Жұма, 02 Сәуір 2021 09:50

Бағдарлама жастарға жаңа мүмкіндік беруде

Бүгінде ауданымызда тұрғындарды жұмыспен қамту шаралары қарқынды жүргізілуде. «Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан аумағында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде қызмет көрсетеді.

2021 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша орталыққа 1369 адам жүгінген. Оның 981-і жұмыссыз ретінде тіркеліп, ақылы қоғамдық жұмысқа 686 азамат, әлеуметтік жұмыс орындарына – 63, жастар тәжірибесіне 37 азамат жіберілді. Ал 855 адам жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алғандар.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында орталық тарапынан 3 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. Алғашқы бағыты бойынша, ауданда орын алған нарықтық жұмыс орындарының қажеттілігіне байланысты бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді қайта даярлау курстарымен қамтамасыз ету мақсатында 535 адамды оқыту жоспарлануда. Оның ішінде техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 175 азаматты оқыту, қысқа мерзімді қайта даярлау курстарына 360 адам жіберу көзделуде.

Ауылдық елді мекендерде жаппай кәсіпкерлікті дамыту – бағдарламаның екінші бағыты. «Бизнес бастау» жобасы шеңберінде ағымдағы жылы 350 азаматты кәсіптік оқуға жіберу, сонымен қатар, 350 азаматқа несие беру жоспарланып отыр. Үшінші бағыт – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту. Бұл мақсатта әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес беріледі.

Тұрғындарды ақылы қоғамдық жұмысқа тарту жұмыстары да жүйелі жүзеге асуда. Биыл осы бағытта 1060 азаматты жұмыспен қамту көзделсе, оның 686-сы жолдама алған. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 136 азамат жоспарланып, қазіргі таңда 63 адам жолдамамен жұмысқа жіберілді. Жастар практикасынан өтуге жұмыс берушілердің өтінімдеріне сәйкес ауданның 128 түлегін жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бүгінде жастардың 37-сі жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар,  оқуын аяқтап, алғаш рет жұмысқа орналасқан жастарды қолдау мақсатында «Еңбек» бағдарламасының «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жұмыс жасайды.  Бұл бағытта 3 адамды жұмысқа орналастыру көзделіп,  қазіргі таңда 2 азамат өтінімге сәйкес жолдамамен жұмысқа жіберілді.

Бағдарламаның жастар үшін тағы бір тиімді бағыты – «Ұрпақтар келісімі» жобасы. Зейнеткерлікке шыққан қызметкердің орнына жас маманды орналастыру бойынша 3 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған.

 

А.САНЬКОВА,

жұмыспен қамту орталығының

 бөлім басшысы

Оқылды 1564 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет