Бейсенбі, 06 Мамыр 2021 10:43

Ескерткіштерді қорғау – елдіктің белгісі

Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор мәдени мұрамыз. 

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай «Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару, Еңбекшіқазақ ауданынындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау негізінде азаматтық патриотизмді және бірізділікті қалыптастыру, Есік қаласы мен ауылдық округтерде жұмыс жасайтын үздік мамандарды анықтау мен оларға мотивация беру мақсатында бейнероликтер әзірлеу бойынша «ескерткіштерді қорғау – елдіктің белгісІ» атты онлайн байқау жариялаған болатын. Байқауға 16 ауылдық округ қатысып, өз елді мекеніндегі ескерткіштердің қорғалуы жайлы 3-4 минуттық видеороликтер ұсынды.  Байқаудың ұлтжандылық, отансүйгіштік тәрбиесі жоғары болды.  Үздік әкім аппараттары аудан әкімі Ә.Жақанбаевтың мақтау қағазымен, сыйлығымен марапатталды. Сонымен қатар, тарихи-мәдени мұраны ұлықтауда белсенді жұмыс атқарып, үздік нәтиже көрсетуге атсалысқан әкім аппараттарының мамандарына мотивация беру үшін арнайы Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық директоры Ғ.Оспановтың алғыс хаттары табыс етілді. Байқау нәтижесіне сай, бас жүлде Бартоғай ауылдық округі әкімі аппаратына, I орын Асы ауылдық округі әкімі аппаратына бұйырды. II орынға Балтабай, Шелек және Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппараттары жайғасты. III орынды Жаңашар, Рахат, Тескенсу және Саймасай ауылдық округі әкімі аппараттары иеленді.

Балауса ШАРҒЫНОВА,

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

Оқылды 1511 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Бейбітшілікке төнген қауіп Судағы қауіпсіздік »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет