Бейсенбі, 03 Қыркүйек 2015 11:20

ҚАЙЫРШЫЛЫҚ: әлеуметтік ақиқаты мен саяси астары

 Мәдиналық мұсылмандардың бірі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп, көмек сұрайды. Ол мұсылманға:

– Үйіңде ештеңе жоқ па? – деп сұрақ қояды.

Әлгі кісі:

–      Бір жағын үстімізге жамылып, бір жағын астымызға төсеп жүрген көрпе мен су ішетін ыдыс қана бар, – дейді.

Пайғамбар (с.ғ.с.):

– Бар, соларды маған алып кел, – деп қайтарып жібереді.

Аз уақыттан соң ол заттарды алып келеді.

Пайғамбар (с.ғ.с.):

– Мынаны кім сатып алады? – деп сұрайды.

Мұсылмандардың бірі:

– Мен бұларды бір динарға сатып аламын, – дейді.

– Одан көп беретін адам бар ма?

– Мен екі динар беремін, дейді біреу.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) екі динарды әлгі кісіге беріп:

– Бір динарға отбасыңа жейтін бір нәрсе ал, бір динарға балта алып, маған кел, – дейді. Оның алып келген балтасын Аллаһтың елшісі өз қолымен саптап беріп:

– Енді таудан отын кесіп әкеліп, сат. Он бес күндей сені бұл жерден көрмейтін болайын, – дейді.

Ол адам он бес күннен кейін келеді. Он бір динар тауып, жартысына тамақ, жартысына киім алған екен.

Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

– Осылай еңбектеніп тапқаның қайыршылық жасаудан әлдеқайда артық. Қолыңнан іс келе тұра тілемсектеніп, біреулерден жәрдем сұрау ақыретте жүзіңе қара дақ болып жағылады,  – деді.

Иә, еңбекпен тапқан наннан тәтті не бар екен?!

Халқымыз ежелден-ақ «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп баланы кішкентайынан еңбекке баулып өсірген ғой. Ал бүгінгі қоғамдағы «оңай ақша табудың» тәсілі, яғни тілемсектеніп тапқан тиын-тебенді күнделікті еңбегім деу – ұят-ақ. Алайда, таяқтың екі ұшы барын жадымыздан шығармайық...

Көшеде, әсіресе, орталықтарда кетіп бара жатып көзің еріксіз бір қол, бір аяғы жоқ, қайыр сұрап отырған мүгедектерге түседі. Сондайда шынымен «Олар күндерін енді басқа қандай жолмен көреді? Оларды ешкім ешқайда жұмысқа алмайды ғой» деген аяушылық сезіммен әрі «садақа беру – сүннет» деп мұсылман болған соң еріксіз ақша тастайсың. Бір-екі адым аттасаң тағы біреуі, одан кейін тағы біреуі отырады мүгедек арбасында.

Өткен-кеткен адамдардың оларға тастап жатқан ақшаларында тіптен шаруасы жоқ. «Е, тастадың ба, жәрайды» деген немқұрайлықпен отыратындықтарын да бірнеше мәрте байқап қалып едім. Сонда олар тастаған тиын-тебенге қуанбаса, тағы тастауын асыға күтпесе несіне отыр?! Осы ойлар санамда біраз жүрді. «Олар қайда мекен етеді?», «Қалай жатып-тұрады?». Сөйтіп жүргенде «Өй, оның бәрі бизнес қой, оларды кешке қарай машинамен алып кетеді, тамақтарын береді, жатын орындары дайын. Оларға басқа не керек? Ал тапқандарын оларға «қамқор болып» жүрген біреу қалтасына салып алады» деген сыбысты құлағым шалып, жағамды ұстадым. Мұның енді қаншалықты шындық, не болмаса сыбыс екенін білмеймін, дегенмен ондай адамдарды қалай жеке мүддеге пайдалануға болады, соны түсіне алмадым. Көз алдыма бір сәтке сол мүгедек жандардың ақша тасталғандағы немқұрайлылығы да келді. Қысқасы, қайыр тілеп қыстың суығы мен жаздың аптабына қарамастан көшеде отырғандардың біреуін сөзге тартуға бел байладым. Алайда, бұл әрекетім ешқандай оңды нәтиже бере қоймады. Жабулы қазан жабулы күйінде қала берді.

Хош,  енді сөзімізді ресми мәліметтерге сүйеніп саптасақ. Белгілі бір тұратын жері, айналысатын жұмысы, күн көріс қаражаты жоқ адамдарға әлеуметтік, медициналық және өзге де көмек көрсету үшін, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті нығайту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 наурыздағы №408 қаулысымен облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері 2000 жылдың 1 маусымына дейін халқы 100 мыңнан асатын қалаларда белгілі бір тұратын жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталықтарын құру туралы ұсыныс енгізген екен. Орталықтарды қаржыландыру жергілікті бюджеттен және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған көздерінен жүзеге асырылады. Алматы қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығына күніне 5-тен 10 адамға дейін келіп түседі екен. Әсіресе, күннің суыған мезгілдерінде мұнда адамдар өздері сұранып келетін көрінеді. Мысалы, 2010 жылы 965 адам тіркелген. Оның 720-сы ер адам болса, 245-сі әйелдер.Өздеріңіз де байқаған боларсыздар, қайыршылардың басым бөлігі ер адамдар. Отбасын асырап-бағатын, қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, тірегі болуға тиіс еркек көше кезіп, қайыршы болып жүрсе, оның бала-шағасы мен әйелі де сол қатарға амалсыз қосылады емес пе?! Бұл – шындық. Келіспейтіндер де табылар, әйтсе де көзге шыққан сүйелдей бадырайып шындық тұрса, сіз не етерсіз?! Сандарды сөйлетсек те тұмсығымызбен тура осы ащы шындыққа тіреліп қаламыз. Кезбеге айналған ер адамдардың жас ерекшеліктері: 25 жасқа дейін – 30 адам, 25-30 жастағылар – 43 адам, 30-40 жастағылар – 230 адам, 40-50 жастағылар – 175 адам, 50 жастан асқандар – 244 адам. Ал, әйел адамдар: 25-30 жастағылар – 10 адам, 30-40 жастағылар – 61 адам, 50-60 жастағылар – 55 адам, 50-ден асқандар саны – 107 адам.

Алматы қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылғалы бері 6081 адам бұл мекемені паналаған екен. Оның жартысы ғана ел қатарына қосылған. Ал, жартысы... олар туралы тіптен ешқандай дерек жоқ. Статистика бойынша адамдар көбінесе 30 жастан асқан соң өмір қиыншылықтарына шыдамай, кезбеге немесе қайыршыға айналады екен. Сонда «орда бұзар» шағында қайыршыға айналып, көше кезген адамды қалай түсінуге болады?!

Бәрін айт та бірін айт, осы мәселе төңірегінде ауданымыздағы ахуалды білу мақсатында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарластым. Анықтағаным – аудан бойынша статистика жүргізілмейді, қысқасы қайыршылар туралы ешкім ештеңе білмейді. Бөлім басшысы Қ.Айсинаның айтуынша, жыл басынан бері тек бір адамды, яғни үй-жайы, туған-туысы, белгілі-бір тұрақты табысы, тұрғылықты жері жоқ Третьякова Валентина есімді әйелді Алматы облысы бойынша тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына алдымен хат арқылы шығып, кейіннен өзін сонда жіберткізген екен. Бары сол.Басқасы беймәлім.

Ал ондай бейімдейтін орталықтың барынан бейхабарлары бұрынғысынша әрбір қуысты паналап, күндіз қайыр тілеп, бір рет берілетін өмірді сұрықсыз өткізіп жатыр. Өткені – өкінішті, бүгіні – аянышты, болашағы – бұлыңғыр. Артына қарағанда жүріп өткен жолдарынан жан сергітер естеліктер, көңіл көншітер көріністер, анық байқалар ізін таба алмай  әлек болар, кім білсін...

 

Статистика бойынша адамдар көбінесе 30 жастан асқан соң өмір қиыншылықтарына шыдамай, кезбеге немесе қайыршыға айналады екен. Сонда «орда бұзар» шағында қайыршыға айналып, көше кезген адамды қалай түсінуге болады?!

Алматы қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылғалы бері 6081 адам бұл мекемені паналаған екен.

Көкейді тескен сауал жауаппен толық қанағаттана қойған жоқ. Ойдың бергі жағында – жанашырлық тұрса, екінші жағында – түсінбеушілік. Жарайды, мүгедек. Ал оның туысқандары қайда? Қашанда құда-жекжат, туыс-тумамен толысып жататын  ел емес пе едік? Қол жайып, біреуден тілемсектенгенше, аш қалайын дейтін намысын жыртқан жұрт едік қой, әманда. Ал, жоғарыдағы үрейлі статистикада көрсетілгендей отызға келіп, қайыршы болып жүргендер жайлы сөз қозғау тіптен ерсі. Он екі мүшесі сау адам қалай көшеде отырып, қайыр тілейді?! Бұл өзі не, кәсіп пе әлде адам санасының құлдырауы ма?

Бәлкім... бүгінде көз үйренген қарапайым бұл құбылыстың біз білмейтін көлеңкелі тұстары да бар болар. Неге жылдан-жылға қайыршылар көбейіп жатыр? Олардың басым көпшілігі біздің елге сырттан келген келімсектер. Ал, олар нендей мақсат-мүддені көздеп келді? Сырттай ешкімге зияны жоқ қайыршы костюмін киіп алғанымен, атам қазақ айтпақшы «қой терісін жамылған қасқырлар» болып шықпасына кім кепіл?! Діттегені не? Айрандай ұйып отырған халықтың арасына іріткі салып, қан тазалығын қатаң ұстанатын қазақтың ұрпағын құртуға келген болса ше?Басқа да қитұрқы ойларын осылай жүзеге асырып жүрсе қайтпекпіз? Әдеттегідей, қалтамыздағы қалған тиын-тебенді тастап қойып, «е, байғұс-ай» деумен, олардың жүзіндегі мысқыл күлкіні байқамай қалып жүрген жоқпыз ба?Сондықтан, ойланайық!

Алмагүл НҰҒМАН.

Оқылды 6790 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет