Сенбі, 05 Наурыз 2022 16:42

Аудан әкімі ардагерлермен кездесті

Бүгінде қоғамның қам-қарекеті әр азаматтың қолайлы ғұмыр кешуі жолына бағыт алғанын аңғару қиын емес. Демек замана сұранысының   қажеттілігін өтеу – жергілікті билік өкілдерінің негізгі міндеті. Өткен жылға өкпе жоқ. Сан-салада серпіліс байқалып, өңірдің шырайы кірді. Қалай десек те, әлеуметтік өзгеріс пен өмірдің жаңаруын дәстүр сабақтастығы мен аға буынның төккен терінен бөліп қарауға болмайды. Бүгінде аудан ардагерлерінің ауыл-аймақтың жайын күйттеп, мәселенің шешілу жолдарына араласуы қуантады.

Өткен аптада аудан әкімі Қуат Сұлтанғазиев ардагерлермен кездесті. Ең әуелі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов жаңа тағайындалған аудан әкімін қызметімен құттықтап, ел тізгінін ұстаған азаматтың жұмысына табыс тіледі. Кездесуде өзге ардагерлер де  қоғамның жаңаруы мен жаңғыруы, өңірдің өркендеуі мен береке-бірілігіне қатысты салиқалы ойларын ортаға  салды.

– Қоғамның қаншалықты өркениетті, қаншалықты зиялы екендігі ардагерлерге деген құрметпен өлшенген. Аға ұрпақтың өнегесі, ақылы қоғамға қай уақытта да қажет. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан ауданымызда ардагерлер қауымы жастарға  қашан да жол  сілтеп, бағыт-бағдар беруден еш жалықпасына сенемін», – деді аудан әкімі.

Е.АСЫЛ

Оқылды 1136 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет