×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /sites/mezet.org/images/шоген

×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/шоген

Жексенбі, 03 Желтоқсан 2017 21:30

ҚИЫНДЫҚТЫ ЖЕҢУДІҢ ЖОЛЫ – жақсы көру

Оның өмірге құштарлығының сыры – жақындарының махаббатында. «Қиын сәттерде өзіңді жақсы көретін адамдарды ойлау керек. Анаңды, мысалы. Бауырларыңды. Олардың қиналғанын көргің келмесе, қандай қиындықтарға да шыдайсың», – дейді ол.  15 жасында жоғары кернеулі тоққа түсіп, 100 күн ауруханада, 2,5 ай үйде төсекке таңылып, сол қолынан айырылған Дінислам Елұзақ – бүгінде таэквандодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Мақаламызда түрлі спорт сайыстарында  ауданымыздың абыройын қорғап, көпке үлгі болып жүрген азаматтың жан сыры, спорттағы жетістіктері, өмірлік ұстанымдары туралы сыр шертпекпіз.

1985 жылы сонау Моңғолияда дүниеге келген Дінислам 1991 жылы атамекенге қарай ағылған ұлы көште ата-анасымен бірге елге оралып, Түрген ауылына қоныстанды. Сондағы қазақ орта мектебінде білім алып, әке-шешесіне де қолғабыс етіп жүрген Дінислам жастайынан спортты сүйетін еді.

– Жарыстарға қатысып, жүлде алмағаныммен бала күнімнен футбол, күрес тәрізді спорт түрлерін жақсы көретінмін. Күресуден шаршамайтынмын. Мектепте оқып жүргенде ең сүйікті сабағым да дене шынықтыру пәні болды. 10 сыныпқа келгенде әлгіндей қайғылы жағдайға тап болып, қиын жағдайда қалдым, – дейді кейіпкеріміз.

Иә, қайғылы жағдай 2000 жылы Дінислам 10 сыныпта оқып жүргенде болыпты. Абайсызда жоғары жиілікті тоққа түсіп қалған жасөспірім Бәйдібек би ауылындағы дәрігерлік емханаға жеткізіліп, сонда үш күн жатқаннан кейін Алматы қаласындағы №4 ауруханаға ауыстырылады. Аурухана дәрігерлері тексеру жасағаннан кейін Дінисламның сол қолын аман алып қалудың ешбір мүмкіндігі қалмағанын айтып, шынтақтан төменгі жағын ота арқылы алып тастайды. Тоққа түсудің себебінен тек сол қолынан айырылып қана қойған жоқ, оң қолының үш саусағы мүгедек болып, аяғында да тоқ соғудың салдары қалған. Дінислам:

– Үйге келгеннен кейін аздап оңала бастадым. Сол бір қиын кезеңдерде анашым әрдайым жанымнан табылды. Ата-анам, бауырларым, дос-тарым, көрші-қолаң қамқор болып, хәл-жағдайымды біліп, әңгімеге тартатын. Әуелі Алла, содан соң осы жақын жандардың махаббатының арқасында аяққа тұрдым. Дегенмен, екі жылға дейін мүмкіндігі шектеулі өмірге бейімделе алмай, физиологиялық, психологиялық тұрғыда көп қиналдым. Содан кейін ғана аздап өз-өзіме келе бастадым. Мектепті бітірген соң әпкеме көмектесіп, отбасылық бизнесіміздің өркендеуіне қолғабыс еттім. Мүгедектігіме қарамай пластик терезе, жиһаз жасаумен айналыстым. Осы кәсіпті 7-8 жыл бойы жаныма серік етіппін, – деп әңгімелейді тағдырында кезіккен талайлы жылдар туралы.

Биылғы жылдың рамазан айында өмір оған жаңа қырынан көрінді. Достарымен күреске түсіп, теледидардан спорт сайыстарын тамашалаудан жалықпайтын Дінисламға ауылдастары «пара-олимпиадаға қатысуға талпынып көрсеңші» деген кеңес береді. Бұл ақылды жөн көрген ол аудандық спорт және дене шынықтыру бөліміне келіп, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спорт сайыстарына қатысуға өтініш жазады.  Он күннен кейін Дінисламға аталмыш бөлімдегілер пара-таэквандодан жарыс өткізілетінін хабарлайды.  Қаскелең қаласында өткен облыстық сайыста 3-орынға ие болған Дінислам ендігі кезекте аудандық спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабековтың ұсынысымен Талғар қаласында орналасқан Алматы облыстық мүгедектерге арналған спорт мектебінің жаттықтырушысы Таһир Махмутовқа барып, пара-таэквандодан өзінің техникалық мүмкіндіктерін одан әрі жетілдірді. Бір ай бойғы дайындықтан соң 14-25 қыркүйек күндері Атырау қаласында өткен «Тірек-қимыл аппараттары зақымдалған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының 5 спартакиадасына» пара-таэквандодан және жеңіл атлетиканың 800 метрге, 400 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру түрлерінен қатысты. Тартысты өткен додада Дінислам Елұзақ 400 метрге жүгіруден – 3 орын, ұзындыққа секіруден – 2 орын, ал пара-таэквандодан – 1 орынға ие болып, қара белбеу иегері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері деген атақты иемденді. Осылайша, бас-аяғы бірер айда тағдыры жаңа арнаға бұрылып, спорт әлеміне дендеп енген кейіпкеріміз қарашаның басында Португалияда өткен әлемдік пара-таэквандо ойындарына қатысуы керек болатын. Алайда, «спорт шебері» деген атақты жақында алғандықтан құжат жұмыстарын реттеп үлгере алмауына байланысты бұл мүмкіндікті жіберіп алды.

         – Халықаралық спорт шебері деген атағым болғандықтан осындай әлемдік сайыстарға қатысуға құқылымын. Алдағы уақытта мүмкіндіктерді жібермеуге тырысамын. Негізгі үлкен арманым – 2020 жылы Токио қаласында өтетін пара-олимпиада ойындарына қатысу және әлем чемпионы болу. Спорттағы жолымды  енді ғана бастаған соң спорттың қай түрімен түбегейлі айналысатынымды әлі шешкен жоқпын. Пара-таэквандодан бөлек, жеңіл атлетика, стол теннисі сайыстарына қатысып жүрмін. Қысқы спорт түрлерінен  шаңғымен  жүгіру, бассейнде жүзу спорттарынан бағымды сынап көрмекпін. Бірқатар сайыстарға қатысып, қай түрі өзіме ыңғайлы екенін анықтаған соң, сол спорт түрімен мықтап айналысып, болашақта үлкен жетістіктерге жетуді мақсат етіп отырмын, – дейді спортшы.

         Иә, қатал сыннан мойымай өтіп, айналасындағы дос-жаран мен туған-туысқа өмірге құштарлықтың өнегесін көрсетіп жүрген мүмкіндігі шектеулі азамат бүгінде өмір жолындағы биік бір белеске қадам басып, жаңа армандарға қол созуда. Армандар да, оған жетер шама да зор болғанымен қолдың қысқалығы, тұрмыс-тіршіліктің қиындығы сол жолда кедергі бола ма деген қауіп те жоқ емес. Спортта жетістікке жету үшін оған көп күш, энергия және уақыт жұмсаудың қажеттігі рас. Спорт шебері деген атақты алғаннан кейін Дінислам Елұзаққа айына 30 мың теңге стипендия тағайындалыпты. Бірақ, жаттығулар мен сайыстарға үнемі қатысу үшін бұл қаржы аздық етеді. Ал күнкөріс қамымен баяғы кәсібіне оралып немесе кейінгі кездері айналысып жүрген сауда-саттығын жасаған күнде дайындыққа уақыт қалмайды. Сондықтан да, мүмкіндігі шектеулі жандар тұрмақ он екі мүшесі сау адамға оңай соқпайтын мұндай жолда жанашыр жандардың, ауданның абыройын ойлайтын азаматтардың демеуі, қолдау-көмегі керек-ақ...

 

Нұрбану КАМАЛ.

Жапон елінің тарихынан күні бүгінге дейін жібі үзілмей келе жатқан джиу-джитсу әлемдік сахнадан ойып тұрып орын алған спорт түрі. Жыл сайын джиу-джитсудан дәстүрлі өткізілетін әлемдік турнир биыл да жалғасты. Италия мемлекетінде тізе қос-қан кіл мықтылар арасында жерлесіміз Қанат Жақыпбаев та бар-тын. 77 кг салмақта қайыповтық Қанат топ жарып, Әлем чемпионы атанды.

 

Иә, бұл Қанат Еркінұлының алғашқы асуы емес. Ол осыдан 3-4 жыл бұрын да бұл ерлігін қайталаған еді. Нақтырақ айтсақ, 2013 жылы Польшада өткен, 2014 жылы Португалияда өткен әлем чемпионатында топ жарған. Сөйтіп, небәрі 28 жасында әлемнің үш дүркін чемпио-ны деген атақты ерен ерлігімен қорғап шықты. 10 жылға жуық спорттың осы түрімен айналысып келген Қанат Жақыпбаев финалда польшалықты тізе бүктірген. «Біз Италияға 7 спортшы боп бардық Қазақстан атынан. Соның бесеуі алтын, біреуі күміс, енді бірі қола медальды еншіледі» дейді жерлесіміз. Ия, бүгінгі орталық ақпарат құралдарының берген мәліметіне сүйенсек, спорттың осы түрінен әлемдегі ең үздік үш мемлекеттің қатарына ендік. Әрине, мұнда жерлесіміз Қанат Жақыпбаевтың да толағай еңбегі бар екені даусыз. «Өзімнің үш ұлым бар. Соның ортаншысы – Қанат. Жасынан спортқа әуес болды. Бастапқы жылдары бокспен шұғылданған еді. Кейіннен джиу-джитсуға ойысты. Алдына қойған мақсат жолында жанын салатын бала боп өсті. Ж.Қайыпов ауылында туып, сонда мектебін тәмамдады» дейді әлем чемпионының әкесі аудандық мәслихат депутаты Еркін Жақыпбаев. Жерлесіміз бүгінде Алматы қалалық Алмалы аудандық ішкі істер басқармасында қызмет етеді. Бәрекелді, Қанат! Өмірде де спортта да қанатың талмасын!

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Жексенбі, 22 Қазан 2017 13:14

Зарина — Азия чемпионы

Жақында Алматы қаласында ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай, Корея елдерінің мықтылары қатысқан шарада ауданымыздың 4 спортшысы бақ сынады. Халықаралық додада ел намысын қорғаған жерлестеріміз Дидар Мақсұт (54 кг), Сайболат Бисетай (58 кг), Жәнібек Тұқан (66 кг) тамаша өнер көрсетті. Алайда, төрешілер қайта-қайта қосымша раунд тағайындап, спортшыларымызға қысым көрсетті. Десек те, спортшы аруымыз Зарина Есполова (78 кг) қырғыздық қарсыласынан басым түсіп, 1 раунда-ақ жеңіске жетті. Осылайша, WEF версиясы бойынша Азия чемпионы атанды. WEF Федерациясы Қырғыз Республикасында болғандықтан жарысты көршілес ағайындарымыз өткізді. Ұйымдастырушылардың көзіне ерекше түскен Зарина Есполова көпшілікті таңқалдырып, бас бапкер қырғыздық чемпион Бегімжан Қасымовамен жекпе-жек өткізуге ұсыныс білдірді. Қазіргі таңда 26 қарашада аталған спортшымен кездесуге қызу дайындық үстінде жүрген Заринаға сәттілік тілеп, жеңісті күндер көп болғай дейміз.

 

Ерұлан САЛЫҚОВ, самбо, әскери самбо күресінің  бапкері. 

Жексенбі, 15 Қазан 2017 19:55

Бәрекелді, Бақтияр!

Жайдарман жаңалық! Жерлесіміз, Шелек спорт мектебінің бокс үйірмесінің тәрбиеленушісі Бақтияр Қалменов топ жарды. Алматы облыстық турнирде 69 келі салмақта жеңімпаз атанып, мерейімізді асырды.

Талайды тәнті еткен Бақтиярдың спорттың бұл түрімен айналысқанына 7 жыл. Тынымсыз төккен тер мен үздіксіз жаттығу нәтижесінде осындай жеңісті арқалап отырған жігіттің де ендігі жоспары біреу: Жетісу кубогын еншілеу. Бұл тұрғыда жаттықтырушылары Бақытбек Сейітбеков пен Әркен Даутовтың да айтары бар екен: – Бақтияр көздегенін құлатпай қоймайтын жас. Осы жолда күн-түні дайындалуға бар. Сондықтан жеңіс тұғырынан көрінетініне сенеміз. Иә, Шелек спорт мектебі бокс үйірмесіне Алматы облыстық мәслихатының депутаты Жангелді Осан үнемі қолдау көрсетіп келеді. Бұл тұрғыда: – Қазір спортшылардың бабын келтіруде оларға толыққанды жағдай жасау керек. Жаттығу алаңы мен формасын қоспағанның өзінде жарысқа бару, қайту жолақылары, ондағы тамақтануы дегендей... Еліміздің туын әлемде желбірететін жас буынды тәрбиелеуде бізге үнемі Жангелді Көшімбайұлы материалдық қолдау көрсетіп келеді. Сондықтан жаттықтырушылар, спортшылар атынан зор алғыс білдіреміз – дейді жаттықтырушылар. Қайнар ЖҰМАҒОЖА.A

 

Жексенбі, 15 Қазан 2017 19:28

Молдағұловалықтар жеңімпаз

Шелек ауылындағы Абай атындағы мектепте осы оқу орнының дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өтті.

 

«МС Қаз сауда» ЖШС-нің директоры М.Саутовтың демеушілігімен өткен жарыста Шелек аймағы мектептерінің 9-11 сынып оқушыларынан құралған командалар өзара бәске түсті. Өте тартысты өткен ойында Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші жүлделі орынды Абай атындағы, ал үшінші орынды Ақтоған мектебі иеленді. Үздік үш команда арнайы кубоктармен, мақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.Демеуші компания тарапынан ойыншыларға кока-кола сусыны тегін үлестірілді. Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

Бейсенбі, 05 Қазан 2017 12:53

Победили на всех дистанциях

 

День города Алматы был отмечен соревнованиями по легкой атлетике, в которых успешно выступили ученики тренера областной ДЮСШ по зимним видам спорта Алпыса Ермагамбетова.

На состязаниях по бегу в Парке Первого Президента РК среди юношей первым на дистанции 4 км был Мирас Тезекбай, студент ЕГЭК. Среди девушек на той же дистанции первенствовала студентка ЕГЭК Арай Нуркияс. На дистации 1 км среди девушек 2003 года рождения победила Айдана Шакирова (СШ имени Р.Токатаева), третье место заняла Назерке Тайырова из СШ имени А.Жексенбекова с.Тургень. Среди юношей на той же дистанции третьим стал Наурызбек Надирбаев (СШ имени Р.Токатаева).

И.ВИКТОРОВ.


Бейсенбі, 05 Қазан 2017 12:51

Ауданымыз – чемпион

Есік қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жақында баскетболдан Алматы облысының чемпионаты өтті. Бас-аяғы төрт күнге созылған жарысқа облыс көлемінен 13 команда қатысты.

Кіл мықтылар бас қосқан жарыста ауданымыздың құрамасы ерекше өнер көрсетіп, қонақтарға есе жібермеді. Қарайсай ауданы, Талдықорған мен Қапшағай қалаларын шаң қаптырған аудан баскетболшылары жүлделі бірінші орынды иеленіп, чемпион атанды.

Бұл біздің ғана емес, ауданның жеңісі. Әрине, қарсылас командалар осал емес. Барлығы тыңғылықты дайындықпен келген. Алайда, біз де намысты қолдан бермеуге тырыстық – дейді жеңімпаздар.

С.НҰРАДИН.

Бейсенбі, 05 Қазан 2017 12:48

4 команда жартылай финалда

Жақында Балтабай ауылы-ның орталық стадионында аудан әкімі кубогінің ширек финалдық ойындары өткізілді. Оған осы күнге дейін іріктелген 8 команда қатысып, өзара бақ сынасты.

Байрақты бәсекенің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков ауданымызда саламатты өмір салтын насихаттап, футболдың дамуына үлес қосып жүрген қатысушы командаларға алғыс айтып, сәттілік тіледі. Ойынға Наурыз Қайыпов төрелік етті.

Ауданымыздың түпкір-түпкірінен жиналған командалар өз округтерінің намысын қорғап, тартысты ойын үлгісін көрсетті. Нәтижесінде, өзгелерден оқ бойы озық шыққан «Милан» (Жаңашар), «Байрам» (Түрген), «Алтын Адам» (Түрген), Балтабай командалары келесі аптада өтетін жартылай финалға жолдама алды.

 

С.НҰРАДИН.

 

 

В Алматинской области возраждают игру «Шоген», в рамках программы «Рухани жангыру»

{gallery}шоген{/gallery}

Возрождение национальных видов спорта, оказывают большое влияние на духовное развитие общества. В этом мы убедились, побывав в конно-спортивном комплексе Almaty Horse & Polo Club. Огромное поле в 600 метров, покрытое зеленым ковром, невольно притягивает взгляды. Грациозные и стройные лошади идут друг за другом в ряд, всадники в специальной амуниции, вычищенные до блеска краги и спортивная форма, особые клюшки и наконец, мяч в центре поля, за который борются две команды из 4 человек каждая. Поло – или «Шоген», национальный вид спорта, который, если опираться на исторические данные, берет свое начало с древних времен. Считается, что этот спорт был перенят от кочевников Центральной Азии, чья жизнь, так или иначе была связана с лошадьми. Сегодня, игра шоген как и английское «поло», очень популярна, в нее играют более чем в 80-ти странах мира. Алматинская область, играет огромную роль в развитии и возрождении национального вида спора, поскольку третий год подряд, команда региона занимает призовые места в международных соревнованиях.

Уже четвертый год действует зона отдыха для увлекательного и престижного хобби, в тихом урочище Чубарагаш, расположился конноспортивный комплекс, в окружении которого яблоневые сады, осиновые и березовые рощи. Нам выпал прекрасный шанс, посетить показательную игру меж двух команд Алматинской области «Almaty Horse & Polo Club» и «Almaty Polo Club». Которую, организовало региональное Управление спорта и физической культуры. На открытии присутствовал заместитель акима региона Жаксылык Омар, который пожелал участникам успеха, и кратко рассказал об истории игры.

- Наша цель- это возрождение и вливание культуры наших предков в современное общество. Лучшие традиции станут предпосылкой успеха модернизации. Следуя мудрой политике Президента, мы стремимся сохранить наследие наших предков. Мы возрождаем не только культурные достояния, но и забытые спортивные игры, - подчеркнул Жаксылык Омар.

Реализовывая программу Главы государства «Рухани жангыру», управление спорта делает большой акцент именно на национальной игре шоген. Наверное поэтому у сборной региона, хорошие результаты. Например, команда впервые участвовала в международном турнире по поло, где участвовали аргентинские команды соответствующего уровня и заняла первое место. После успешного дебюта, в феврале 2017 года, Almaty Polo Club подал заявку на участие в первом Международном турнире по поло «Almaty Snow Polo Club». В этом турнире команда состязалась с командой Мюнхена (Германия) в игре за третье место и победила своих соперников.

Стоит отметить, что в ноябре пройдет очередной республиканский турнир и команда региона готовится к нему чтобы попасть на международные соревнования. А уже на следующий год будет организован масштабный турнир в Алматинской области среди команд высшей и первой лиги.

Как отметил исполнительный директор Федерации поло Казахстана Айдын Жакежанов:

- Для игр используются породистые, отечественные лошади. Которые на сегодняшний день приобретают в Кустанае. Важно отметить. Что лошадки обязательно должны быть трех годовалыми, поскольку в таком возрасте они больше приспособлены к выносливости и резким трюкам на поле. По правилам в игре принимают участие 2 команды. Одна игра, состоит из 4, 6, 8 чаккеров(таймов). Основным инструментом участников является клюшка длиной 150см. И мяч диаметром 8,3 см. А особенностью «Шоген» является, то, что после каждого забитого мяча команды меняются воротами, дабы глаза игроков не уставали от солнечного света, ведь игра проходит под открытым небом. В целом, даже международные тренера отметили, что наши игроки хорошо приспособлены для езды на лошади, может быть поэтому сложностей при обучении не отмечалось. Надеемся, что команда будет показывать только лучшие результаты, для этого мы приложим все усилия при подготовке ребят.

После показательной игры, в спорткомплексе состоялась пресс-конференция, в ходе которой обсудили планы на будущее и подвели итоги состоявшегося состязания. А так же рассказали все тонкости игры и форсможорные ситуации на международных состязаниях.

 

Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2017 14:34

Отбасы – өмір аясы

Жақында отбасы күніне орай Көктөбе ауылдық округінде «Отбасы – өмір аясы» атты эстафеталық ойын өтті.

Ата-ана мен оқушы арасында ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету, отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету, ұлттық салтдәстүрлерді, отбасы тәжірибесін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға төрт отбасы қатысты. Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Жарыс соңында командаларға мақтау қағазы мен сыйлықтар табыс етілді. Ақмарал КЕТПЕНОВА, Көктөбе ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 03, 2024

Ерлан Барлыбаев: "Үкімет ұсынғандай…

Елімізде 6 қазан күні АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты VIII сайланған…
Қаз 03, 2024

Международные стандарты в…

Строительство атомной электростанции – это масштабный и сложный проект, требующий…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында референдумға…

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының…
Қаз 03, 2024

И след простыл: как современные…

Углеродный след человечества — тяжелый груз для планеты, который ей все труднее нести.…
Қаз 03, 2024

АЭС ел экономикасының өркендеуіне…

Ақтөбе облысындағы халықтық штаб мүшелері «Қамқор вагон» ЖШС-нің ұжымымен кездесу…
Қаз 03, 2024

Атомная энергетика не может быть…

Лэйла ТАСТАНОВА В преддверии референдума по вопросу строительства атомной электростанции…
Қаз 03, 2024

Имеем средство от рака в руках, но…

Более 200 тысяч человек в Казахстане состоят на учете как онкобольные. И 12 тысяч…
Қаз 03, 2024

Эксперт разобрал мифы и реальность о…

Директор департамента атомной энергетики и промышленности Министерства энергетики…
Қаз 03, 2024

Атом энергетикасын дамыту экологияға…

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның ғылыми орталығы бастығы, физика-математика ғылымдарының…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет