Мәдиналық мұсылмандардың бірі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп, көмек сұрайды. Ол мұсылманға:
– Үйіңде ештеңе жоқ па? – деп сұрақ қояды.
Әлгі кісі:
– Бір жағын үстімізге жамылып, бір жағын астымызға төсеп жүрген көрпе мен су ішетін ыдыс қана бар, – дейді.
Пайғамбар (с.ғ.с.):
– Бар, соларды маған алып кел, – деп қайтарып жібереді.
Мен нағыз өнерге адам атаулының неге тәнті болатынын жаңа түсіндім.
Сол үшін де, Дәркембай бауырым,сенің алтын саусағың мен қанатты қиялыңа мың алғыс!
Тілеулесің – Ақселеу Сейдімбеков.
22.01.1982 жыл.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және КСРО суретшілері мен дизайнерлер Одағының мүшесі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, Еуропадағы Қыпшақтар қауымдастығының басқарма мүшесі, Қырғыз Республикасы «Дизаин академиясының» толық мүшесі, бірнеше дүркін өткізілген дүние жүзі халықаралық қолөнершілер көрмесінің дипломанты, өмірінің соңғы күндеріне дейін Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы «Сәндік өнер» кафедрасының профессоры әрі меңгерушісі болып қызмет еткен, белгілі қолөнер шебері, жерлесіміз ұста Дәркембай Шоқпарұлының алдымызда туғанына 70 жылдық мерейтойы да жақындап келе жатыр.
Жақын арада Алматы облысында аналогты эфирлік телевизияны өшіру жоспарлануда. Бұл туралы «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы Алматыдағы сату бөлімінің бас маманы Мади Аденов аудан әкімдігінде өткен жиында хабарлады.
– Жақын арада Қазақстан бойынша толқын арқылы хабар тарату тоқтатылады. Телевизия сандық форматқа көшіріледі. Енді шалғай елді мекендегі тұрғындар форматы сапасыз арналарды көріп, сырттағы антеннаны айналдырып әуре болмайды – дейді Мади Аденов.
Халқымыздың қалаулы ұлы, қоғам қайраткері, педагог, публицист, академик, Батыр жауынгер-жазушы, зерек ғалым Мәлік Ғабдуллин осыдан жүз жыл бұрын, қыстауға жиналып жатқан қарбалас шақта Көкшетаудағы Зеренді көлінің сыртында «Қой салған» деген жерде (Қазіргі Мәлік Ғабдуллин атындағы елді мекен) қараша үйдің ішінде 1915 жылы дүниеге келді. Балдырған шағында бақытты заманға кез болып, бастауыш мектепті ауылда оқиды да, Көкшетау қаласындағы балалар коммунасында жетінші класты бітіреді. Білімін жетілдіру мақсатымен Алматыға келіп жұмысшы факультетіне түседі. 1931 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтына қабылданып, оның қазақ тілі мен әдебиеті факультетін ойдағыдай тәмамдап шығады. 1935 жылы «Пионер газеті» редакторының қызметінде, 1936-38 жылдары Қызыл Армия қатарында болады. 1938 жылы аспирантураға түседі. Кандидаттық диссертациясын аяқтау кезінде соғыс басталады.
Қазақ қазақ болғалы Жәнібек пен Керей хан көтерген шаңырақ Кенесары ханға дейін этникалық даралық, мемлекеттік дербестік үшін күресті. Одан кейін де ел тәуелсіздігі жолында қазақ халқы «мың өліп, мың тірілді». Қазақтың ұлан байтақ жеріне қызықпаған, көз тікпеген көрші елдер жоқ шығар. «Тар жол, тайғақ кешудің» талайына төтеп берген қазақ тарихы өткен күндердің айнасы емес пе?Екі ғасырға созылған қазақ-жоңғар арасындағы қан қасап соғыс Жоңғар хандығының жер бетінен жойылып кетуімен аяқталды. Жаралы арыстандай қансырап, әбден титықтаған қазақтың жеріне айналадан анталап, сұғын қадаған елдер шығыста ауызынан от шашқан айдаһардай алпауыт Қытай, оңтүстікте қорқау қасқырдай азу тісін ақситқан Бұхар, Хиуа, Қоқан, батыста Еділ қалмақтары мен башқұрттарды айдап салып, артын аңдыған аюдай алып Ресей – бәрі де Қазақ хандығының әлсірегенін өте жақсы білетін.
Абылай Сейіткерейұлы – Ахметжан бабамыздың үлкен ұлы кезінде «халық жауы» деген нақақ жала жабылып қуғын көрген Мерғалымның немересі Бабасы Мерғалым Ахметжанұлы оқыған, көзі ашық болғандығы үшін «кінәлі» болса, Сейткерей әкесі жеті класс білімімен-ақ талай туындылар тудырған еді. Әттең денсаулығы төмендеу болып, оқуға да мүмкіндігі жетіспей, шығармашылық қабілетін шыңдай алмады. Сондықтан ата-бабаларының, нағашы жұртының (кезінде қазақ елінің бас ақыны атағын алған айтыс ақыны, батырлар жырының айтулы орындаушысы Көкен Шәкеев − Абылайдың анасы Күлзараның ағасы) қабілеті дарыған, Абылай ініме оқу керек дей келе Әскербек Қасымұлының Сәкен немересінен туған Асаналі сәбидің бір жасқа толған кешінде айтқан арнау-батасын жариялап отырмыз.
Хайролла Қасымұлы Ахметжанов.