарлап сөйлеп, ана тіліміздің қасиетін түсіне алмай жүрген адамдарды көргенде, Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деп ашына айтқаны ойға оралады. Жәндік сияқты өмір сүрмес үшін, тілімізді қадірлей білейік, ағайын!

Жадыра АЛМАС,

Әймен орта мектебінің

11 сынып оқушысы.

Оқылды 1704 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет