Бейсенбі, 05 Қараша 2015 11:21

Қорытынды жиын өтті

Жақында «Елім-ай» қоғамдық қорының биылғы жылы атқарған жұмыстарын таразылау мақсатында Балтабай орта мектебінде қорытынды жиын өтті. Оған облыстық мәслихат депутаты, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов, әр округтің белсенді жастары мен ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері арнайы қатысты. Жиында қоғамдық қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов кеңінен сөз сөйледі:

 

– «Елім-ай» қоғамдық қорының жұмыс жүргізіп отырғанына келесі жылы – 10 жыл. Бастапқы кезеңдері біраз қиындық болғаны рас. Оған Үкіметімізде орын алған сан түрлі экономикалық қиындықтар да себеп болды. Яғни, мемлекет тарапынан берілетін гранттар жоқтың қасы еді. Соңғы 3 жылда Мемлекетіміз бізді қамқорлығына алды. Тарылған тынысымызды кеңейтті. Бұл да Егемендігіміздің беріктігінің айғағы екені айқын. Биыл Елбасының тілімен айтсақ, «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы». Міне, осындай тарихи жылды ұмытылмастай өткізу мақсатында жыл басында аудан әкімі Бинәлі Ысқақ аудан айнасы «Еңбекшіқазақ» газетіне берген сұхбатында: «Қазақ хандығын қазақ үй тігіп, қазан көтеріп, көкпар тартып тойлаудың қажеті шамалы. Оның астары – тарихымызға талдау жасау, арғы тегімізді түгендеу. Әр округ ең бірінші өз ауылының тарихына көз жүгіртсін. Зерттесін, зерделесін, ақтаңдақтарын ақтарсын. Себебі, өз ауылының тарихын танымаған адамнан елдің тарихын қалай сұрамақсың» деген еді. Міне, осы тапсырма аясында «Елім-ай» қоғамдық қоры арнайы жоба қорғады. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен әр округте танымдық дөңгелек үстелдер өткізу, тарихи жылдың мән-маңызын түсіндіру, ұлттық болмысымызды ұлықтау тұрғысынан түрлі конференция-фестивальдер ұйымдастыру секілді жұмыстарды жүйелі жүргіздік. Нақты атап өтсем, биылғы атаулы мерекелерге орай, «Қазақ хандығы: Өрелі ел болу – өзімізден» тақырыбында әр округте дөңгелек үстелдер, «Алтын Ордадан – Ақ Ордаға дейін...», «Біз бірлікті қолдаймыз», «Бейбіт күн жасасын әлемде!»,  «Қадірін ата заңның білемісің?», «Ардың шыңы – Ата заң», «Біргеміз, берік іргеміз», «Қаруын қаламға айырбастап», «Ол күндер мәңгі есте сақталады» секілді тақырыптарда акциялар өткіздік. Ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту мақсатында Тайқазанды қабылдап алдық. Тұңғыш рет «Адам және қоғам» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, 1000-нан астам аудан тұрғындарының қатысуымен 150 шақырымды бағындырып, 7 ауылды басып өткен биылғы атаулы мерекелерге орай автошеру ұйымдастырдық. «20 игі іс» жобасы аясында 120-дан астам әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсеттік. «Мектепке жол» акциясы аясында да 30 балаға қамқорлық таныттық. Одан да өзге ардагерлерімізге барып, жағдайын біліп, аз-кем дастарханына дәм-тұзын ұсынуды да назардан тыс қалдырмадық. Сондай-ақ, «Ұлы Дала төсіндегі – Мәңгілік Ел» тақырыбында аудандық суретшілер байқауының да жоғарғы дәрежеде өтуіне ұйытқы боп отырмыз. Мұндай игі іс-шаралардың бәрі де Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Конституциямыздың 20 жылдығына арналып отыр. Жалпы айтқанда, қоғамдық қордың тікелей ұйымдастыруымен биылғы атаулы мерекелерге орай 100-ге жуық түрлі іс-шаралар түндігі түрілді, – деді. Сондай-ақ, атқарған толағай жұмыстарының суреттері слайд арқылы көпшілікке ұсынылды.

Сөз алған Хайролла Ахметжанов және Момунжан Исламов «Елім-ай» қоғамдық қорының 8 айда атқарған жұмыстарына оң бағаларын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 4550 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қорытынды жиын өтті Сандар «сөйлейтін» сала »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет