Бейсенбі, 25 Наурыз 2021 16:55

Санитарлық талапты бұзғандарға 38 млн. теңге айыппұл салынды

Самарқанның көк тасы еріп, ел-жұрт «амал мерекесі» деп амалдап жатқанда аймақтағы эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап кетті. Жетісу жерінде соңғы тәулікте 104 адам коронавирусқа шалдыққан. Салдарынан індетті жұқтыру деңгейі өңірде 0,8 % – ды құрады.
Жыл басынан 12 666 адам кесел жұқтырған. Оның ішінде 5658 тұрғыннан коронавирустың симптомдары анықталған. 10 758 науқас емделіп шыққса, 870 емалушы әлі күнге дәрігердің бақылауында.
Өкініштісі сол, індет жас, кәрі деп бөліп жармайды. Облыста 52 жүкті әйел мен 882 оқушы кесел жұқтырған.
Аурудың өршуіне байланысты жедел жәрдем көмегіне жүгінушілердің қатары артқан. Салдарынан, арнайы топқа тәулігіне 2,5 мың шақырту келіп түсіп отыр.
Бір сәтте, вирусқа шалдығушылар санының өскені, бұқараның қарапайым сақтық шараларын сақтамауынан дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.
«Аймақта карантиндік режимнің сақталуын қатаң бақылау мақсатында 268 мониторингтік топ құрылған. Мереке күндері қоғамдық орындарда көпшілікпен іс-шаралардың болмауын қадағалау үшін тексеріс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, қаладағы «Ханшайым», «Алтын ғасыр», «Гаухартас» мейрамханаларында той-думанның өткізілгенін анықтадық. Бұл бір ғана мысал. Жыл басынан арнайы топтың көмегімен 7 мың рейд жұмыстары атқарылды. Олар карантин шаралары сақталмаған 600 жағдайды анықтаған болатын. Бүгінде санитарлық талаптарды бұзып, заңды белден басқандарға тиісінше айыппұл салынды. Оның жалпы берешегі 38 млн. теңгені құрайды»,-деп атап өтті Батыржан Құлаймергенұлы.
Облыстың бас дәрігері Өмірбек Ниязбековтың айтуынша, инфекциялық стационарлар жүктемесінің ұлғаюына байланысты төсек қорының саны 1370-тен 1855 төсекке дейін, реанимациялық төсек саны 124-тен 145-ке дейін ұлғайтылған.Қажет болған жағдайда 5280 төсек-орын орналастырылады.
Тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсарту үшін қазіргі таңда егу жұмыстары жүйелі түрде жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін облыста 11 350 адам екпе қабылдаған. Ары қарайда кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады. Ол үшін вакцина қорыда жеткілікті дейді жауаптылар. Қазіргі таңда облысқа вакцинаның 14 850 дозасы жеткізілді. Ай сайын вакцинаның 66 000 дозасы әкелініледі. Жалпы биылғы жылы облысқа вакцинаның 150 мың дозасын жеткізу жоспарланған.
Айта кетейік, Коронавируспен күреске барлығы жергілікті бюджеттен 13,8 млрд.теңге, оның ішінде екінші толқынға дайындыққа - 8,8 млрд. теңге бағытталған болатын.
Мемлекет бар жағдайды жасағанымен елдің індеттің ілмегіне түсуі тоқтамай тұр. Мамандар, Текелі Талдықорған қалаларында және Көксу, Қаратал, Ескелді, Панфилов, Ақсу, Ұйғыр аудандарында сырқаттанушылардың саны басым екенін айтуда.
Ескертерлігі, демалыс күндері мемлекеттік және кәсіпкерлік нысандардың аумағында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, сауад үйлері, қоғамдық тамақтану орындары, кино театрлар жұмысын тоқтататын болады.

 

Анар Сабырова

Оқылды 916 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет