Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі – Қазақстан Рес-публикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын.

«Көптің сөзі – киелі» дейді дана халқымыз. Ел-жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған Басты құжатымыздың авторы – бүкіл Қазақстан халқы.

25 жылды тарих қойнауына табыстаған Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

Конституцияны басшылыққа ала отырып, біз тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігімізді нығайту жолында ғасырлық мәні зор ауқымды істер атқардық.

Аз уақытта айбары асқан куатты ұлтқа, дәулеті тасыған әлеуетті елге айналдық. Ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыстырған түрлі ұлыс өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне топтасты. Әрбір Қазақстан азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан Қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнеге. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды.

Қазақстан жерінде тұратын барлық азаматтардың теңдігі – біз-дің Отанымыздың табысты дамуы мен өркендеуінің басты кепілі.

Құрметті жерлестер!

Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Констиутция күні тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді көздің қарашағындай сақтауға шақыра отырып,Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, Отанымыздың дамуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Бүгін «Nur Otan» партиясы Саяси Кеңесінің Бюро отырысы өтеді. Отырысқа Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық етеді. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.

Отырыста Бюро мүшелері партия жұмысын қайта жандандыру мен праймериз - ішкі саяси сайлау өткізу мәселесін талқыға салады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыс аумағында Сервистік әкімдіктер ашу қолға алынуда.

Бүгін Алакөл ауданында «Сервистік әкімдік» жобасы ғимаратының ашылу салтанаты Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың қатысуымен өтті.

«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Алакөл ауданы әкімдігінде «Сервистік әкімдік» ғимараты ашылды. Жобасының басты қағидалары мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру мен азаматтарға ыңғайлы жағдайлар жасау»,–дейді ол.

Ауданда ашылған жаңа Сервистік әкімдік - ашықтық пен қолжетімдік өлшемдеріне сәйкес келеді және жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға ықпал етеді.

Айта кетерлігі, бүгінгі күні облыс көлемінде осындай 9 әкімдік жұмыс істеуде. Атап айтсақ, Ақсу, Балқаш, Қарасай, Қаратал, Көксу, Райымбек, Іле, Алакөл аудандары мен Талдықорған қаласында. Ал жыл соңына дейін облыстың басқа да қала мен ауданадарында «Сервистік әкімдіктер» ашу жоспарда бар.

Ұлттық банк «ABAI. 175 JYL» коллекциялық монеталарын 1 қыркүйекте саудаға шығармақ, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған «ABAI. 175 JYL» коллекциялық монеталары 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап сатуға түседі.

Монеталарды ҚР Ұлттық банкінің барлық аумақтық филиалдарынан сатып алуға болады – олардың мекенжайлары сайтта көрсетілген. Күмістен және мельхиор қоспасынан жасалған монеталарды Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.

«Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ұлттық банкі аталған монеталарды 2020 жылдың 10 тамызында айналымға шығарды. Оларды шығару ақын және ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орайластырылды. Қазақстан Республикасында карантин режимінің ұзартылуына байланысты монеталарды сату одан бұрын кейінге қалдырылған болатын»,- делінгенхабарламада.

Түркия астанасы Анкарада Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты.

Іс-шара барысында Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы М.Әуезовтың «Абай жолы» романын жақында түрік тіліне аударған белгілі түрік ақыны, жазушы Зафер Кибарға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес берілген Қазақстанның мемлекеттік наградасы - II дәрежелі «Достық» орденін табыстады.

Өз кезегінде З. Кибар табысталған орден үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, қазақ халқына алғысын білдіріп, Абайдың барша адамзатты ағартар терең сөздерді жай айтып қана қоймай, қағаз бетіне түсіріп, өшпес мұра қылып кеткені жайлы сөз қозғады.

Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген А. Сапарбекұлы ұлы ақынның қазақ халқы үшін ерекше рөлін айтып, «Абайды тану – өзімізді тану» деп, оның терең ойларының қазақ болмысын қалыптастырғанын атап өтті.

Қазақстандық дипломат Абайдың әдебиетпен қатар қоғамдық өмірдегі жаңашыл ойлары өзінен кейінгі қазақ зиялылары үшін өнегелі үлгіге айналғанын айтты.

Түркия Мәдениет экс-министрі Намык Зейбек өз сөзінде Абайға қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушысы деген баға беріп, ұлы ақынның бүкіл түркі әлемі үшін маңызына тоқталды.

Ұлы ақынның өлеңдері, поэмалары мен Қара сөздерін мәнерлеп оқуға арналған әдеби кешке ұласты. Сондай-ақ, Абай Құнанбайұлының суреттерінен құралған көрме салтанатты іс-шара қатысушыларына ұсынылды.

Алқалы жиынға ТР Мәдениет экс-министрі Намык Зейбек, Еуразия жазушылар одағының президенті Якуп Өмероғлу, сондай-ақ жергілікті зиялы қауым және Анкарадағы дипломатиялық миссиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен Түркияда білім алып жатқан қазақстандық жастар және т.б. қатысты.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Бүгін Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кездесуі өтті", - деп жазды Айдос Үкібай.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы Саяси кеңес Бюросы отырысының күн тәртібі мен партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі тармақтарын қарастырды.

Әңгіме барысында Елбасы мен Мемлекет басшысы дағдарыстан кейінгі кезеңде елдің одан әрі дамуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

 

Санаулы күндерден кейін басталатын жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларды да, ата-аналарды да оқу процесінің қалай жүргізілетіндігі алаңдатқаны белгілі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы және өзге де көптеген мәселеге қатысты нақты мәліметтермен бөлісті.

Алдымен 1 қыркүйек - Білім күнінде оқушылардың салтанатты сап түзеуі болмайтындығын бірден айта кеткен жөн. Бұл коронавирус індетінің таралу қаупі сейілмеуіне байланысты бала денсаулығын қорғау үшін қабылданып отырған мәжбүрлі шара екендігі анық. Жалпы, оқушылардың басым бөлігі қашықтан білім алғанымен, мектеп табалдырығын аттайтындары да бар.

Нақты деректерге жүгінсек, еліміздегі жалпы мектеп оқушыларының 80 пайызы немесе 2,6 млн бала қашықтан оқуын жалғастырады. Ал бастауыш сыныпта білім алатын балалардың 15 пайызы немесе 530 мың оқушы ата-аналардың өтінішімен мектепке келіп, кезекші сыныптарда білім алады.

Шалғай ауылдардағы шағын жинақты мектептердің оқушылары - 5 пайыз. Бұл оқушылар елді мекендегі коронавирус індетіне қатысты ахуал оң болса, онда мектепке барып дәстүрлі форматта оқи береді. Мұндай балалардың саны - 202 мың.

Баспасөз мәслихаты барысында Асхат Аймағамбетов балалардың 80 пайызы білім алатын қашықтан оқыту форматы негізгі 2 бағытта жүргізілетіндігін айтты.

«Әрине, қашықтан оқыту бойынша екі негізгі бағыт бар. Бірінші бағыт - интернет арқылы оқыту. Интернет арқылы оқыту бойынша бізде арнайы бірнеше интернет платформа бар. Жалпы, өткен оқу жылының 4-тоқсанында бізде екі негізгі 2 интернет платформа болса, осы уақытта оған тағы 6 интернет платформа қосылып, 8-ге жетті», - деді ол.

Оның атап өтуінше, осы платформалардың ыңғайына, беріп отырған мүмкіндігіне байланысты мектептер, қалалық, аудандық білім бөлімдері шешім қабылдап, келісімшартқа қол қояды және сол платформамен жұмыс істейді.

«Екінші бағытта балаларға телеарна арқылы сабақ беріледі. «Ел арна» және «Балапан» телеарналары телесабаққа тәулігіне 9 сағатқа дейін эфир бөліп отыр. Телесабаққа келер болсақ, түсірілім «Хабар» агенттігінде жүргізіліп жатыр. Жалпы телесабақтар 1 қыркүйекке дейін дайын болады деп ойлаймыз. Қазірдің өзінде тиісті деңгейде, жеткілікті сабақтар дайындалды», - деді министр.

Жалпы мектеп оқушыларының 15 пайызы дәстүрлі форматта мектепке келіп, кезекші сыныптарда білім алатындығын жоғарыда айттық. Бірақ, бұл ретте ең басты мәселе - баланың денсаулығы мен қауіпсіздігі болғандықтан мектеп әкімшілігіне қатаң талаптар қойылады. Мәселен, әр кезекші сынып үшін үзіліс әртүрлі уақытқа созылады. Тіпті сабақтың басталу уақыты да бір сынып пен екінші сыныпта бірдей болмайды. Ал бір сабақтың ұзақтығы 40 минутпен шектеледі. Кезекші сыныптарда санитарлық талаптар қатаң сақталады.

Бұған қоса, сабақтың ұзақтығын қысқартып, 1 сағаттың ішінде апыр-топыр балаларды оқытып, үйіне жібере салуға да жол берілмейді. Мұны Білім және ғылым министрлігі бастап, жергілікті білім басқармалары жіті бақылауда ұстап отырады.

«Балалар бір кабинетте ғана оқиды. Әдеттегідей бір кабинеттен екінші кабинетке көшіп оқуға жол бермейміз деп шештік. Әр күн сайын термометрия жүргізіледі. Жуу, желдету режимі бойынша тиісті талаптар қолданылады. Шағын жинақталған мектептерде дәстүрлі білім беру барысына да осы талаптар қойылып отыр. Бұған қоса, бір сыныпта 25-30 бала болса, онда оларды 15 баладан аспайтын топқа бөлу керек деген шешім қабылдадық. Осы шешім аясында жұмыс жүргізіледі», - деді министр.

Осы орайда айта кетерлігі, кезекші сыныпқа сабақ берген мұғалімнің қашықтан оқытуға да құқығы бар. Оның мұндай құқығына мектеп әкімшілігі тосқауыл қоймауы қажет. Өйткені, министрдің айтуынша, бұған дейін бастауыш сынып мұғалімдерінде бір ставкаға сағат жетпей қалу проблемасы болған.

Мәселен, үлгілік оқу жоспарына сәйкес бірінші сыныптарда аптасына 24 сағат беріледі. Алайда ағылшын тілі, дене шынықтыру сынды сабақтарды басқа мұғалімдердің беруіне байланысты бастауыш сынып ұстазының орташа жүктемесі 15-16 сағатты құрап, 18 сағатқа, 1 ставкаға да жетпеген. Ал қазір жағдай өзгеріп отыр.

«Қазір біз сыныпты бөлетін боламыз. Айталық, сыныпта 30 оқушы бар. Бүгінгі жағдайда кезекші сыныпта оқыту барысында олар аталған сыныпты 15 баладан екі шағын топқа бөлуге міндетті. Соған орай педагогке жүктеме де артады. Дегенмен, педагог қосымша жұмысы үшін қосымша ақы да алады. Яғни, егер қазір онда 28 сағат болса, педагог барлық 28 сағат үшін жалақы алады», - деді Асхат Аймағамбетов.

Ескерте кетерлігі, егер осы кезекші сыныптарда не болмаса сабақ беретін мұғалімдерде коронавирус індеті анықталатын болса, онда мектеп жабылуы да мүмкін. Мұны аталған баспасөз мәслихатына қатысқан еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты.

«Егер сыныпта бір оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталса, мамандар эпидемиологиялық тексеріс жүргізеді. Сол сыныптың оқушылары, сабақ беретін мұғалімдер және инкубациялық кезеңде тығыз қарым-қатынаста болғандар оқшауланады. Зертханалық тексеру жүргізіледі. Егер ауру бірнеше сыныпта немесе әртүрлі сыныпқа сабақ берген мұғалімдерден анықталса, онда аурудың одан ары таралуына жол бермеу мақсатында мектеп толық жабылуы мүмкін», - деді Айжан Есмағамбетов.

Асхат Аймағамбетов мектеп оқулықтарындағы олқылықтарға қатысты да ойымен бөлісіп, алдағы уақытта кемшіліктердің толық жойылатынын айтып сендірді.

«Оқулық мәселесі өте маңызды. Бұл баяғыдан келе жатқан, халықтың көкейінде жүрген ең басты мәселенің бірі. Бізде кейбір әріптестеріміз «оқулық - қосымша құрал» деп айтады. Мен онымен келіспейтіндігімді әрқашан айтамын. Оқулық - бала үшін ең негізгі құралдың бірі. Бала оқулыққа сүйеніп оқиды. Оқулықта болған ақпаратты бойына сіңіреді. Сондықтан оқулыққа біз өте үлкен назар аударып жатырмыз. Біз оқулықтың жалпы дайындалу процесін өзгерттік. Жалпы, авторларды алып, бұл солардың ғана проблемасы десек дұрыс емес. Не баспалардың проблемасы деп, баспаға аударсақ та дұрыс болмайды. Қоғамда сондай ой қалыптасқан. Біз министрлік ретінде жауапкершілікті өзімізге алуымыз керек. Өйткені, жалпы осы саясатты жүргізіп отырған министрлік. Әрине, бұл жерде баспалардың, авторлардың жіберген қателіктер бар. Бірақ, негізінде осы саясатты Білім және ғылым министрлігі жүргізіп отыр. Сондықтан біз осы саясатты күрт өзгерттік», - деді министр.

Оның айтынша, кітап дайындау барысында ең алдымен бағдарламалардың дұрыс болуына баса мән беріледі. Содан кейін ғана сараптама жасалып барып оқулыққа енгізілетін болады.

«Сараптамаға мұғалімді 7 күнге шақырып, қаншама кітапқа сараптама жаса деген кезде оның еш тиімділігі болмайды. Өйткені, жақсы мұғалім кітапқа сараптама жасайтын жақсы маман деген сөз емес. Оқулықтану деген бөлек ғылым. Оның өзіндік заңдылықтары бар. Жалпы биыл біз оқулықтарға қатысты жаңа ереже қабылдадық. Енді бұдан кейін шығатын оқулықтар басқа сапада жарық көреді», - деді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ министр дерегінше, компьютер жеткізу жұмысы күнделікті жүргізіліп жатыр. Ол үшін жергілікті атқарушы органдар қаржы бөлген. Бұған қоса, республикалық бюджеттен де қосымша қаражат өңірлерге жіберіліп отыр. Компьютерлер ең алдымен көпбалалы және табысы аз отбасылардың балаларына беріледі.

Бүгінгі күнге дейін жергілікті атқарушы органдар 200 мыңға жуық компьюер сатып алып, оны балаларға таратып беріп үлгерді. Жалпы, жаңа оқу жылына дейін 400 мыңнан астам оқушы қажетті техникамен қамтамасыз етіледі.

Ал осы балалардың қолына тиген мемлекеттік мүлік бүлінген жағдайда бұл мәселе «Мемлекеттік мүлік туралы» заңның 72 және 76-баптары аясында шешілетін болады.

Жалпы өткен оқу жылының 4-тоқсанында балаларға берілген техниканың ешқайсысы бүлінбегендігі белгілі. Бұл ата-аналардың мектеп мүлкіне зор жауапкершілікпен қарайтынын білдірсе керек.

Еліміз атынан сынға түсіп жатқан танкіші-жауынгерлер кезекті жарыста екінші орынды иеленіп, Армия халықаралық ойындарының «Танк биатлоны» байқауының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Үшінші экипаждың өнер көрсетуімен Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командалары үшін жеке жарыс аяқталды.

Бұл бәсекеде де алдыңғы кезеңдегідей қазақстандық команда екінші уақытты көрсетіп тек ресейлік танкішілерге есе жіберді.Үшінші орынға Өзбекстан, төртінші орынға Қырғызстан командалары жайғасты.

Қазақстаннан келген жауынгерлер барлық үш сапарда: трассадан өту кезінде жоғары жылдамдықты, сонымен қатар мақсаттардың дәлме-дәл зақымдануы мен экипаждардың үйлесімді жұмысын көрсетті. Біздің команданың қарсыластары 29-30 тамызда Әзербайжан, Беларусь, Қытай және Сербия командаларының қорытынды кездесулерінен кейін анықталады. Өз кезегінде қазақстандық жауынгерлер жартылай финалдық эстафетада өз шеберліктерін көрсетуі керек. Онда экипаждар кезекпен трассадан өтеді. Жартылай финалдық сайыстардың жеребе тарту рәсімі 30 тамызға белгіленген.




Финалға шығу үшін бақ сынайтын эстафеталық жарыс 1-2 қыркүйекке жоспарланған.

Жылыту маусымы басталған шақтан газбен улану жағдайы орын алып жатады. Арнайы рейд барысында 613 үйдің өрт қауіпсіздік ережелдерін бұзғаны анықталған. Бұл труалы « Jetisy Media» ақпараттық алңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімделді.

Облыста 386 870 жеке тұрғын үй есепте тұр. 15 024 үй халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілі.   Тұрғын үйлердің ішінде 252 416 қатты отынмен жылынса, 130 656 орталық газ жүйесіне, 3 697 – орталық жылу беруге, қосылған. 101-электрмен жылытылады.

«15 тамыздан бастап халықтың осал топтарына тиесілі  2807 үйді араладық. Жұмыс барысында  5 мыңнан астам азаматқа нұсқау берілді. 900-ден астам бұзушылық анықталды, оның 319-ы  сол сәтте  жойылды»,- дейді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Ерлан Ахашов.

 Негізінде халыққа қауіпсіздік ережелерін жеткізу тікелей байланыс кезінде де жүзеге асырылады. Осы уақытқа дейін:

- 26 жиын, 208 азаматқа нұсқау берілді

- 298 азаматтың қатысуымен 31 нұсқаулық жүргізілді.

2019 жылы облыс әкімдігімен бөлінген 169 млн. 490 мың теңгеге. халықтың осал топтарының үйлеріне 24 501 улы газды анықтау датчиктері сатып алынды және орнатылған.

Төтенше жағдай департаментіндегі мамандардың айтуынша, өрт қауіпсіздігінен бөлек, балалардың қауіпсіздігі де басты назарда. Айтуларынша, бөбектердің терезеден құлап кету қауіпі сейілмей тұр екен.

2020 жылдың 8 айында Алматы облысында  1 оқыс оқиға тіркеліп, бүлдіршін жарақат алған.  Мамандар, балардың әлі қауіптің не екенін бағамдай алмайтынын алға тартып, дабыл қағуда. Сол себепті ересектерге балалардың өміріне жауапкершілікпен қараңыздар деп ескертпелер жасауда.

Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан келесі қауіпсіздік ережелерін ұстануды сұрайды:

- пәтердегі терезелерді ашып, бөлмені желдетіп, балаңыз қаралуда екеніне көз жеткізіңіз.

- желдету кезінде фрамугаларды немесе терезелерді ашыңыз. Егер сіз әлі де терезені ашсаңыз, оны 10 см - ден артық ашпаңыз, қауіпсіздік үшін терезелерге торлар мен блокаторларды орнатыңыз.

- баланың балконға ересектердің көмегінсіз шығуына рұқсат бермеңіз.

- ұйықтап жатқан баланы ешқашан пәтерде жалғыз қалдырмаңыз. Бала оянып, ашық терезеге көтеріле алады.

- барлық жиһаздарды, төсектерді терезеден алшақ орнатыңыз.

- балаға терезенің қалай ашылатынын көрсетпеңіз.

- баланы терезеге қарау немесе балконнан сыртқа қарау үшін аяқтың астына орындықты немесе басқа құрылғыны ауыстыруға үйретпеңіз. Кейіннен, осылай әрекет ете отырып, ол тым қатты шығып, терезеден (балконнан) құлап кетуі мүмкін.

 - егер 5-7 жастағы бала пәтерде жалғыз қалудан қорқатын болса, оны қысқа уақытқа да қалдырмаңыз. Көбінесе қорқыныш сезінген балалар ата-аналарын терезеден немесе балконнан қарап, құлап кетуі мүмкін.

 

 

Құрметті жерлестер!

«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген екен көнекөздеріміз. Расында, білекке емес, ілім-білімге сенетін дәуір есігін аштық. Алпауыт елдермен тереземіз тең болуы үшін өз ісінде тыңнан түрен салар жүрегінде жалын, көзінде оты бар жас буын тәрбиелеуіміз тиіс. Бүгінгі мемлекеттік саясат осы бағытқа басымдық беріп отырғаны ақиқат.

Ұлт Көшбасшысы, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен биылғы жылдың 17 тамызынан партияішілік праймериз бастау алды. Мұндағы мақсат айқын: ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жұмыла іс қылатын көшбасшыларды іріктеу. Сол арқылы ертеңгі күні елдің тізгінін ұстайтын нағыз кәсіби кемелді азаматтардың қатарын толықтыру. Осынау тұңғыш рет өткізіліп отырған республикалық партияішілік праймеризге өтініш білдіру 17-28 тамыз аралығында жүргізіледі. Егер Сіз аталған бәсеке бәсінде бағымды сынаймын десеңіз, мүмкіндігіңізді мүлт жібермеңіз.

Додаға түскен кандидаттардың үгіт жұмыстары 7 қыркүйектен 3 қазанға дейін жүргізілмек. Сәйкесінше, 14-30 қыркүйек аралығында жария пікірсайыстар өткізу қарастырылған. Өкінішке қарай, еліміздегі пандемия жағдайына байланысты партияішілік сайлауда онлайн форматта дауыс беру қалыптастырылды. Жоғарыда атаған пікірсайыстар партияның ресми аккаунттарында таратылатын «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы өткізілмек.

Праймериздің қорытынды кезеңінде 1-3 қазан аралығында нұротандықтар мобильдік қосымша және арнайы веб-портал арқылы электронды дауыс бере алады. Интернет байланыстан қиындық тудырған елді мекен тұрғындары дауыс беру учаскелеріне келіп, қағаз бюллетендер арқылы таңдауын жасауға мүмкіндіктер қарастырылады.

Бүгінде ауданымызда 11 мыңға жуық Nur Otanдықтар бар. Әлбетте, «Кемедегінің жаны бір». Демек, біздің мақсат ортақ: әлеуметіміздің әлеуетін арттырып, елімізді жаңа деңгейге көтеру. Ендеше, ортақ мақсат жолында орайласатын сәт туды. Осынау саяси бәсекеде әрбіріміз белсенділік таныту арқылы жарқын болашаққа жол саламыз. Мұндайда қазақ «Кеңеспен шешкен шешімнің кемісі болмайды» дейді. Лайым, ынтымағымыз ыдырамасын, бірлігіміз бүлінбесін!

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 30, 2024

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,…
Қырқ 30, 2024

Жас ақындар мен жазушылар арасында…

ЕРЕЖЕСІ1. Жалпы ережелер 1. «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы (бұдан әрі –…
Қырқ 30, 2024

АЭС салудың халықаралық тәжірибесі

Атом электр станцияларын (АЭС) салу және пайдалану – әлемдегі көптеген елдер үшін энергия…
Қырқ 30, 2024

Безопасность АЭС для Балхаша: мнение…

С ростом потребности в устойчивых источниках энергии Казахстан всерьез рассматривает…
Қырқ 30, 2024

Хайрушев: Если мы откажемся от АЭС,…

Вопрос строительства атомной электростанции в Казахстане поднимается с самого момента…
Қырқ 30, 2024

70 процентов всех ТЭЦ Казахстана…

70 процентов тепловых электростанций в Казахстане устарели. Всего в стране насчитывается…
Қырқ 30, 2024

Астаналық инженер АЭС тиімділігін…

Алматы ядролық физика институты Астана филиалының инженері Мәлік Қалиекперов атом…
Қырқ 30, 2024

“Атомная энергетика помогает…

В пик своего развития атомная промышленность обеспечила более миллиона рабочих мест в…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет