Жұма, 29 Наурыз 2024 10:45

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат Ескендірұлы Байеділовтің кандидатурасы ұсынылып, мәслихат депутаттары бірауыздан келісім берді.

Сессияға қатысқан облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев депутаттарды Талғат Ескендірұлы-ның өмірбаянымен таныстырып, еңбек жолына тоқталып өтті. Халық қалаулыларының келісімімен өкімге қол қойған Марат Елеусізұлы аудан активімен кездесіп, жаңа әкімді таныстырды.

Жиында Еңбекшіқазақ ауданында шешімін таппай тұрған мәселелерге тоқталған облыс басшысы Талғат Байеділовке бірқатар тапсырмалар берді.

– Еңбекшіқазақ ауданы – әлеуеті зор, берекелі мекен. Осы алып өңірде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Десек те, ақсап тұрған салалар да жоқ емес, әсіресе, инфрақұрылымға баса назар аудару қажет. Біліміңіз бен біліктілігіңізді, мемлекеттік қыз-метте жинаған тәжірибеңізді аталған түйіткілдердің түйінін тарқатуға, ауданды гүлдендіру жолында іске асыруға үлкен мүмкіндік туды, – деп Марат Сұлтанғазиев аудан әкіміне сенім білдірді.

Сөз кезегін алған Талғат Байеділов Еңбекшіқазақ ауданын гүлдендіруге, тұрғындар-дың әл-ауқатын арттыруға күш салатынын айтты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов әкімге сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Айта кетейік, Талғат Бай-еділов 1972 жылы дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемле-кеттік басқару академиясын аяқтаған. Еңбек жолын 1992 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында «Тоғызбұлақ» колхозында бастаған. Мемлекеттік қызметті 2008 жылы Алматы облысы Райымбек ауданының Кіші-Жалаңаш селолық округі әкімі лауазымынан бастаған. Райымбек ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.  2018 жылдан Кеген ауданының әкімі болып қызмет атқарған. 2023 жылдың 30 наурызынан осы күнге дейін Алматы облысы мәслихатының төрағасы болған.

С.НҰРАДИН.

Оқылды 11600 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Үкімет басшысы тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Қаң 26, 2026

Конституцияны жетілдіруге…

онституциялық комиссия отырысында қаралған түзетулер қоғамның кең ауқымды қатысуымен…
Қаң 26, 2026

Конституциялық реформалар…

Конституциялық комиссия отырысында қаралған түзетулер Ата заңды заман талаптарына сай…
Қаң 26, 2026

Конституциялық комиссияның екінші…

Конституциялық комиссияның екінші отырысында ұсынылған түзетулерді жан-жақты талқылау…
Қаң 26, 2026

Конституциялық комиссия түзетулер…

Астанада Конституциялық комиссияның екінші отырысында Ата заңға енгізуге ұсынылған…
Қаң 26, 2026

Конституционная комиссия приступила…

В Астане на втором заседании Комиссии по Конституционной реформе детально рассмотрены…
Қаң 26, 2026

Конституциялық реформалар –…

Конституциялық реформалар – еліміздің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған…
Қаң 26, 2026

Конституциялық реформалар –…

Конституциялық реформалар – еліміздің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған…
Қаң 26, 2026

Конституциялық реформалар –…

Конституциялық реформалар – еліміздің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған…
Қаң 26, 2026

Жантасов Бауржан конституциялық…

Конституциялық реформалар – еліміздің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет