Жұма, 30 Наурыз 2018 09:06

Заңсыз іс-қимылға жол жоқ!

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдері мәлімдеме жасады. Шараға Бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Лоскутова, Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Ерлан Абаев және Бас прокуратураның Қоғамдық мүддені қорғау қызметі бастығының орынбасары Анна Жданова қатысты.

Жиын барысында Бас прокуратураның рес миөкілі Оксана Лоскутова мәлімдеме жасап, Бас прокуратура «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты тіркелмеген қозғалыстың заңсыз қызметін анықтағанын атап өтті.

«Оны Қазақстанда 20 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған Мұхтар Әбіләзов құрған. Әбіләзов сотпен қыл-мыстық ұйым құрғаны, 7,5 млрд АҚШ долларын ұрлап, шетелге шығарғаны үшін кінәлі болып танылған. Қылмыстық табыстарды заңдастыру фактілері бойынша бірқатар еуропалық елдерде Әбіләзовқа қатысты тергеу жүргізілуде. Ұлыбрита-нияда Лондон қаласының Жо-ғарғы сотының шешімімен Әбіләзов пен оның сыбайластарынан 4 млрд АҚШ доллары өндірілген. Әбіләзов шетелде сот жазасынан жасырынып, Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын бұзып, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді насихаттау мен үгіттеу бойынша заңсыз әрекетін жалғастыруда. Интернет желілері, мессенджерлер, сондай-ақ әртүрлі әлеумет-тік топтарға парақшалар тарату арқылы Әбіләзов белсенді түрде Қазақстанның азаматтарын қозғалысқа қосылуға шақырады, қазіргі биліктің жағымсыз бейнесін құрып, қоғам-да наразылық көңіл-күйлер қалыптастыруда. Осылайша, жоспарлы түрде әлеуметтік араздық пен алауыздықты қоздыруда. Наразылық акциялардың бейбіт өтетіні туралы айтса да қозғалыс басшысы М.Әбіләзов пен оның белсенділерінің қылмыстық мақ-саты – билікті құлатып, басып алу болып табылады. Бұл әрекеттер «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң бойынша саяси экстремизм болып саналады және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыс ретінде қудаланады. Осыған байланысты Бас прокуратура «Прокуратура туралы» заң мен көзделген өкілеттіктерін іске асырып, сотқа қозғалысты экстремистік ұйым деп тану туралы арызбен жүгінді. 2018 жылғы 13 наурызда Астана қаласының Есіл аудандық сотының шешімі-мен аталған арыз толық көлемде қанағаттандырылды. Сот арқылы қозғалыстың әрекеті экстремис-тік деп танылып, оған Қазақстан Республикасының барлық аума-ғында тыйым салынды», деп атап өтті О.Лоскутова.

Сонымен қатар ол бұл ұйым-ның әрекетін бейне-хостингтер арқылы таратуға тыйым салын-ғанын жеткізді.

«Бұдан басқа, әлеуметтік алауыздықты қоздыру, билікті басып алуды насихаттау және оған жария түрде шақыру фактілері бойынша ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдары сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізуде. Құрметті азаматтар, Бас прокуратура сот шешімінен кейін «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының кез келген әрекетіне қатысқаны және қаржыландырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 182, 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көз-делгенін түсіндіреді. «Қатысу» әрекетіне қозғалыстың идеясын үгіттеу және насихаттау, оның жарияланымдарын, парақша-ларын, постарын, пікірлерін және басқа да ақпараттық материалдарын дайындау, шығару, көбейту және тарату жатады. Сонымен қатар «қатысу» болып қозғалысты және оның басшысы Әбіләзовті қолдауда митингілерді, шерулерді, жария акцияларын және басқа жаппай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу саналады. «Қар-жыландыру» ұғымына Әбіләзов пен қозғалысқа ақшаны, өзге де мүлікті беру немесе жинау, сыйға тарту, айырбастау, қайырмалдық жасау, демеушілік және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсету жатады. Сонымен қатар істегі заңнамаға сәйкес, экстремистік топтың әрекетіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адам, қылмыстық жауаптылықтан босатылады», деді ресми өкіл.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан».


Оқылды 1481 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Когулов Аскар Турсбекович 1983 жылы 26 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында Бижанов…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен, Сарсембеков Нұрбек Жұматайұлы 1 қыркүйек 1977 жылы Алматы облысы, Шелек ауданы,…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен, Мухадиев Құдайберген Әкімханұлы 1982 жылы 21 тамыз күні дүниеге келгенмін. 2000-2004…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Сөгеті ауылдық округінің тұрғындары. Мен Дулатов Арман Бакытович, 1971 жылы 14…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Асимахынов Дастан Сайлаубайұлы, 21 қаңтар 1990 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Кеген…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Асимахынов Дастан Сайлаубайұлы, 21 қаңтар 1990 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Кеген…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Байтилеуов Айдын Сарсенбаевич, 1992 жылы 27 мамырда Еңбекшіқазақ ауданы, Есік…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет