Тараптар әлемдегі коронавирус індетінің таралуына қатысты қазіргі ахуалды және оның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларды талқылады.

Шарль Мишель елімізде COVID-19 вирусының одан әрі таралуына жол бермеу үшін Қазақстан Президентінің нақты іс-қимылдары мен шешімдеріне жоғары баға берді. Оның айтуынша Қазақстан Орталық Азия аймағындағы Еуропалық одақтың аса маңызды серіктесі саналады. Осы ретте еліміздің індетке қарсы күрес жөніндегі халықаралық және өңірлік іс-шараларға атсалысуының маңызы зор екенін, оның Брюссельде жоғары бағалайтынын жеткізді.

Еуропалық Кеңестің басшысы Қазақстан Президентінің шағын және орта бизнесті қолдау, азаматтарды жұмыспен қамту, мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындау мақсатында дағдарысқа қарсы қабылдаған іс-шараларын ерекше атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның нақты шешімдер қабылдайтынын айтты.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Еуроодақ өкіліне пандемияға қарсы күрес бойынша Ресейдің, Қытайдың және Орталық Азиядағы бірқатар елдердің басшыларымен телефон арқылы жүргізген келіссөздердің қорытындылары туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің коронавирусқа қарсы күреске бағытталған, оның ішінде, халықаралық қаржыландыру (5 трлн. доллар) арқылы әлемдегі әлсіз мемлекеттерге көмек көрсету жөніндегі гуманитарлық жоспарын ілгерілету жайындағы бастамасын қолдайтынын айтты.

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одаққа мүше елдер арасындағы қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, атап айтқанда, Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы Серіктестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы жаңа келісімді жүзеге асыру туралы пікір алмасты.

Мемлекет басшысы аталған құжаттың саяси диалогты одан әрі нығайтудың, Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға берік негіз болатынын мәлім етті.

Cөз соңында тараптар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселеге назар аударды. Атап айтқанда, Шарль Мишель Астана форматы аясында өткен Сирия келіссөздерінің преспективасына қызығушылық танытты. Қасым-Жомарт Тоқаев Сириядағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі Женева процесін жалғастыратын келіссөздердің кезекті кезеңін өткізу үшін Қазақстанның өз алаңын ұсынуға дайын екенін нақтылады.

Телефон арқылы сөйлесуге еуропалық тарап бастамашы болды.

Дереккөз: akorda.kz

Талдықорған қаласында 2020 жылдың 01 сәуірінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жанындағы Open Space форматында жұмыс істейтін "ANTIKOR ORTALYǴY" атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталығы ашылды.

"ANTIKOR ORTALYǴY"-ның ашылуы Алматы облысының әкімі А. Баталовтың және Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысы Е. Мақажановтың қатысуымен өткізілді.

Антикор орталығы – Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау мақсатында салынған жаңа форматтағы және де барлық талаптарға сәйкес келетін фронт офис.

Ескерту: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталықтарды ашу Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Ж. Шпекбаевтың бастамасы болып табылады. Өз кезегінде, Алматы облысының әкімі А.Баталов Алматы облысында да осындай сервис орталығын ашу бастамасын қолдады. Айта кету керек, республика көлемінде Алматы облысы "ANTIKOR ORTALYǴY" атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсету орталығы ашылатын 14-ші өңір болып табылады.

"ANTIKOR ORTALYǴY"-ның ерекшелігі Open Space форматында салынғаны болып табылады.

Бүгінгі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанда осындай ашық форматта жұмыс істейтін бір ғана құқық қорғау мекемесі болып табылады.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Е. Мақажановтың айтуынша: «"ANTIKOR" сервистік орталығында іс жүргізу офицері, Департаменттің превенция басқармасының, сондай-ақ "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметкерлері жұмыс істейтін болады. Бұл мамандардың барлығы азаматтардың өтініштерін тыңдайды, кеңес береді және заң шеберінде мәселелерді шешуге жәрдемдесетін болады.

Сонымен қатар, "ANTIKOR" сервис орталығының алаңында арнайы мониторингтік топ пен ақпараттық-насихаттау штабының өкілдері негізгі жобалық бағыттар бойынша диалогтық кездесулер жүргізе алады».

"ANTIKOR ORTALYǴY"-ның конференц-залында апта сайын тілшілер үшін брифингтер, онлайн-конференциялар, мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен әлеуеметтік желіде тікелей эфирлер өткізілетін болады.

Айта кету керек, "ANTIKOR ORTALYǴY" - ның келушілері де үшін қолайлы жағдай жасалған, күту залы және балаларға арналған ойын бұрыштары жасақталған.

А.Сабырова

Ол үшін арнайы сайт пен телеграм-бот ашылады... 

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтардың 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді қалай ала алатыны туралы егжей-тегжей айтып берді.

 Министрдің айтуынша, қазіргі жағдайда көптеген кәсіпкерлер, әсіресе, шағын және орта бизнес өз жұмыскерлерін жалақысын сақтаусыз еңбек демалысына жіберуге, тіпті, қысқартуға мәжбүр. Бүгінде Қазақстанда 2 млн астам өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам тіркелген, олар ресми және ресми емес жұмыс істейді. Қазір олар табысынан айырылған. 

«Президенттің тапсырмасы бойынша біздің елімізде МӘСҚ қорынан әлеуметтік төлем енгізілген – табысынан айырылған тұлғаларға 42 500 теңге беріледі. Кеше өзінің үндеуінде Мемлекет басшысы осы төлемді алу тетігін кеңейтуді тапсырды», — деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Төлемді кімдер ала алады?

Бірінші — бұл шағын және орта бизнестегі жалдамалы жұмыскерлер, олар карантин енгізілген қалаларда жалақысының сақталуынсыз еңбек демалысына жіберілді, сонымен қатар бұған ірі кәсіпкерлік субъектілері де жатады. 

Екінші — жеке тұлғалар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Олардың қатарында жеке кәсіпкерлер бар, статистика бойынша олардың саны елімізде 1,5 млн адам. Олардың қатарында жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар бар: жеке адвокаттар, нотариустер, сот орындаушылары, медиаторлар – елімізде олардың саны 2 мың адамнан асады. Олар азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттар бойынша жұмыс істеген тұлғалар, олардың саны 180 мыңға жуық. 

Төлемді алу үшін не істеу керек және қандай құжаттарды тапсыру қажет?

Б. Нұрымбетовтың айтуынша, төлемді алу тәртібі өзгертілді. Бүгінде оны алу үшін ешқандай құжат тапсыру қажет емес. Тек өтінім беріледі. Бұл өтінімде төлемді алу үшін барлық себептері, өзінің мәліметтері — толық аты-жөні, ЖСН, карта есебі көрсетіледі. Жұмыс беруші өз жұмыскерлерінің тізімін ұсынады. 

Бұл ретте, сізге төтенше жағдай режиміне байланысты табысыңыздан айырылғаныңыз туралы дәлелдеудің қажеті жоқ, мұны ешкім нақтылап тексермейді. Сіздің өтініміңізде бұл көрсетілген, сол негізге алынады. Өтінім электронды түрде тапсырылады. 

«Бұл бүгін өте өзекті мәселе болды. Көптеген адамдар жүгініп: “бұл өтінімді беру қиын, ЭЦҚ қосу қиын, Egov жүктемейді” дейді. Біз бүгін сіздерге бірнеше техникалық шешімдерді ұсынамыз және күн сайын осы тетікті жеңілдететін жаңа шешімдерді ұсынатын боламыз», — деді еңбек министрі. 

Бірінші — «Электронды үкімет» порталы. 

Сервис арқылы әр адам өзінің мәліметтерін толтыруы қажет. Енді бұл өтінімге қандай да бір файлдарды қосу қажет емес. Маңыздысы — осы өтінімнің болуы. Оған ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Немесе SMS арқылы құпиясөз алумен қол қойылады. 

Екінші. Арнайы сайт.

Бүгінде Egov жүктемесі тым көп, сондықтан Еңбек министрлігі BTS компаниясымен бірлесіп 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем үшін арнайы сайт әзірледі. 

«Біз оны ертең таңертең іске қосамыз. Онда сонымен қатар барлық азаматтар өтінім бере алады, өз мәліметтерін – толық аты-жөнін, ЖСН мен банктегі есебін көрсетеді. SMS арқылы құпиясөзді алған соң өзінің қолымен растайды. Ол жерде "42500 теңге төлеу" қызметін таңдау керек» — деп түсіндірді ведомство басшысы.

Сайтқа немесе Egov-қа кіру үшін компьютері жоқ адамдар бар. Ертең таңертеңнен бастап мобильді телефон арқылы Telegram-ботты пайдалану ұсынылады. Бұл қосымшаны жүктеп алып, оған өз мәліметтеріңді енгізу қажет. 

«Осылайша, біз бәрін жеңілдетеміз, бұл шешімдерді ұсынамыз: қайда жүгіну керек, Telegram-бот қалай жұмыс істейді, біз бұл туралы барлық ақпаратты бүгін кещке Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында, Еңбек министрлігінің Facebook парақшасында жариялаймыз, барлық әлеуметтік желілерде таратамыз», — деді Б. Нұрымбетов. 

Өтінімді қалай дұрыс беру керек? 

«Біз сіздерден өз мәліметтеріңізді дұрыс енгізуді сұраймыз. Яғни, ЖСН, карта есебі және аты-жөндеріңізді. Ақша сіздің тегіңізбен, карта иесімен салыстырылады. Екінші талап бойынша соңғы 12 айда Әлеуметтік сақтандыру қорына ең болмаса бір әлеуметтік төлем немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бір зейнетақы аударымы жасалуы тиіс еді. Бұл жағдайда мұндай талап қажет, себебі ақша кассадан беріле салмайды, ол Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы төленеді», — деп түсіндірді министр.

Алайда, көптеген адамдардың мұндай әлеуметтік аударымдары жоқ әрі болмаған. Бұл адамдар ресми емес жұмыс істейді, олардың еңбек келісімшарттары жоқ, салық та, ешқандай аударымдар да төлемеген, олар үшін де 42 500 теңге алу мүмкіндігі бар. Ол үшін өзіні статусын ресмилендіру керек. 

«Ол үшін сіз бірыңғай төлемді төлесеңіз болды — ол қалалықтар үшін 2501 тенге, ауыл тұрындары үшін 1325 тенге. Бір рет төлем жасаған соң сіз келесі күні ай сайын 42500 теңге алу мүмкіндігіне ие боласыз. Бұл ресми емес жұмыс істегендердің барлығына қатысты. Осылайша, сіздің статусыңыз ресмилендіріледі», — деді Б. Нұрымбетов.  

Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) қала және ауыл тұрғындары қалай төлей алады? 

Оның екі жолы бар. Бірінші – Халық банк, Fortebank, Сбербанк, Jusan bank, Bank Center Credit, Каспи банктің мобильді қосымшаларында және «Қазпошта» бөлімшелерінде БЖТ төлеуге болатын мобильді қосымшалар бар. 

Екінші – мұны SMS арқылы жасауға болады. Ол үшін өз телефоныңыздан 5505 нөміріне SMS жіберіп, қала тұрғындары үшін GORODESP ЖСН, ал ауыл тұрғындары үшін SELOESP ЖСН деп көрсету қажет. Бұл жағдайда қажетті сома шешіледі де, сіз әлеуметтік аударымды төледіңіз, өз міндеттемеңізді орындадыңыз, сіздің статусыңыз ресмилендірілді және сіз ай сайын 42 500 теңге алатын боласыз дегенді білдіреді. 

Жұмысынан босатылған немесе қысқартылған жалдамалы жұмыскерлер қанша төлем алады? 

«Олар үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан (ӘМСҚ) жұмыстан айырылған жағдайда берілетін төлем қарастырылған. Оны төлеу жұмыстан босатылу себептеріне, ТЖ-ға қатысты емес. Ол алты ай төленеді және оның мөлшері азамат жұмыстан босатылған кезде алған жалақысының 40%-нан бастап құрайды. Ол үшін Egov порталында жұмыссыз ретінде тіркелу қажет»,— деп түсіндірді еңбек министрі.

Ол үшін порталда «жұмысқа орналастыру» және «жұмыс іздеуші тұлға» сервисі таңдалады. Үш күннен кейін сіз автоматты түрде жұмыссыз ретінде тіркелесіз, сізге ӘМСҚ-дан жұмыстан айырылу бойынша алты айға әлеуметтік төлем тағайындалады. 

«Мұнда да біз ережелерді өзгерттік. Тағайындау сіз жұмыссыз ретінде тіркелген күні жүзеге асырылады. Неліктен үш күн? Ол күндері біз заң бойынша жұмыспен қамту орталықтарында сізге сай келетін жұмысты табуға тырысамыз», — деді министр. 

Тек наурыз айында жұмыспен қамту орталықтары арқылы 12 мыңнан астам адам қашықтан істеуге болатын жұмыс тапты. Сонымен қатар карантин жарияланған қалаларда 2331 адам өзіне қашықтан істейтін жұмыс тапқан. 

«Бірақ егер сіз көптен бері жұмыс істемеген болсаңыз және сіздің әлеуметтік аударымдарыңыз болмаса, онда сіз төлемді ала алмайсыз, өйткені сіз әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы емессіз. Мұндай азаматтар азық-түлік жиынтығын ала алады», — деді ведомство басшысы. 

 

«Азық-түлік жиынтығын» кім ала алады?

«Азық-түлік жиынтығы» төмендегілерге беріледі:

  • атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың барлық балалары, яғни көп балалы отбасыларды қоса алғанда, аз қамтылған отбасылар;

  • жасына қарамастан барлық үш санаттағы мүгедектігі бар барлық адамдар, сондай-ақ мүгмкіндігі шектеулі балалар. Елімізде 995 000 адам тіркелген;

  • мүмкіндігі шектеулі балаларды күтіп отырған ата-аналар;

  • ресми тіркелген жұмыссыздар — елімізде осындай азаматтар шамамен 1,5 млн адам.

Іс жүзінде бұл шараны жергілікті жерлердегі әкімдер жүзеге асырады. 

 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» қандай артықшылықтарды ұсына алады?

Мемлекет басшысы «Жұмыспен қамтудың жол картасының» маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінде біз “Жұмыспен қамтудың жол картасын” әзірледік, оған 1 трлн теңге бөлінеді. 240 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 7 мыңнан астам жоба іске асырылады», — деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Сонымен қатар, Президент Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент — ірі қалаларында жұмыс істеген көптеген жастар бүгінде осы қалаларға кіре алмауы жағдайына назар аударды. Олар қала маңында, табыссыз қалып отыр.

«Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, егер осы қалалардың төңірегінде жүрген біздің жастарымыз бүгінде Алматы, Шымкент немесе Нұр-Сұлтан қалаларына кіре алмаса, егер олар өз өңірлеріне оралып, “Жұмыспен қамтудың жол картасы” жобаларына қатысса, оларға жұмысқа кіріскен алғашқы күні 85 мың теңге көлемінде көтерме ақы төленеді. Бұл жалақы емес, бұл көтерме ақы. Осыдан кейін ай сайын ол өз еңбек ақысын алатын болады», — деп түсіндірді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жалақы 85 мың теңгеден төмен болмайтынын айта кеткен жөн. Бұл үшін өңірлердің әкімдері рекрут пункттерін құрып, жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа шақыратын болады.

«Бүгінде аталған қалаларда жұмысынан айырылған азаматтарды өз өңірлеріне қайта оралып, “Жұмыспен қамтудың жол картасына” қатысуға шақырамын», — деп түйіндеді Б. Нұрымбетов....

 

Дереккөз: kursiv.kz

Сәрсенбі, 01 Сәуір 2020 12:07

Бетперделер тегін таратылды

«Біз біргеміз» акциясы аясында елдің түпкір-түпкірінде жасалып жатқан игі істердің қатары көп. Қазіргі қиын-қыстау кезеңде кез келген көмектің игілігін әрқайсымыз жіті түсіндік. Қолымыздан келгенінше көмегімізді аямау – адами парызымыз.

 

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен Еңбекшіқазақ ауданындағы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің тікелей қатысуымен ауданымыздағы 3600 көпбалалы отбасын бетпердемен қамту үшін алғашқы 1000 дана маталы бетперде тігілді. Мұның бәрі де тегін таратылады. Бірнеше рет жуып қолдануға болатын бұл бетперделер таза мақта матадан тігілген.

Бұл бетперделер (гигиеналық тұмшаларды) ауданның Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, «Атамекен» ҰКП 2019 жылғы «Жас кәсіпкер» бағдарламасының түлегі, Есік қаласында орналасқан ЖК «Тынайбекова Г. К.» бизнес-тігін цехы бар Әсем Тынайбекованың басқаруымен тігіп шығарылды. Тігін цехын анасы Гүлнар Қожанқызы Тынайбекова басқарады. Ел басына күн туғанда бірігіп іс қылу – ортақ парыз. Ендеше, бірлігімізге сызат түспей, ел іргесі бүтін болсын.

 

Шолпан ҚАСЫМБАЕВА,

Еңбекшіқазақ ауданы «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

Сәрсенбі, 01 Сәуір 2020 11:50

Емханаларда жаңа ереже

Мемлекет башысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 16-тармақшасына және «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес «Covid -19» пандемиясының  таралуына байланысты  ел ішінде төтенше жағдай жариялады. Артынша, дүркін-дүркін жиындар өткізіп, сақтық шараларын атқаруды бір сәтке де доғаруға болмайтынын нақтылаған болатын.

Осы орайда, Алматы облысы да «COVID-19» дертінен сақтану үшін барлық шараларды күшейтуде.Тұтас мемлекетке төнген қатерден республикалық масштабта шекараны жауып кеселден сақтанудың жолын жасаса, біздің өңірде  Жетісудың бас шаһары Талдықорған қаласының айналасына тәулік бойы жұмыс істейтін 4 санитарлық бекет орналастырылды. Ондағы полиция мен СЭС мамандары қалаға кірген адамдарды тексереді. Осылайша, қатерлі аурудың апанынан тұрғындарды аман алып қалмақшы.

Аты жаман дертпен күресудегі күш медицина қызметкерлеріне түскені жасырын емес. Облыстағы білікті мамандар пандемия кезінде пенде атаулының ахуалына нұқсан келмеуі үшін бір қатар уақытша өзгерістер енгізіп, елдің дер кезінде ем алуына қолайлы жағдай жасап отыр.

Мәселен, облыстық Денсау-лық сақтау басқармасының шешімімен Алматы қаласында жүктілік бойынша тіркеуде тұрған әйелдер дәл қазіргі тұрғылықты жері бойынша Алматы облысының кез келген медициналық мекемесіне кедергісіз тіркеліп, ауруханаға жатқызылады ол бірінші енгізілген жаңа ереже. 

– Алматы қаласымен шекаралас аудандардың гемодиализ (диагнозы бойынша емделушілерін аудандық ауруханадан Алматы көпсалалы клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізеді. Балаларға екпе салуға шектеу қойылған жоқ. Бірақ, медициналық мекемеге келетін ата-аналар коронавирусқа қатысты барлық сақтық шараларын сақтауға міндетті. Мұны да  балғындардың кемел келешегі үшін қабылданған шешім деп түсіну керек, – дейді Алматы облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ербозымұлы.

Одан басқа, аймақтық көпсалалы клиника да жаңа ережелер енгізілді. Ондағы өзгерістерге сәйкес, орын алған жағдайға байланысты емдеу мекемесіне өзге  адамдар мен көліктің кіруіне тыйым салынған. Және де ем алушының жақындары тағам мен қажетті заттарды күніне бір рет сағат 16:00-17:00 аралығында клиниканың қызметкерлері арқылы жеткізеді. Ескертетін жайт емханаға мамандардың қабылдауына жазылған пациенттерге ғана кіруге рұқсат етіледі. Міне осы  тектес жұмыстар облыс аумағында қарқынды жүргізіліп жатыр.

«Дені сау ұрпақ жарқын болашақ кепілі» екенін басшылыққа ала отырып, өзіңіздің және жақындарыңыздың қамын Сіз бірінші ойлауға тиіссіз. Әп сәтте сансыз елді сабылдырған эпидемияның құрсауынан аман қалуға жазсын.

 

Анар САБЫРОВА.

Сәрсенбі, 01 Сәуір 2020 11:42

Бауыржан Мыныханұлы БИМЕНОВ

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №56-к өкімімен Бименов Бауыржан Мыныханұлы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Б.Бименов 1970 жылы 3 қыркүйекте Қырбалтабай ауылында дүниеге келген. 1992 жылы қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын «Агрохимия және топырақтану, ғалым-агроном» мамандығы бойынша, 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Түрген қой кеңшарының №7 бөлімшесінде бригадир көмекшісі боп бастаған. Кейіннен кеңшардың №1 бөлімшесінде бригадир, бас агроном боп еңбек етті. Әр жылдары Қырбалтабайдағы «Ақжал» АҚ №2 бөлімшесінің меңгерушісі, агрономы, Қырбалтабай округінің әкімі, аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет төрағасы, аудандағы ауылшаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы, бөлім басшысы, аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы, Бөлек округінің әкімі қызметтерін абыройлы атқарған. 2013 жылдан осы уақытқа дейін Есік қаласының әкімі болған.

Бірнеше мерекелік медальдардың иегері.

Сәрсенбі, 01 Сәуір 2020 11:39

Карантинные меры по COVID-2019

Согласно решению заседания межведомственного оперативного штаба от 16 марта 2020 года  в районе принят ряд  карантиных мер, обязанных к исполнению всеми ответственными лицами, жителями района. Организован штаб по профилактике и противоэпидемическим мероприятиям. Отделом внутренней политики усилена разъяснительная работа через сайт акима района, социальные сети местных исполнительных органов.

Управлением полиции усилена охрана общественного порядка;  медучреждения приняли решение о запрете выхода сотрудников в отпуска, произведен отзыв на работу находящихся в отпусках;  районным управлением качества и безопасности товаров и услуг организована бригада для проведения санэпидмероприятий;  приостановлены  перевозки пассажиров в г.Алматы предприятиями пассажирского транспорта ТОО «Шелек-Тулпар», ТОО «Акжол-Агротранс», ТОО «Тулпар-Экспресс».

Установлены ограничения режима работы с 10 до 18 часов для  14 крупных торговых домов района. Для  рынков «Вира», «Табыс», «Бахтияр» время работы ограничено с 11 до 17 часов, закрыт скотный рынок «Райымбек».  Акиматом района через соцсети ведется работа по расширению онлайн-покупок и доставки населению продуктов, вещей и лекарств. Приостановлена деятельность домов культур, музеев, библиотек, ДЮСШ и других спортивных  клубов и секций, объектов туризма, внешкольных объектов образования. Районным управлением контроля качества и безопасности товаров и услуг объектам торговли вручены постановления   о проведении санэпидмероприятий с ограничением работы с 11 до 17 часов. Розданы уведомления о закрытии выставок, фитнес-центров, тренажерных залов, кинотеатров  и других объектов массового пребывания людей.

На основании письма главного санитарного врача района  Есикский центр оказания специальных социальных услуг «Аманат», «Специализированный дом ребенка в с.Шелек» закрыты на карантин. Областные  спецшколы-интернаты для детей с нарушением зрения и для детей с нарушением интеллекта с 16 марта по 5 апреля 2020 года находятся на весенних каникулах.  Детсады  функционируют в штатном режиме с правом свободного посещения, в них усилен медицинский и санитарный контроль.

По данным на 31 марта 2020 года в Енбекшиказахском районе зарегистрирован один  заболевший корнавирусом. С подозрением на COVID-2019 в карантин помещены два человека, контактных – 37. Находятся под домашним наблюдением 67 граждан, прибывших из-за рубежа, 1127  прибывших из г.Нур-Султан и г.Алматы.

Медучреждения района подготовлены к приему больных коронавирусом, обеспечены всем необходимым инвентарем и медикаментами. На сегодня открыт карантинный изолятор на 30 коек, инфекционное отделение будет усилено 20 койками, развернуты карантинный госпиталь на 150 коек и провизорный госпиталь на 40 коек.  

Круглосуточно работает телефон «горячей линии» CALL-центра 23619 по разъяснению мер профилактики, госпитализации, правил вызова СМНП по COVID-2019.

 Соб.инф.

Қазақстанда иммигранттардың елге кіру және шығу тәртібіне өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда «Көшіп келушілердің Қазақстанға келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан аумағынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы» Үкімет қаулысына өзгеріс енгізіліп отыр.

««ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режімінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын», - деп жазылған Үкімет қаулысында.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіліп, ресми түрде жарияланды.

Дереккөз: inform.kz

Карта әр сағат сайын жаңарып тұрады. Бұл картаны жасауға 45 адам жұмылдырылды. Ал егер карантинде болған адам 14 күннен кейін карантиннен шықса картадағы нүкте автоматты түрде жойылып кетеді

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет