Жақында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев, Есік қаласының әкімі Бауыржан Бименов аудандық емхана қызметкерлерін Елбасы саясатын қолдап, партия мүшелігіне өтуге шақырды.
Қыс келсе, алдымен балалар қуанады. Жаңа жыл мерекесі, қысқы демалыс, аққала жасау, сырғанақ тебу. Бәрі де қыс мезгілінің балғындарға әкелер базарлығы. Осыған орай, жақында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Түрген филиалының ұйымдастыруымен Түрген сайында қыс мезгілінің ашылу салтанаты өтті.
Әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға сансыз мақтаулар болсын. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхамедке (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын).
«Мүмін болсаң әуелі иманды бол,
Пендеге иман өзі ашады жол» – деп Абай атамыз айтқандай, әрбір адам мұсылман атануы үшін ең алдымен иманды болуы қажет. Иман дегеніміз – Аллаға, періштелерге, кітаптарына, пайғамбарларға, тағдырға және өлгеннен кейін қайта тірілетін күнге сену болып табылады. Осы имандылық негіздерін бойына сіңіре білген адам ғана шынайы бақытқа қол жеткізе алады. Себебі, мұсылман адам бұл сенімдері арқылы өмірдің түпкі мәнін ұғынып, жақсы мен жаманды айыра біледі. Жақсы мен жаман деп отырғанымыз Алла Тағаланың Ислам дінінде бұйырған амалдары мен тыйым салған нәрселерін қамтиды.
Жақында Жамбыл ауданы Аққайнар ауылында КСРО спорт шебері, КСРО чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, тарихи АҚШ-КСРО кездесуінің жеңімпазы, ҚР құрметті спорт қайраткері Жандос Кәкімовтың 70 жылдығына арналған бокстан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Оған еліміздің түпкір-түпкірінен былғары қолғап шеберлері қатысты.
«Білім – инемен құдық қазғандай». Аянбай төккен тер мен табандылық – бұл жерде басты құралың. Қаламыздағы А.Мәлкеев атындағы қазақ-түрік лицейінің оқушылары талаптыға нұр жауатынын сөз жүзінде емес іс жүзінде жақсы біледі. Білімдіге дүние жарық екенін Талдықорған қаласында 5-6 қаңтар аралығында өткен республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінде дәлелдеп қайтты.
Балалар өмірге үлкендердің тәрбиесін алу үшін ғана емес, сондай-ақ БІЗДІ де тәрбиелеу үшін келеді. Мың мәрте қайта ойлансам да, мұны жоққа шығара алмадым. Кей-кезде күтпеген жерден төрт жасар қызым: «Анашым, сіз былай емес, былай істеу керек деп едіңіз ғой» дегенде, бүкіл айтқан сөз, әрекеттерім көз алдымнан қайта айналып өте шығады. Сөйтеді де сергелдеңге салып қояды. Енді мен, о баста айтқан сөзімді сол қалпында қалдыру үшін барымды салуға тырысып бағамын. Себебі, ол кезде бір нәрсені айтсам, кейін басқа нұсқа ұсынсам, балам екі ойлы болып, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата алмай қалуы бек мүмкін. Бұл – бір. Екіншіден, екі сөйлеу деген жаман әдетке бой үйретіп алама деп қорқамын. Үшіншіден, ата-анасының сөзіне жөнді мән беруден қала ма деген үрей төбе шашымды тік тұрғызады.«Бала тәрбиесі – талдан да нәзік» екеніне еріксіз көзің жетеді...
Ислам дінінің түсінігінде отбасы – перзент бойында сүйіспеншілік пен мейірімділік қалыптастыратын қасиетті шаңырақ. Сол себепті, шариғатта отбасының екі тірегі –
әке-шешеге айрықша мән-маңыз беріліп, Аллаһ Тағаланың Құран Кәрімде ата-анаға жақсылық жасауды бұйырғаны үнемі еске алынып, көптеген ізгі іс, ақыл-кеңес ата-ананы аялауға
арналады. Хазреті Имам Нәсәфи: «Ата-ананың (әке-шешенің) баласында сексенге жуық ақысы бар. Олардың 40-ы
тірі кезінде, 40-ы қайтыс болғаннан кейін орындалады.
Тірі кезіндегі он ақысы дене мүшемен, оны тілмен, оны жүрекпен (көңілмен), қалған оны ақшалай өтеледі» – деген.
Жексенбі күні Қаракемер 6654 Ұлттық Ұлан әскери бөлімінде әскер қатарына шақырылған сарбаздардың ант беру рәсімі өтті. Жауын-гер жауапкершілігін арттыру болып табылатын аталған рәсім әскери бөлімнің дайындық алаңында салтанатты мерекеге ұласты.
Медициналық құжатты қате толтыру, диагнозды дұрыс қоймау, өз жұмысына салғырт қарау – бүгінде медицина саласындағы басты кемшіліктер. «Ел дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет көр-сету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту болуы керек» – деген еді Елбасы бір сөзінде. Иә, олқылықтың орнын толтыру үшін аз жұмыстар атқары-лып жатқан жоқ. Жақында аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқар-масында осы мәселе төңірегінде дөңгелек үстел өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының, ардагерлер кеңесі-нің, аудандық сот пен аудандық емхана, перзентхананың өкілдері мен адвокаттар алқасы, қоғамдық қорлардың төрағалары қатысты.
Жақында Есік қаласының әкімі Бауыржан Бименов, аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы подполковник Айдос Жүнісов аудан орталығындағы тәртіпті бақылайтын учаскелік полиция инспекторларымен жиын өткізді. Ондағы мақсат – жылдық жоспарды жүйелеу, қордаланған мәселелерді талқылау.
Тірі өледі, жер қойыны – жатағы,
Ізі қалар, болса жақсы атағы.
Жүсіп әл-Баласағұни.
Екі дүние сәруәрі, барша пайғамбарлардың абзалы пайғамбарымыз Мұхаммед /с.ғ.с./ туған күні қараңғы дүниеге жарық келіп, мүбәрәк нұрымен жерді нұрландырған қасиетті де ұлық күн – Мәуліт мерекесі 23 желтоқсаннан бастап барлық жерде тойланып, 17 қаңтарда еліміздің бас мешіттерінде аяқталмақшы. 9 қаңтарда Тескенсу селолық округіне қарасты Көлді ауылында да жамағаттардың жұмылуымен Мәуліт мерекесі тойланды.
Тәуелсіздікке қол жеткізу оңай болған жоқ. Уақыттың өзін ғана алсақ осы асыл арманға қол жеткізу үшін жылдар, ондаған, жүздеген жылдар қажет болды. Ғасырлар бойы бабаларымыз ұлттық мінез-құлықты қалыптастырды. Менталитетіміздің, мәдениетіміздің, тұрмыс-тық әдет-ғұрыптарымыздың негізін қалады. Тарихымызды таразылап, ұлттық фольклорымызға қазір қағазға түскен, электрондық жүйеге цифрланған ауыз әдебиетіне жүгінсек ұлттық мінез-құлқымыздың өзегі елге, туған жерге деген, ата-ананың балаға деген, баланың әкесі мен шешесіне, үлкенге деген сүйіспеншілігінен құралатынын көреміз. Қазақтың бойында өзіне деген, өзгеге деген сыйластықтың, сөзге тоқтау, жөн сөздің бағасын білу деген қасиеттер бұрынырақ басым болған. Қанына біткен осы қасиеттердің бәрі бар ма қазіргі қазақта. Міне, мәселе қайда! Тәуелсіздіктен басталған сөзіміз неге ұлттық мінезге ұласып кетті дерсіз. Оған жауап: Ұлы даланы, Алатау мен Алтайды, Атырау мен Арқаны жайлаған, Еділ, Жайық, Ертіс, Есіл мен Ырғыз-Торғайды, Жетісудың асау өзендерін бойлаған ата-бабаларымыз бүгінгі, болашақ ұрпақтар қамын ойлаған. Ұлттық мінез, патриоттық сезім отбасынан басталатын отансүйгіштік болмаса осынау ұланғайыр жерімізді ата-бабаларымыз сақтап қала алар ма еді?! Ұлт мінезі, қазіргіше менталитетіне қазақтың кең даладай кеңдігі, қонақжайлығы, осыған сай аңғалдығы да жатады-ау. Сол осалдығын ойлап, бабаларымыз «Жаттан жолдасың болса, қасыңда айбалтаң болсын» деп ескертті.
«Қайырымдылық жасау – бабалар өсиеті, адамның жеке қасиеті» дейді «Елім-ай» қоғамдық қорының төрағасы Жаңаберген Мұхамедов. Жақында осы ұстанымды бағдар еткен қоғамдық қор төрағасы 10 адамға қайырымдылық көрсетті. Арысы Бәйдібек би, берісі Есік қаласынан келген аз қамтылған отбасыларының кемі үш көрпе мен ыдыс-аяққа қол жеткізді. Алды болса, газ құрылғысы, кілем, тіпті 50 шаршы метрлік линолеуммен көңілдері бір сергіп қалды.
Жақында Тескенсу селолық округ әкімі аппараты, республикалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары А.Мырзахметовтың тапсырмасына сәйкес аз қамтылғанотбасыларына көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді.