Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2020 16:18

Ахметов Бекет Төлегенұлының Nur Otan партиясының праймериз науқанына ұсынған бағдарламасы

 

2020 жылға арналған үлкен жоспарлар мен міндеттерді белгіледік. Алайда, баршамыз үшін коронавирус пандемиясы мен жаһандық экономикалық дағдарыс, табиғи және техногендік апаттар біз үшін елеулі сынақ болды.

«Мәңгілік елдің» негізін қалап келе жатқан киелі шаңырағымыз Қазақстанның 2021 жылы тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Осындай қастерлі кезеңді абыроймен қарсы алу баршамыз үшін маңызды болмақ.

Осы орайда «Алтын адамның» құт мекені болып табылатын Еңбекшіқазақ ауданындағы әрбір бағындырылған белесті, жеткен нәтижелі табысты одан әрі арттырып, қарапайым халықпен, еңбек адамдарымен бірге басты мақсаттарға қол жеткізу – біздің міндетіміз.

Осы мақсаттарды орындау үшін бағдарламамда жеті бағытқа басымдық беріп отырмын:

  1. Мен үшін тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру аса маңызды басымдықтардың бірі болып табылады.
  2. Мен білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізу арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға күш саламын. Ол үшін: денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға ықпал етемін. Ауданда кәсіби мамандардың тапшылығы байқалады, сондықтан аудан аумағындағы медицина мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру, олардың елімізде ғана емес, басқа да алдыңғы қатарлы дамыған медицинасы бар шет елдерде оқуына мүмкіндік жасау үшін құзырлы құрылымдарға ұсыныс енгізуіміз, ауылдық жерлердегі ескірген, ғимараты жоқ денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысын шешуді бақылауға алуымыз қажет.
  3. Мен әрқашан азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әркімнің таза суға, таза ауаға және сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдаймын.Бұл бағытта «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» жобаларының сапалы іске асуын назарға аламын.

Таза ауыз сумен қамтамасыз ету аса маңызды. Сол себепті 15 ауылдың жүйелерін салу және 15 ауылдың су жүйесін қайта құру мәселесін бақылауда ұстаймын.

Ауданда тұрғын үй алу кезегінде 2644 отбасы тұр. Бұл бағытта тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін көтеру аясында жұмыс жалғасатын болады. Бұл тұрғыдан мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті қолдауға көңіл бөлемін.

 10 ауылды газдандыру, 29 ауылда газ тарату желілерін салу мәселесін күн тәртібінде қарастыруға жағдай жасаймын.

Еңбекшіқазақ ауданының орталығы болып табылатын Есік қаласының экономикалық-әлеуметтік  инфрақұрылымын дамыту, архитектуралық келбетін жақсарту маңызды. Ол үшін: Есік қаласының архитектуралық келбетіне әсер ететін маңызды шешімдер қабылдау; Есік қаласындағы жолдардың сапалы жасалуына бақылауды күшейту; Есік қаласында қоғамдық көлік тоқтайтын аялдамаларды жаңа аялдамалар салу бойынша жұмыстардың жүргізілуіне ықпал етемін; Электр желілері мен су құбырларын жаңарту, жауапты органдардың көрсететін қызметтерінің дәрежесін көтеруге бағытталған шараларды бақылауға алу; Есік қаласында кәріз жүйесін қайта құру және салу, Бөлектегі қалдықтар төгілетін аумақтың мәселесін шешу;

  1. Қазақстан – көпұлтты ел болғандықтан татулықты, қоғамдағы саяси тұрақтылық пен толеранттық қатынасты қалыптастыруда игілікті жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл бағытта маңызды мақсаттар жүзеге асырылып, еліміздегі барша ұлттар мен ұлыстарды қазақ ұлтының маңына топтастыру жұмыстарына көңіл бөлінуі қажет.
  2. Ұлттық рух, мәдениет, бiрлiк – бiздiң стратегиялық таңдауымыз. Ұлттық рух бар жерде рухани жаңару күш алады. Елбасы атап көрсеткендей ұлттық сана, ұлттық код рухани жаңарудың түп қазығы. Елбасының «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» деген пікірінің өмірлік мән-маңызы бар.
  3. Жастар – ел болашағы. Бұл ретте бірінші кезектегі материалдық проблемалары жұмыссыздық, тұрғын үй мәселесін шешу, әлеуметтік және медициналық жағдайларын жақсарту күн тәртібінде болады.

Әлеуметтік және өмірлік перспективалар, әлеуметтік шеттелу мәселелерін шешу үшін қоғамдық жұмыстарға араластыру, жастар орталығының жұмысын жетілдіру және қолдау.

Жастардың моральдық нормалар мен қоғам құндылықтарын қастерлеу, мәдениеттілік пен патриоттылықты қаыптастыру үшін қолдау.

  1. «Алтын көпір»: халық – мәслихат – атқарушы орган Мәслихатты қоғамнан бөліп қарауға болмайды. Сондықтан жергілікті атқарушы билік пен тұрғындар арасында алтын көпірге айналып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті мүмкіндіктерді мүлт жібермеу – мәслихат депутаттарының бұлжымас міндеті.

«Әр істе де әділ бол, әділ болсаң әлді боласың» демекші, «Nur Otan» партиясының  ішкі сайлауына праймеризден сәтті өтіп, аудандық мәслихатқа депутат болып сайланған жағдайда барлық депутаттық құқығымды пайдалана отырып аудан игілігіне бар күш-жігерімді жұмсайтындығымды жеткізгім келеді.

Оқылды 1201 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…
Қаз 23, 2025

Диспенсерге арналған пластик…

Қазіргі таңда кеңселер мен ұйымдарда, сондай-ақ тұрмыстық жағдайда диспенсерге арналған…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет