Бейсенбі, 01 Қазан 2015 11:12

Азан шақырып ат қою міндет пе?

Азан шақырып ат қою сүннет амалы. Сондай-ақ, азан шақырып қойған аты дейтін де сөз тіркесі де бар халқымызда. Бұл сол сүннет амалының салтымызға сіңіп кеткендігінің айғағы болса керек. Қош делік. Азаттықтың ақ таңы атып, дәстүрлі дініміздің діңгегі қайта тұрды тұғырына. Халқымыз дін Ислам ұстанымдарына қайтадан бас қоюда. Осы орайда, азан шақырып ат қою және ата-анасының перзенті алдындағы парызы турасында ой қозғауды жөн санаған едік. 

Сәрсенбі, 01 Сәуір 2020 12:11

Өнерлі жастар сайысы

Бөлек ауылдық округі әкімі аппарының қолдауымен Аймен орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдығына арналған өңірлік «Патриоттық әндер-2020» байқауы өтті.

Ұлы Отан соғысындағы ата-бабамыздың қан мен терімен бізге сыйлаған жеңісінің маңыздылығын жастарға жеткізу, насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқау жоғары деңгейде өткізіліп, көпшіліктің көңілінен шықты.

Сайыс нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды Рахат орта мектебінен Әмина Отынчи иеленді. ІІ орын Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп оқушысы Алина Акимоваға бұйырды. В.Терешкова атындағы орта мектебінен келген Айбар Амиреев өзгелерден оқ бойы озық шығып, І орынға жайғасты. Барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

А.МАҒЖАН,

 Бөлек ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы.

Сәрсенбі, 01 Сәуір 2020 12:02

Иманды жастар

Әлемді әбігерге салған коронавирус індеті елімізге де еніп, індет жұқтырғандар саны күн санап арту үстінде. Төтенше жағдай енгізіліп, жүріс-тұрыс шектелді. Бұл әсіресе әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қиын соғып отыр. Десе де оларға қол ұшын созып, қайырымдылық жасап жүрген еріктілер турасында сөз қозғамақ едік.

Биылғы жыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Еріктілер жылы деп белгіленгені аян. Жастарды қайырым мен имандылыққа тәрбиелеу мақсатында белгіленген жыл аясында еріктілер тарапынан атқарылып жатқан істер шаш етектен.

 Ауданымызда иман жүректі жандар аз емес. Бұл игілікті істі ұйымдастырып, басы-қасында жүрген ерікті жас Қанат Теңгелбайұлы және оның жанында жүрген жастар сөзіміздің дәлелі.  Төтенше жағдай жарияланғалы аудан аумағында тұратын 25 отбасына 269000 теңге көлемінде азық-түлік алып беру арқылы көмек қолын созған. Қаржыны әлеуметтік желілерден эстафета ұйымдастыру арқылы жинаған. Қауіпті індеттен қорықпай көше кезіп азық-түлік таратып жүрген жастарға Алла жар болсын деген игі тілегімізді ақтардық біз де.

Әділет САРЫБАЙ.

****

Төтенше жағдайға байланысты аудан еріктілері «Біз біргеміз» акциясы аясында әлеуметтік желілер арқылы эстафета ұйымдастыруда. Арнайы ашылған қорға құйылған қаражатқа азық-түлік және медициналық заттар алынып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға және көп балалы, жалғыз басты аналарға  көмек ретінде берілуде. Аз уақыт ішінде 47 отбасыға жалпы сомасы 580 мың теңгеге азық түлік пен медициналық бетперделер мен ансисептиктер таратылды. Ауданымыздың  белсенді жас-тары мен еріктілері көмек көрсетілген отбасылардың ақ батасын алуда. Аталмыш эстафета алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Сонымен қатар, жақын арада тағы да 15 көмекке мұқтаж отбасыға көмек көрсетілмек. Аталған жанұялар 250 000 теңге көлемінде азық-түліктер мен медициналық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілмек.

 Арайлым БАҚБЕРГЕНҚЫЗЫ,

аудандық жастар ресурстық орталығының маманы.

****

В рамках инициированной Главой государства общереспубликанской акции «Біз біргеміз!» по поручению Елбасы партией «Nur Otan» и фондом Первого Президента были выделены средства на поддержку социально уязвимых слоев населения в период коронавируса.

А также в рамках объявления 2020 года «Годом волонтера», а также в целях поддержки и оказания социальной помощи семьям из числа малообеспеченных, одиноко проживающих пенсионеров, матерей-одиночек, молодежь села Жанашар не осталась в стороне провели очередную благотворительную акцию для  семей, оказавшихся в трудной  жизненной ситуации, обеспечив их продуктами питания первой необходимости. Выражаем особую благодарность нашей молодежи, и надеемся, что подобные акции будут иметь продолжение, найдутся еще инициативные неравнодушные люди, которые поддержат семьи, нуждающиеся в помощи других.

 

         Гулшат Лавьяева,

инструктор по молодежи

Жанашарского сельского округа.

Дүрлігіп тұр қарай қалсақ оңымыз бен солымыз,

Сақтық үшін жабылыпты күнде жүрген жолымыз.

Көзі ашық бар жан үшін жазыпты,

Теледидар бетіне де депті «үйде болыңыз!»

 

Амансыз ба атам, апам төрде еді орныңыз,

Қиындық пен жақсыны да ұрпақ үшін көрдіңіз.

Жақсы күндер əлі алда той мен думан деп тілеп,

Аман-есен балалармен əзірше үйде болыңыз!

 

Бəрімізде бар еді ғой туысқандар тобымыз,

Карантинді ескермесек жөн болмайды онымыз.

Бекер емес үйден шықпа,шықпа үйден дегені,

Тек онлайн араласып туыстармен əзірше үйде болыңыз!

 

Аға, жеңге асыраушы таусылмасын қорыңыз,

Сəт-сəт сайын стерилді жуылады қолыңыз.

Бір-бір үйдің тірегісіз сізге үмітті балаңыз,

Солар үшін сабыр сақтап əзірше үйде болыңыз!

 

Балалар-ау шалалықпен қайнамасын сорымыз,

Қорғаштайды бүкіл əлем ұғынайық соны біз.

Интернеттен пайдалысын тауып алып өзіңе,

Көше кезіп,ойын қумай əзірше үйде болыңыз!

 

Бəрі өтер, түгенделер барымыз бен жоғымыз,

Амандықта түйіседі əлі талай жолымыз.

Тек сол күнге жету үшін дін аман,

Үлкен-кіші бір кісідей əзірше үйде болыңыз!

 

Ойыңызға жасаңыз да жақсылықтан бекініс,

Үйде болып сақтаныңыз болмас үшін өкініш.

Жоғарыда айтылғандар бұйрық емес жай ғана,

Ұрпақ үшін алаң болған аналық бір өтініш!

А.С.БЕКСАЙЫНОВА,

                                                                                 Ақтоған ауылы.

Дүйсенбі, 16 Наурыз 2020 16:00

Рейд жүргізілді

13 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы жастар ресурстық орталығының мамандары, жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналдық полиция тобы инспекторлары және полицияға қолдау көрсететін «Жалын» жасақшылары бірлесе түнгі рейд өткізді. Есік қаласындағы кафелер мен дүкендер, компьютерлік клубтар мен букмекерлік кеңселер тексерілді. Ойын-сауық орталықтарының қожайындарына түнгі сағат оннан кейін кәмелеттік жасқа толмағандарды кіргізуге болмайтындығы жан-жақты түсіндірілді.
Мұндай рейдті ұйымдастырудағы басты мақсат – қоғамдық тәртіпті бұзушылармен кездесіп, олардың құқықтық сауатын ашу, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу.
 
 
Арайлым Бақберген,
аудандық жастар ресурстық орталығының маманы
Сейсенбі, 19 Қараша 2019 16:58

Сарбаздар сапына аттанды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ел тірегі – 2019» науқаны аясында, армияның беделін арттыру және мерзімді әскери қызметтің оң келбетін құру мақсатында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде кезекті Отан қорғаушыларды әскерге шығарып салды.

Салтанатты шараның ашылуында сөз сөйлеген алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстазы Тұрсын Рысбаев, жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айбек Ілебай, ауған соғысының ардагері Алмаз Тасанов болашақ жауынгерлерге сәттілік тілеп, ел үмітін ақтауға тілектестік білдірді. Сонымен қатар, ата-аналары да өздерінің ұлдарына Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып келуді тапсырды. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының міндетін атқарушы, капитан Болат Смаилов әскерге бару әрбір Қазақстан азаматы үшін парыз екендігін айтып, жас-тарды тәрбиелеуде әскердің үлкен рөл атқаратындығын жеткізді. Шара соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының ұйымдастырған концерттік бағдарламасына ұласты.

Айта кетейік биылғы жылы көктемгі әскерге шақыруда ауданымыздан 165 бала борышын өтеуге кеткен. Күзде 173 бала әскер қатарына шақырылған. Бүгінде оның 45-і қарулы күштер қатарына алынса, 41 бала шекара күзетіне аттанған. Қалған 3-еуі мемлекеттік күзет қызметінің сапында. Құзырлы бөлімнің мәліметінше, қалған 93 бала 29 желтоқсанға дейін әскерге жіберіледі. Оның 71-і Ұлттық ұланға барады.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Жақсылықта жарысайық!» Есік еріктілер тобының ұйымдастыруымен, «Жас Отан» жастар қанатының  қолдауымен «Әр қазақ менің жалғызым» атты қайырымдылық кеш өтті. Мақсаты – анасынан айырылған, әке қамқорлығынсыз, панасыз  қалған алты бірдей жетім балалардың үйлі болуына көмектесу.

Екі жыл бұрын анасы рак ауруынан қаза тауып, әкесінің, туыстарының қарауынсыз далада қалып қойған балалар саяжайдағы тастанды үйлерді паналап, күнелтіп жүрген. Жағдайларын айтып «Астарлы ақиқат» бағдарламасына хабарласқан балалардың өмірі қоғамды бей-жай қалдырмады. Аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесе Данияр Нүсіпжанұлы бастаған Есік еріктілер тобы балаларды киім-кешек, тамақпен қамтамасыз етіп, жалдамалы пәтерге орналастырған. Көпке үлгі игілікті істері қоғамды тәрбиелейді.

Аталған кешке Рахат №1 орта мектебінің 7 «А» сынып оқушылары да атсалысты. «Жазығым не менің, Ана?!» атты драма-мюзиклмен барған балалар барын салды. Баланың өмірге келуі ғажап дүние. Десек те, алдында не күтіп тұрғанын болжау қиын. Кей бала тағдырдың жазмышымен жетім атанса, кейбірі ата-ананың тастап кетуінен тірі жетімге айналады. Бұл – бүгінгі қоғамның ащы шындығы. Өмірдің осы келеңсіз тұстары көрініс тапқан «Жазығым не менің, Ана?!» атты драма мюзиклі іс-шараның мазмұнын кеңірек ашты. Драма-мюзикл көрерменді ойландырып қана қойған жоқ, балалардың әртістік қабілетін шыңдады. Сахна мәдениетіне төселіп қалған балалар көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Залдың тік тұрып көрсеткен қошеметі оқушыларды шабыттандырды. Игілікке қызмет ету – адамның ішкі тілегі. Бүтіндей бір отбасының аяғынан тік тұруына қол ұшын созу – адамдық қасиет.

 

Ботакөз  Шәрібек,

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

2020 жыл – «Еріктілер жылы». Бұл туралы «Jetysu Media»  алаңында өткен баспасөз-маслихаты барысында мәлім болды.

Қазіргі таңда елімізде 287 әлеуметтік-еріктілер орталығы жұмыс істейді.Олардың ішінде 50 мың белсенді еріктілер қайырымдылықпен айналысуда. «2020 еріктілер жылы» қарсаңында Алматы облысындағы еріктілерді қолдау орталығы «Ұлттық волонтерлік желі»  ЗТБ-мен бірлесіп, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының демеуімен «Еріктілер бастамасын дамыту үшін шағын гранттар бағдарламасын іске асыру» жобасын жолға қоюда.

Жобаның мақсаты-бірыңғай еріктілер қозғалысы  мен алаңдарды ұйымдастыру арқылы жастардың волонтерлік қызметке белсенді қатысуынынталандыру болып табылады.

«Дос.кз» әлеуметтік еріктілер орталығының директоры Лариса Леонидовнаның айтуынша, республика бойынша 17 еріктілер орталығы жұмыс істейді. Бүгінде еріктілер ұйымының жұмысын жадандыру үшін 17 грант бөлініп отыр. Грантты жеңіп алған жағдайда жобаларын іске асыру үшін 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай көмекке ие болады. Бүгінде 3 жобамен жұмыс жасаудамыз. Олар: «Ашық жүрек», «Студенттік бастама», « Бірыңғай жұмыс күні». Статистикаға назар аударатын болсақ еріктілердің басым көпшілігі 30 жастан асқандарды құрайды. Бұл дегеніміз еріктілерге жас шектеуі жоқ, сонымен қатар қайырымдылықпен айналысатындардың саны артуда деген сөз»,-дейді.

Жиында волонтерлік корпус жобасы еліміздің барлық өңірлерінде жүйелі және үйлесімді өзара іс-қимыл жасау үшін, еріктілер ұйымдарын қатарын бірыңғай үйлестіру орталығын құруға бағытталғаны туралы айтылды. Сонымен қатар, брифинг барысында өзгеде жобалар туралы ақпарат біріліп, еріктілер қозғалысы мен алаңдарды ұйымдастыру арқылы жастарды еріктілер қызметіне белсенді қатысуға шақырды.

Өңірлік коммуникация қызметі 

Сейсенбі, 29 Қазан 2019 17:40

Қалжыңда кек жоқ

«Әзіл түбі – зіл» деген қазақ сөз шырағын әдемі әзілмен астарлаған. Өйткені, қалжыңда кек жоқ, күлкіде шек жоқ. Есік қаласы Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде өткен Есік қаласы әкімінің кубогы бәске түскен жайдарман ойындарында да айтулы әзілдер орын алды. «Есік – тарих мекені» деп айдар таққан күлкі бәсекесіне аудан бойынша жеті құрама бақ сынасты. Абылайхан атындағы орта мектеп, Рахат №1, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі (ЕГЭК), Есік медициналық колледжі, Жетісу заң колледжі, Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп және Қаракемер кәсіптік колледжінен командалар қатысты.

Бір ғана айналымда өздерін барынша көрсетуге тырысқан командалар үздік деген әзілдерін көпшілік назарына ұсынды. Әйткенмен, әттегені сол, көп қалжыңдары көпшіліктің көңілін көтере алмады. Бұл турасында әділ-қазылар алқасы да байқау соңында ашық ой білдірді.

Нәтижесінде, үшінші орынды ЕГЭК құрамасы еншілесе, екіншілікке, Қаракемер кәсіптік колледжі жайғасты. Биыл алғашқы жыл шығып, тақырыпты ашуда тәтті әзілдерімен талайды тәнті қылған Абылайхан атындағы орта мектеп құрамасы бірінші орынды қанжығалады.

Шара соңында қайырымдылыққа жаны құмар жандар да аудан әкімінің орынбасары А.Бидаевтың Алғыс хатына ие болды.

Айта кетерлігі, ақылы негізге ұйымдастырылған Жайдарман ойындарынан түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалды.

Ойын соңында жеңімпаздар естелік суретке түсіп тарқасты.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

 

Дүйсенбі, 14 Қазан 2019 16:35

Жастардың жаңа бастамалары

Үстіміздегі жылы «Kazbrands» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жастардың менторлық қасиеттерін дамытуға, өңірлерде менти қозғалысын дамытуға бағытталған Нұрсұлтан қаласында семинар-тренинг өткізілген болатын.

Аталмыш жиынға ауданымыздан аудандық мәслихат депутаты Айбек Ілебаев қатысып, өз шеберлігін жетілдіріп қайтты. Менторлық жүйенің Еңбекшіқазақ ауданында жүзеге асуын басым бағытқа ала отырып ментор Айбек Қасымханұлы, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының бизнес тренерлері, аудандық «Жайдарман» одағының директоры Бақытжан Қаби, еріктілер қозғалысының жетекшісі Данияр Нүсіпжан және бірқатар жас кәсіпкерлердің қатысуымен Есік қаласында, Қаракемер кәсіптік колледжінде, Талғар ауданында жастар арасында семинар тренингтер өткізілді. Жиын барысында мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіре отырып, «Бастау» бизнестің жастар арасында кеңінен насихатталуына және «Жайдарман» ойындарына, ерікті жастардың қозғалысының дамуына және менторлық жүйеге жастардың қызығушылығын арттыру бойынша бірқатар түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Айдана Ақжол.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 03, 2024

Ерлан Барлыбаев: "Үкімет ұсынғандай…

Елімізде 6 қазан күні АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты VIII сайланған…
Қаз 03, 2024

Международные стандарты в…

Строительство атомной электростанции – это масштабный и сложный проект, требующий…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында референдумға…

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының…
Қаз 03, 2024

И след простыл: как современные…

Углеродный след человечества — тяжелый груз для планеты, который ей все труднее нести.…
Қаз 03, 2024

АЭС ел экономикасының өркендеуіне…

Ақтөбе облысындағы халықтық штаб мүшелері «Қамқор вагон» ЖШС-нің ұжымымен кездесу…
Қаз 03, 2024

Атомная энергетика не может быть…

Лэйла ТАСТАНОВА В преддверии референдума по вопросу строительства атомной электростанции…
Қаз 03, 2024

Имеем средство от рака в руках, но…

Более 200 тысяч человек в Казахстане состоят на учете как онкобольные. И 12 тысяч…
Қаз 03, 2024

Эксперт разобрал мифы и реальность о…

Директор департамента атомной энергетики и промышленности Министерства энергетики…
Қаз 03, 2024

Атом энергетикасын дамыту экологияға…

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның ғылыми орталығы бастығы, физика-математика ғылымдарының…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет