Бейсенбі, 31 Қазан 2024 12:10

Ауылына қарап, азаматын таны

Адам баласы өмірге келгенде алғаш болып мейірімділікті сезері хақ. Жөргекте жатқан шақалақ тас құрсағын жібітіп, бала дегенде бауыр еті езілетін ана мейіріміне бөленеді. Сондықтан да, адам қанша қатігез болса да, жүрегінің түбінде мейірімділіктің ұшқыны болары анық. Бұл турасында «Адам нәсілін жер бетінде баяндатып тұрған бірден-бір күш – мейірім мен рақым ғана» деп белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев бекер айтпаса керек. Осы екі құндылықты бойына сіңіріп, ұштастыра білген адам ғана артына сөнбес із қалдырып, бұл өмірді толыққанды сүрдім деп айта алады. Иә, жомарттық, мейірімділік сынды асыл қасиеттер екінің бірінің, егіздің сыңарының бойынан табыла бермес. Десек те, күнделкті күйбең тіршіліктің қамымен
арамызда жүрген осындай жандарды байқай бермейміз. Себебі, жақсылар жақсымын деп айта алмайды.

 
Қайырымдылық пен жомарттық жайлы қалам тербегенде ең-бегінің жемісін көріп, айналасына жақ-сылықтың нұрын шашып жүрген Ақат Боқанчиновтың есімі ойға еріксіз оралады. Олай дейтін себебіміз, осыдан 6-7 жыл бұрын Рахат ауылдық округіне қарасты қайназарлықтардың тілегін екі етпей, ауылға Алла үйін салғызып берген. Ауыл жастарының жақсылыққа бет бұрып, тура жолда адаспай жүруіне себепкер болған Ақат Дүмшебайұлымен арнайы жүздесіп, кәсібімен танысқан болатынбыз. Қазақы дәстүрмен жөн сұрасып, танысқан Ақат аға өзі жайлы әңгімелеп, өмірінен сыр шертті.
Ол 1959 жылы Қытайдың Шағантоғай деген жерінде өмірге келген. Екі алып елдің ортасындағы сірескен мұз еріп, қазақтардың бері қоныс аударуына кеңшілік жасалған кезең басталған заманда саясаттың осы бір жылымық кезеңін пайдаланған ата-анасы 1961 жылы атамекенге қоныс аударған. Ақат ағаның балалық шағы сол кездегі Семей облысы, Мақаншы ауданының Жарбұлақ ауылында өткен. 13 жасқа дейін осы ауылдың мектебінде білім алып, әкесі қайтыс болғаннан кейін туыстарының демеуімен 1971 жылы бұрынғы Жетісу облысы Ақсу ауданының Қызылтаң сов-хозына (қазіргі Ойтоған ауылы) қоныс аударған. Осы ауылда мектепті бітіріп, еңбекке араласады.
– Мен де ел қатарлы жоғары білімге қол жеткізу үшін қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ-дің бейнелеу өнері факультетіне тапсырып, студент атандым. Оқу бітіргеннен кейін Ақсу ауда-нының бұрынғы Көкжайдақ, қазіргі Қосағаш ауылының мектебінде сызу-сурет мұғалімі ретінде жұмысқа тұрдым. Осында істеген қызметім ел көзіне түсіп, көп өтпей мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, кейін мектеп директоры болдым. Бұл кезде жасым жиырма төртте еді. Біраз уақыттан соң халықтың ұсынуымен ауылдық кеңестің төрағасы болып тағайындалдым. 3 жыл төраға болып істегеннен кейін аудандағылар мені шақырып алып, аудан орталығында орналасқан Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепке директор етіп тағайындады. Осылайша ауылдан аудан орталығына ауыстым. Ол кезде мұндай қадам үлкен жетістік саналатын. Бұл мектеп 1700 оқушы білім алып, 170 мұғалім қызмет ететін аудандағы үлкен мекеменің бірі еді, – деп өмір жолын еске алды.
Бүгінде ауыл шаруашылығы саласынан несібесін айырып отырған Ақат Дүмшебайұлы қой бордақылаумен айналысады. Қайназар ауылының төмен-гі жағында 10 мың басқа арналған бор-дақылау алаңы бар. Қойды қысқа дейін жинайды, жаз шыққанша сатып бітіреді.
– «Мал өсірсең, қой өсір, пайдасы оның көл-көсір» деген халық даналығы. Негізі, қой шаруашығымен айналысу – менің арғы аталарымнан келе жатқан ата кәсіп. Өзімнің үлкен ағам Тоқжан Қыдырманов та осы шаруашылықпен танымал болған кісі. Осы кәсіптің арқасында «Еңбек Қызыл Ту» ордені мен «Октябрь Революциясы» орденінің кавалері атанған. Ағамыз сол кездегі бес жылдық жоспар бойынша әр қойдан 5 килограмм жүн мен 100 қойдан 150 қозы алып отырған. Әулетіміздің мал шаруашылығы саласында осындай тәжірибесі болған соң мен де осы шаруашылыққа бет бұрып, бүгінде соның жемісін жеп отырған жайым бар. Десек те, бұл саланың өз қиыншықтары мен мол тәжірибені қажет ететін тұстары көп. Қойларға уақытында жем-шөбін, суын беру қажет. Уақтылы дәрілеп, бордақылау алаңын таза ұстау керек. Осының барлығын қатаң бақылауда ұстау аса маңызды, – дейді шаруа.
Бұл салада ұзақ жылдар бойы мол тәжірибе жинаған Ақат Дүмшебайұлынан еліміздің түпкір-түпкірінен кеңес сұрап келетін азаматтардың да қарасы қалың. Ата кәсіптің қыр-сырын жетік меңгерген кәсіпкер тәжірибесімен бөлісіп жатады. Әлеуметтік желілерге де қой бордақылаудың құпиялары жайлы бейнематериалдар жүктеген.
– Бордақылау алаңындағы жұмыс-шылардың барлық жағдайы жасалған. Тұратын жері жылы әрі жайлы, монша салып бердім. Жем-шөпті жақын маңдағы ірілі-ұсақты шаруалар жаз бойы дайындайды, күзде өзім сатып аламын. Қойды да дәл солай. Жалпы бүгінде шаруашылықтың айналасында жүзге жуық адам еңбек етеді – дейді кәсіпкер.
Айтуынша, Ақат Дүмшебайұлы бұл салаға тоқырау жылдары келген. Өткен ғасырдың аяғында шатқаяқтап тұрған Кеңес үкіметі құлағаннан кейін бұрынғы одақтас Республикаларда жаппай дағдарыс өрті тұтанды. Осындай қиын сәтте балалардың санасына білім нәрін сепкен ұлағат иелері, мемлекеттік, бюджеттік қызметкерлер айлап жалақы алмады. Онсыз да айлығы шайлығына жетпей отырған ұстаздар қауымының жағдайы айтпаса да түсінікті. Осылайша, кәсіпке бет бұрған шаруа сол кездерді күйзеліспен еске алды.
– Кезінде айдай әлемді аузына қаратқан КСРО-ның керегесі сөгіліп, тәуелсіздік алған тұста елімізде қиын кезең басталды. Осындай қоғамның тынышсызданып, экономиканың теңсел-ген тұсында мұғалімдердің жалақысын берудің өзі мұң. Жалғыз жалақымен отбасын асырап отырған ұстаздарға бұл жағдай оңай тиген жоқ. Тіпті, қатарынан сегіз айға дейін бір тиын алмаған кездері болды. Ал осындай алмағайып кезеңде ұстаздардан оқушыға дұрыс білім беруді талап етудің өзі қиын еді. Ал талап пен тәртіп жоқ жерде қайдан білім болсын? Бұл білім деңгейінің нашарлауына сеп болатыны айтпаса да түсінікті шығар. Оған ең бірінші басшы ретінде мен жауап беруім керек. Осыларды ескере келіп, өз арызым бойынша жұмыстан шығуыма тура келді. Мұғалімдердің жалақысын бере алмасам оларға қалай басшы бола аламын деген ой мазалады. Осылайша, ұстаздықтан жеке кәсіпкерлікке бет бұрдым, – дейді А.Боқанчинов.
Ауданымыздың аумағында қанатын кеңге жайып, өркендеген кәсіп иесі қайырымдылық жасаудан құралақан емес. Десек те, бұл жайындағы сұрақ-тарға тартынып жауап берді. «Жасаған жақсылығыңды судағы балық қана білсін» деген тәмсілді ұстанса керек.
Жоғарыда атағанымыздай, Қайна-зар ауылындағы мешіттің, мешіт жанындағы қатымхананың салынуына демеушілік еткен Ақат Дүмшебайұлы мұндай игі істерге қолдау білдіруді өзінің азаматтық парызы санайды.
– Алланың үйіне адамдар тек намаз оқу үшін емес, өздерінің рухани дүниесін байытып, ішкі әлемін қанағаттандыру үшін де келеді. Сол қарекеттің үдесінен шығу үшін ауылдың белді азаматтары жаңа әрі кең де сәулетті мешіт салуға көмектессеңіз деген тілек білдірді. Мен де қарсы болған жоқпын. Отбасым да маған демеу болып, ниетіме қолдау білдірді. Бұл бастамаға мен ғана емес, бүкіл ауыл болып атсалысты. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші жұмыс басталғаннан бастап, оны ұйымдастыру, жүргізу, іске асыру жағында округтегі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бақберген Әшімовтің еңбегі ерен. Осылайша 400 адамға арналған мешіт құрылысы бір жарым жылдың көлемінде аяқталды, – дейді кәсіпкер.
Сүрінгенге демеу болып, ауылдас-тарының тұрмыс-тіршілігіне қарайласып жүретін Ақат Боқанчиновтың жомарт-тығын қайназарлықтар жақсы біледі. Бұл жайлы Рахат ауылдық окрігінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ардагер ұстаз Бақберген Әшімов те өз ойын жеткізді.
– Ақат інімді өзіме жақын тартамын. Себебі, екеуміздің өмір жолымыз ұқсас, мен де, ол да ұзақ жылдар білім беру саласында еңбек еттік, басшылық қызметте болдық, ауыл басқардық. Ең алдымен Ақаттың қарапайымдылығын жоғары бағалаймын. Ол еңбекті сүйеді, соның арқасында бүгінде осындай жетістікке жетіп, ел-жұртына көмек қолын созуда. Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында жағдайы төмен отбасында тәрбиеленетін 10-15 оқушыны бастан-аяқ киіндіріп, мектепке қажетті құрал-жабдықтарын алып береді. Әкімдіктен тұрмысы төмен отбасылардың тізімін алып, азық-түліктерін өзі апарып береді. Ақаттың ауыл жұртшылығына жасаған игі істері жетіп-артылады. Бүгінгінің жас-тары осындай жомарт, еңбекқор, адал жаннан үлгі алып, осындай азаматтарға қарап бой түзесе еліміздің болашағы жаман болмасы анық, – деді ақсақал.
«Ауылына қарап, азаматын таны» демей ме дана қазақ? Әркімнің ішкі нұр сәулесінің үш аты бар, ол: еңбек-қорлық, жақсылық, кішіпейілдік. Осы үш тұғырдың басына берік қонған Ақат Дүмшебайұлы үлкен шаңырақтың үлгісі, еліне сыйлы, ортасына абыройлы жан. Материалдық құндылықты рухани кемелдену жолында халықтың игілігі үшін жұмсап, туған жерді түлету, өскен жерді көркейту жолында тер төгіп жүрген кәсіпкердің кәсібі өрге домаласын дейміз.

С.НҰРАДИН.

Оқылды 29 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2024

Тәуелсіздікке талпынған Тезек төре

ТӨЛ ТАРИХЫМЫЗДЫ ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАННАН КЕЙІН ҒАНА ТҮГЕНДЕП, АРХИВТЕРДІ АҚТАРЫП, ТЫҢ…
Қаз 31, 2024

Құқық бұзушылыққа кім кінәлі?

Қоғамымызда жасөспірімдер мен балалар арасында құқықұзушылық пен тәртіп бұзушылық жиі…
Қаз 31, 2024

«Желаяқтар» марафоны

Республика күні қарсаңында Қырбалтабай ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен…
Қаз 31, 2024

Ел боламын десең, бесігіңді түзе

2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет…
Қаз 31, 2024

Мектептегі мерейлі мереке

Республика күні қарсаңында Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте «Қазақстан – туған елім, ұлы…
Қаз 31, 2024

Девушка с корзиной «ожила»

Пожалуй, единственное сохранившееся творение рук скульптора советских времен – девушка с…
Қаз 31, 2024

Он жил для людей, и они его помнят

Марупа Якуповича Касимова, уроженца с. Ташкенсаз, с большим сердечным теплом вспоминают…
Қаз 31, 2024

Абырой – адал қызметте

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен – әлеуметтік қорғау жүйесі…
Қаз 31, 2024

Ұлық мереке ұлықталды

Соңғы жылдары ұмыт бола бастаған Республика күні ұлық мерекелердің қатарына қосылды.…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет