Алматы облысы бойынша ауылшаруашылығы-нан ірі мегаполис саналатын ауданымыз инновация-лық игіліктерді әлдеқашан пайдаланып үлгерді. Бұған ауданымызға іс-сапармен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қанық болды. «Адал» агро өнеркәсіптік кешенін, «Амал био» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін аралап, жаңашылдықтың жайымен толық танысты.
Шаруашылығының негізі сүт өнімдерін құрайтын «Адал» ұжымы жыл санап әлемдік жаңалықтарды жарысып енгізуде. Бұл турасында компанияның бас директоры Серік Смаилов министрге толық баяндап өтті әрі түйткілді мәселенің де ұшын шығарды:
– Біз ең бірінші сүт өнімдерінің табиғи қуаттылығын сақтау-ды ұмытпауымыз тиіс. Осы мақсатта 100 басқа дейін ірі-қараны ұстайтын кооператив-терді барынша жан-жақты қолдауға бармыз. Себебі, байқап отырғанымыздай, қазір жасанды сүт өнімдері сауда айналымында әлі жүр – деді. Амандық Ғаббасұлы да бұл турасында: – Бүгінгі таңда Алматы облысында былтыр 150-ден астам сүт өткізу кооператив-терін құрдық. Одан 4500 тонна сүт алынды. Ал жасанды тауар өнімдерін нарықтан аластату үшін облыс бойынша күніне 500 тонна сүт өнімдері жетіспейді. Бұл әлі де жұмылып жұмыс істеуді талап етіп отыр – деп ойын білдірді. Шындығында, «Адалдың» маркасы жапсы-рылған сүт өнімдері респуб-лика жұртына кеңінен танымал. Мұндағы мамандар әлемдік бәсекеге төтеп беретін озық технологиялардың қыр-сырын меңгеру үстінде. Оны күнделікті жұмыстың арқауына айналдыру мақсатында ізде-ністер үдетуде.
Керегесін көтеріп, уығын қадаған 19 жыл ішінде «Адал» компаниясы өнім өндірудің сан-салалық күрделі жолында түгесілмей келеді. Мәселен ірі-қара санын 2205-ке жеткізді. 40 басқа арналған мал бордақылай-тын алаң ашылды. Өз меншігіндегі егістік алқаптарының да көлемін ұлғайтып, 3124 гектарға жеткізді. Оның 2703 гектары суармалы. Алқапта бидай, жүгері, көпжылдық шөп секілді дақылдардың бәрі бар. Осының нәтижесінде малға берілетін азық-түліктің мол қоры жасақталып отыр. Әсіресе, сиырларды тиісті рацион бойынша азықтандыру тәртібі қалып-тасқан. Жүгері өндіруді де жолға қойып келе жатқандығын мақтанышпен айтты компания басшысы: – Жүгері өсірудің жаңа тәсілдерін меңгеріп келеміз. Былтырғы жылы гектарынан 88 центнер өнім алдық. Биыл бұл көрсеткішті 88,6-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз – дейді. Үздіксіз ізденіс нәтижесінде цифрлық технологиялар да кешенде кеңінен пайдаланылады. Бәрі бір орталықтан басқарылады және бақыланады.
Сүт зауытының әлеуеті де зор. Өнімнің 56 түрі өндіріліп, жалпы көлемі 17222 тоннаға жетіп отыр. Халықаралық сапа белгісі стандарттары да толық ескерілген.
Кездесу барысында Өмірзақ Шөкеев жұмысшылардың тұр-мыс-тіршілігіне де назар аударды. Мамандармен еркін форматта пікір алмасты, ұсыныстарын тыңдады.
Одан кейін Үкімет басшы-сының орынбасары Елбасының «Туған жер» идеясын республика боп тұңғыш қолдап, 30 млн теңгеге Ащыбұлақтағы саябақты қалпына келтіріп берген «Amal Bio» серіктестігіне қарасты интенсивті бақтар-ды аралап көрді. Суы мөлдір, топырағы құнарлы ауданымыз-дың Қаражота округіне қарасты 80 гектарына отырғызылған интенсивті бақ көрсе көз тоярлық. Енді оның көлемін 300 гектарға дейін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Алынған өнімді жыл он екі ай сақтаудың да жолдары жүйеленген: сыйымдылығы 6000 тоннаны құрайтын қойма жұмыс істеп тұр. Серіктестік басшысы Асқар Сабировтың айтуынша, мұндағы мамандардың дені шетелдерде білім алып, олардың озық технологияларын меңгерген жастар. – Білім бәсекесі заманында біз сан соғып қалмауымыз тиіс. Сондықтан әлемдік озық технологияларды еркін игерген жастарды барынша қолдап келеміз. Тіпті, ауыл жастарының ішінен жаңашылдыққа жаны құмар жастар шықса, шетелге оқытып, қайта өзімізге жұмысқа алуға да жағдай жасауға бармыз – дейді Асқар Сабиров.
Өмірзақ Шөкеев дәл осындай жаңашылдықпен әлемдік бәсекеге қабілетті бола алатын кәсіпкерлердің қатарын көбейту мәселесі тұрғандығын айтты журналистерге берген сұхбатында: – Біз Елбасы тапсырмасымен мал шаруашылығын қарқынды дамыту мақсатында арнайы мемлекеттік бағдарлама дайындап жатырмыз. Сол бағдар-ламаны барлық өңірге таныстыру мақсатында пікір алмасу жұмыста-рын жүргізіп келеміз. Бұған дейін Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында болдық. Міне, бүгін Алматы облысының шаруаларымен кездесіп отырмыз. Мұндағы мақсат – бағдарлама тек қағаз жүзінде қалмай, нақты нәтижелерімен көрінуі тиіс. Айталық, елімізде ірі шаруашылықтар саны 30-дан асса, оны жүзге жеткізу, 16000 фермерлер санын жүз мыңға дейін өсіру жоспарда. Бұл өз кезегінде аграрлық салаға 400 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді – деді.
Аудан экономикасының күретамыры саналатын ауылшаруашылығы биыл 92,1 млрд теңгенің өнімін өндіреді деген жоспар бар. Интенсивті бақтардың санын тағы 400 гектарға ұлғайту да болжануда. Әрине, бұл жүйелі жұмыс, нақты стратегиялық жоспардың жемісі. Әрі іргелі өңіріміз ғылым мен тәжірибенің ашық алаңына айналып келе жатқандығын да байқаймыз. Демек, бұл көрсеткіштеріміз алар асуларымыздың «әліппесі» ғана болмақ.
Қайнар ЖҰМАҒОЖА