Бейсенбі, 16 Маусым 2022 11:30

«Достық» мешіті игілікке берілді

Жуырда Қаратұрық ауылдық округіндегі «Достық» мешіті ел игілігіне берілді. Бірлігі жарасқан Достық ауылында қазығы қағылған мешіттің ашылуы салтанатты түрде аталып өтті.

Имандылық пен ізгілікке шақыратын Алла үйінің құрылысын Марлан Сыдыков пен Нүсіпжан Омаров  өз демеушілігімен жүргізген. Мешіттің бой көтеруіне ықпал жасап, күш-жігерін аямаған демеушілерге ауыл тұрғындары мен қарттарымыз ризашылығын білдіріп, ауыл ақсақалдары ақ бата беріп, қазақи салт-дәстүр бойынша тұлпар мінгізіп, шапан жапты.

Кең орынды мешіттің ашылу салтанатына Алматы облысының құрметті азаматтары - Елеусіз Сұлтанғазиев және Бешен Доғалов, «Аманат» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуат Байғоджаев, ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы Шаймардан Нурумов, Қаратұрық ауылдық округінің әкімі Айбек Ілебаев, ауданымыздың бас имамы Сапархан Төреқұлов, әнші Серікбол Сайлаубек, өңірлік журналистер мен құрметті қонақтар қатысты.

Жұрт игілігіне берілген құлшылық үйінде бір мезетте 100-ге жуық адам намаз оқи алады. Мешіт ішінде намаз оқуға арналған үлкен зал мен сыртқы ас беретін орны бар. Аталған мешіт ғимараты жылу жүйесімен қамтылған. Жалпы, ауылдық округте жаңадан ашылған мешіт «Достық» мешіті деп аталатын болады.

Эльмира ӘЗІЛЖАН

Оқылды 1443 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет