Бейсенбі, 11 Ақпан 2021 11:48

Қаланы көркейту – күн тәртібінде

Қаланы көркейту –  күн тәртібінде mezet.kz

Өткен аптада аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов Есік қаласының әкімдігінде жергілікті қауымдастық өкілдерімен кездесу өткізіп, аудан орталығының маңызды мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Бекет Төлегенұлы қала аумағында былтыр атқарылған жұмыстарға, 2021 жылға межеленген міндеттерге тоқталды. Алдымен жолдардың жайын сөз еткен мәслихат хатшысы бұл бағытта қолға алынған ауқымды жұмыстарды тізіп өтті.

– Есік қаласында атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесін өздеріңіз көріп-біліп жүрсіздер. Өткен жылы Орымбетов және Островский көшелерінің тротуарларын орташа жөндеуге  108 млн 656 мың теңге бөлініп, игерілді. Абай көшесі (88 млн 530 мың теңге), Тоқатаев көшесі (122 млн 130 мың теңге), Мәметова көшесі (21 млн 900 мың теңге), Кешубаев көшесінің тротуары (21 млн 059 мың теңге), Алтын Адам аллеясының тротуары (193 млн 479 мың теңге) орташа жөндеуден өтті. Қала жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 76 млн 999 мың теңге бөлінді. 21 млн 600 мың теңгеге 4260 шаршы метр көше шұңқырлары жамалып және Лермонтов, Юбилейная, Тіккелдиев, Амурская, Тохтабаев көшелеріне 4286 шаршы метр асфальт төселді. Қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстауға 40 млн теңге бөлінді.

1-ші, 2-ші ықшам аудандардың ауласы абаттандырылып, қала аумағында балаларға арналған 6 ойын алаңының құрылысы аяқталды. 3-ші ықшам ауданның ауласын абаттандыру жұмысына 107 млн 972 мың теңге бөлінді. «Номад Мегаполис» мекемесімен жасалған меморандумның негізінде қазіргі таңда көшелердің жарықтандыру шамдарын толықтай LED-ке ауыстыру жұмыстары  жүргізіліп жатыр. 2020 жылы Алматы, Абай, Алтын Адам, Астана, Косманавтов, Уәлиханов, Жамбыл қалтарысы көшелері жарықтандырылды. Қала аумағында 960 мың теңгеге жол белгілері орнатылды, қоғамдық көліктерге арналған 8 аялдама салынды, 300 ағаш отырғызылып, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш алаңы көгалдандырылды – деді Бекет Төлегенұлы.

Бұл аудан орталығында бір жылдың ішінде атқарылған жұмыстардың бір парасы ғана. Бұдан бөлек, ауызсу құбырларын жаңарту бойынша ауқымды жоба жүзеге асуда. Республикалық бюджеттен Есік топтық су құбырын салу үшін 4 млрд 476 мың теңге бөлінген. Жоба 2 жылға арналған (8 ауылды қамтиды). Есік қаласында су сүзгіш станциясы салынады. Орналастыру жері бөлінген.

Қалалықтарды көгілдір отынға қосу да қарқынды жалғасуда. Жеке сектордағы 3000 үйді қамти отырып, ұзындығы 151,5  шақырым газ құбыры жүргізілген.  2568 үй газ құбыры желілеріне қосылуға келісім-шарт жасаған. Оның ішінде, 1840 абонент табиғи газдың қызығын көруде. Десек те, тұрғындар тарапынан бұл бағытта сын-ескертпелер түсуде. Кездесу барысында газдандыру    бойынша туындаған сұрақтар талқыланды.

Оған қоса, былтыр Есік қаласында сметалық құны 724 млн 215 мың теңге болатын 60 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйді қайта жаңарту жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда 30 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.  Жоба құны 309 млн 954 мың теңге. Сонымен қатар, Т. Молдағалиев атындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Мәдениет үйінің жанындағы абаттандырылған сквер тұрғындардың демалыс орнына айналады. Үш ауысымда оқу мәселесін шешу үшін 1500 орындық жаңа мектептің құрылысы басталмақ.

Жиын барысында биыл жүзеге асатын жобалар да таныстырылды. Әбдиев, Набережная көшелері мен Алматы көшесінің тротуары жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, 40 млн теңгеге жолдарға асфальт төселеді. Уәлиханов, Мәлкеев, Орымбетов көшелеріне тротуар жасауға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 2021 жылға бюджеттік сұраныс берілген. Бірнеше көше жарықтандырылады. жобалық құны 1 млрд 490 млн 943 мың теңге болатын 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы басталады.

Сондай-ақ, Бекет Ахметов мәслихат қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Мемлекет басшысының қабылдаған маңызды құжаттары туралы сөз етті.Өз кезегінде қауымдастық өкілдері өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, мәслихат хатшысынан өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуін сұрады.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 1593 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет