Бейсенбі, 09 Ақпан 2023 10:10

Нағыз ұры – қалтадағы телефон

Талғар ауданындағы «Зәмзам» мешітінің имамы Нұрлан Байжігітұлының есімі аз уақыттың ішінде елге кеңінен танылды. Дін қызметкерін жалпақ жұртқа жария еткен – әлеуметтік желі. Оның айтқан уағыздары, сан сауалға қайтарған жауаптары көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Әсіресе, жастар қызығып тыңдайды. Имам әр сөзін әзіл-қалжыңмен өріп, өскелең ұрпақты терең ойға жетелеуге тырысады. Жуырда желі қолданушылары арасында «Тик-ток молда» атанып кеткен Нұрлан Байжігітұлы Есік қаласында болып, аудан жастарымен емен-жарқын сұхбаттасты. Имам келеді деген жарнамаға күні бұрын құлақтанғандар Т.Молдағалиев атындағы Мәдениет үйіне қарай асықты. Сөйтіп…
Бейсенбі, 16 Маусым 2022 11:30

«Достық» мешіті игілікке берілді

Жуырда Қаратұрық ауылдық округіндегі «Достық» мешіті ел игілігіне берілді. Бірлігі жарасқан Достық ауылында қазығы қағылған мешіттің ашылуы салтанатты түрде аталып өтті. Имандылық пен ізгілікке шақыратын Алла үйінің құрылысын Марлан Сыдыков пен Нүсіпжан Омаров өз демеушілігімен жүргізген. Мешіттің бой көтеруіне ықпал жасап, күш-жігерін аямаған демеушілерге ауыл тұрғындары мен қарттарымыз ризашылығын білдіріп, ауыл ақсақалдары ақ бата беріп, қазақи салт-дәстүр бойынша тұлпар мінгізіп, шапан жапты. Кең орынды мешіттің ашылу салтанатына Алматы облысының құрметті азаматтары - Елеусіз Сұлтанғазиев және Бешен Доғалов, «Аманат» партиясы аудандық…
Қазіргі заман технология дамып, ақпарат жан-жақтан ағылып жатқан ғаламтор заманы екені бәрімізге белгілі. Жат ағымды қолдайтындардың үгіт-насихатын осы әлеуметтік желіде үнемі бақылауда ұстау мүмкін емес. Сананы улайтын, теріс пиғылды адамдардың арбауына жастар түсіп, зардабын көруде. Жастар түрлі сайттарға кіріп, әр түрлі парақшаларға тіркеліп, сол оқыған нәрсесін дұрыс деп санап, қоғамннан да сол нәрсені талап етеді. Ғаламтордың осындай жетістігі мен қолжетімділігін дәстүрлі емес діни ағымдар да өз пайдаларына тиімді қолдануда. Олардың қызметі өздерінің идеологиясын белсенді түрде насихаттауға, жаңа мүшелерді өз қатарларына…
Адамзат руханиятының алтын діңгегі, құндылықтардың бастауы, тіпті мемлекеттік басқарудағы үш тағанның негізгісі де - дін. Ислам мәдениеті мен өркениетінің темірқазығының айналасына көлеңке түсіретіндер соңғы жылдары қаптады. Ол діннің атын жамылған - экстремистік ағымдар. Мамандар аталмыш топтардың қатарын қоғамда өз орнын таба алмаған азаматтар мен діни сауаты қалыптаспаған жастар толықтырып келе жатқаны байқалады деуде. Сәйкесінше, елдегі діни ахуал күрделеніп тұрған жайы бар. Жалпы, Алматы облысында «Діни экстремизммен терроризмнің алдын алу» бағытында жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Нәтиже жаман емес, дегенмен теріс ағымның жетегінде…
Сәрсенбі, 17 Маусым 2020 10:53

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Биылғы жылы әлемді әуреге салған коронавирус індетіне байланысты елімізде төтенше жағдай енгізіліп, жаппай халық бұл сынақтан аман-есен өтуге тырысып бағуда. Осы орайда, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ҚМДБ-ның көпке жасаған көмегі орасан зор. «Қайырлы істің қайырымы бар» аудандық мешіттің бас имамы Сапархан Айдарханұлының түрткі болуымен ауданға қарасты барлық мешіт имамдары жамағатпен бірге жақсы істі жалғастырып, халыққа қайрымдылық жасауда аянып қалмады. Атап айтар болсақ, ауданымызда сомасы бір миллион теңгені құрайтын екі ірі қара мал және онға жуық қой сойылып, жүзге жуық…
Пайғамбарымыз ﷺ бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай деп қатаң ескерту: – Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім ауыз ашпасын! Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады. Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп: – Уа, Расулаллаһ! Екі қызым күні бойы ораза ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап, ауыздарын ашса жақсы болар еді, – деп өтініш білдірді. Алайда рұқсат берілмеді. Әлгі кісі тағы…
1 бет. Барлығы: 6

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет