Аудан әкімдігінің қаулысымен өткен аптада елді-мекендерді көркейту, сауда, сәулет және қала құрылысы, төтенше жағдайлар, санитарлық тазалық, экологиялық ережелерді сақтау мақсатында мониторинг жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.
Академик Мәлік Ғабдуллин:«...Халық ауыз әдебиеті – ел өмірінің айнасы» – дейді. Бұл шындық. Қай халықтың әдебиет тарихына ой көзбен қарайтын болсақ, ауыз әдебиеті бұрын пайда болғаны – талас тудырмайтыны ақиқат. Шаяхмет қазақтың ауыз әдебиетінің алтын қорынан нәр алып, өзінің барлық шығармаларына арқау етіп отырады. Оның тамаша айтыскерлігі бұл айтқанымыздың дәлелі. Анығырақ айтар болсақ, 1977 жылы қызылордалық Жұмабек Оразбековтен басым түскен. Алматыдағы Жамбыл атындағы филормонияда талғарлық айтыскер ақын Жанат Жаубасовпен айтысқан. 1981 жылы Мұқағали Мақатаевтың 50 жылдығына орай Нарынқолда айтыс өткен. Сол айтыста Әбділдә Тәжібаев бастаған әділ-қазылар алқасының шешімімен, (ол кезде Талғарға көшіп келген Жұмабек Оразбаев тағы да Шаяхметпен айтысқа түседі) Алматы облыстық ақындар айтысының қорытындысы бойынша Еңбекшіқазақ ауданының атынан Шаяхмет екінші орынды иемденеді. 1982 жылы айтыс Еңбекшіқазақ ауданының орталығында өтіп, бұл айтыста Шаяхмет Кеген ауданының ақыны Сабыр Досымбековпен, ал жұбайы Күлпара Құсайынова талғарлық ақын Жанат Жаубасовпен айтысып, Күлпара Құсайынова екінші орынды қанжығасына байлап, Шаяхмет жүлдегер атанады. Бұл айтыстар туралы Москва мен Софияда шығатын халықаралық «Дружба» журналының арнаулы тілшісі Разия Гафурованың «Поющие сердца» деген мақаласында Шаяхметтің айтыскерлігі жайлы тамаша жазылған. Осындай айтыстары ескеріліп, Алматы облысы басшылығының араласуымен Шаяхмет Құсайынұлына екі бөлмеден екі пәтер сыйлық ретінде берілген. Бұл да ақынға деген зор құрмет деп білеміз.
Жағаны ұстатар жасөспірімдер қылмысы жыл санап артып келеді. Айталық, былтыр облыс бойынша 10 ауданда 600 қылмыстық іс сотта қаралса, биыл 1700-ді көрсеткен. Бұл Алматы облысы сотының жасөспірімдер ісі жөніндегі сот төрағасы Берік Күзембайдың келтірген мәліметі. «Оның басым көпшілігі ата-ана құқығынан айыру және ауыр қылмыстар» дейді Берік Тілеуғалиұлы. Үрейлі статистикалық мәліметтер терең зерттеу мен зерделеуді талап етті. Себебі, ауданымыз облыста жасөспірімдер қылмысы жөнінен алғашқы бестіктің арасында екен.
Бірер күн алды сыныптасымды көрдім. Жол бойы жолыққан екеуміз балалық шақтың керемет күндерін біраз еске түсірдік. Қызық күндерді, балалық бұзық күндерді дегендей... Не керек, әңгіме отбасы, ошақ-қасы мәселелеріне ойысты. Жақында ғана үйленгенін естіген едім, жолдасының жайын сұрадым. «Ой, ажырасып кеттім. Бір баласымен жібердік қой» демесі бар ма? Бойында өкініш сезімі де байқалмайды. Кәдуілгі күнделікті әрекет секілді. Содан үйленген, тұрмыс құрған сыныптастарым жайлы да бірер әңгіме басын қайырдық. Енді бірін сұрағанымда:
– Ол да ажырасқан. Бір баласымен әйелі кетті. Екіншісіне үйленіп алды ғой. Естімедің бе? Қазір бір балалы болды, – деп жымияды. Әлгі бірге оқыған қыз ше? (атын атамағанды жөн санадым) деп енді бірін сұрадым. «Ол екінші баласын жолдан тауып алды» деп дүрсе қойды.
Жақында Райымбек батыр атындағы орта мектеп қабырғасында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен діни экстремизм және терроризмнің алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Қазақтың батыр ақыны Махамбет Өтемісұлы:
– Халық үшін қан төгем деп,
Қараны ханға теңеп берем деп.
Ол мақсатқа жете алмай,
Дегенімді ете алмай,
Қор болдық-ау, шырақ-ай! – деп азаттық жолында қарапайым халықтың мүддесі үшін қасық қаны қалғанша күрескен. Ал одан бұрынғы, кейінгі батырларымыздың да мақса-ты бір – қазақ халқының тәуелсіздігін алу. Осы жолда құрбан болып, 41-дің қаһарлы күндерінде от кешкен Бауыржан Момышұлының есімін білмейтін қазақ кемде-кем. Ол сұрапыл соғыс жылдарында Отанын оттан қорғап қана қоймай, ұрпағына қара сөзден өшпес із қалдырды. Биыл батыр бабаның туғанына – 105 жыл.
Шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына биыл – 180 жыл. Даналық пен даралықтың, білім мен біліктің риясыз көрінісіндей болған Шоқан Шыңғысұлының жұлдызды ғұмыры бүгінгі ұрпаққа өнеге.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында ұлттық валютаның дүниеге келуі шын мәнінде бетбұрысты кезең болды. 1993 жылдың 15 қарашасында төл валюта – теңгенің айналымға енгізілуімен еліміз экономикалық және қаржылық тәуелсіздікке бет алды.
Ибрагим Исмайылұлы Кебиров қарапайым кішіпейіл азамат. Жұмысына тыңғылықты, өз кәсібін жетік меңгерген білікті маман. Есік қаласындағы мектеп-интернатта оқыған. Сынып- тастары арасында ерекше көзге түсіп, білімі мен қабілетінің арқасында өзі қалаған оқу орнын жақсы аяқтап шығады да, мамандығы бойынша құлшына іске кіріседі. Өткен күнге көз жіберсек, Ибрагим Алматы облысының көптеген ауданда- рында құрылыс саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған құрылыс майталманы.
Координатор проекта Ассоциации
практикующих психологов
Юлия Калюжная занимается тем, что помогает людям,
пострадавшим от пагубного
влияния псевдорелигиозных
объединений (ПРО).
Қылқаламның көмегімен қиялындағы Қазақстанның келешегін ақ қағазға түсіру екінің бірі, егіздің сыңарының қолынан келмес. Тіпті, шектеулі бір сағат қана уақыт ішінде. Алайда, аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен байқау кезінде Елбасы, ел сенімін еңсеретін жалынды жеткіншектеріміздің өсіп келе жатқанына тағы бір мәрте көзіміз жетті. Айтпағым «Ұлы Дала төсіндегі Мәңгілік Ел» тақырыбында өткен жас суретшілер байқауы жайлы.
Жақында «Елім-ай» қоғамдық қорының биылғы жылы атқарған жұмыстарын таразылау мақсатында Балтабай орта мектебінде қорытынды жиын өтті. Оған облыстық мәслихат депутаты, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов, әр округтің белсенді жастары мен ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері арнайы қатысты. Жиында қоғамдық қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов кеңінен сөз сөйледі:
Сырлы сандар әлеміне саяхат. Иә, бұл статистика мамандарының күнделікті жұмыстары болғанымен, біз сияқты қарапайым адамдарға нағыз саяхат. Олай дейтініміз, ауданның бүкіл тыныс-тіршілігі, ауылшаруашылығы, дәнді-дақылдардың өнімділігі, тұрғындардың хал-ахуалы, тұрмыс деңгейі, жұмыспен қамтылуы, шаруа қожалықтары және кәсіпкерлік тағы да толып жатқан санмен байланысты нақты мәліметті тек осы статистика басқармасынанала алатынымызға көзіміз жетті мақала жазу барысында. Әрі, сандар бір орында тұрақтап тұрмайды. Олар күнде ауысады. Бірде кемиді, бірде толысады. Бірақ қателесуге болмайды. Есеппен дос болмасаң, саған статистика басқармасында орын жоқ...
Первого ноября, в день открытия физкультурно-оздоровительного комплекса в г. Есике, на центральном стадионе райцентра состоялись три районных матча по футболу. Хотя погода в этот день была пасмурной, дождливой, на поле было по-настоящему «жарко». Причина проста: эти матчи были по значимости решающими и определяли победителей чемпионата района и Кубка акима района.