Бейсенбі, 13 Мамыр 2021 11:26

Бала құқығы басты назарда

Бала құқығын қорғау – Қазақстан үшін қашанда аса маңызды басымдықтардың бірі. Себебі мемлекеттің ең басты қазынасы – адам екендігі Ата Заңымызда да анық жазылған. Сондықтан жас ұрпақтың алаңсыз есеюі – келешегіміздің кепілі саналмақ. Осы орайда, өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты  Дана Нұржігіт аудан әкімнің бірінші орынбасары Айбек Бидаевпен Есік қаласындағы білім беретін мекемелердің жұмысымен танысып, ондағы сала мамандарымен  бала құқығын қорғаудағы өзекті мәселелер жайында ой бөлісті.

Депутат ең әуелі  Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде білім беру мен құқық қорғау саласының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Д.Нұржігіт қазіргі заман ағымына сай білім беру орындарына жаңаша талаптар қойылатынын, осыған сәйкес мектептер мен колледждерге кешенді оқу бағдалармалары керек екенін сөз етті. Бүгінде бала құқығы қоғамдағы ең толғақты түйіндердің бірі екені шындық. Сенатордың сөзінше, қазірде еліміздегі кей өңірлерде заңды түрде тікелмеген балалар өмір сүруде. Олар тіркеуде болмағандықтан балабақшалар мен денсаулық сақтау мекемелерінің тізімінен тыс қалатын көрінеді.

Сондықтан депутат бұл мәселені қалай шешеміз, жауапсыз ата-анаға қалай талап қоямыз, заң шеңберінде жұмыс жасау үшін қандай тетіктерді жетілдіру керек деген сауалдарға жауап іздейтін кез жеткендігін айтты.

Кездесуде сөз алған аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев қазіргі таңда ауданда кәмелет жасына толмаған  балаларды қорғайтын арнайы комиссия құрылғандығын, аталған комиссия айына екі мәрте бала құқығына байланысты өңірімізде сақталған өзекті мәселелерді талқыға салатынын жеткізді. Айбек Дүйсембекұлының сөзінше, аудан аумағында құқығы қорғал-маған, отбасында зорлық көрген балалар бар. Қазір сол түйткілді тарқатудың оңтайлы шешімдері қаралуда.

Адам баласы өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе, оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, психологиялық көмек, тіптен, ауадай қажет. Бүгінде кей  балдырғандар тағдырының  талқан болуы да осы психологиялық көмектің жоқтығы екендігін сарапшылар жиі айтады. Бұл тұрғыдан ауданымыздағы психологтардың сенаторға айтар уәжі бар екен. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің психологі Жеңісгүл Хабаева: «Бүгінде психологиялық көмекке жүгінгісі келетін балалар мен ата-аналар көп. Бірақ біздің қолымызда  ресурстар  шектеулі болғандықтан, оларға дер кезінде көмек бере алмаймыз. Біздің қоғамдағы көптеген келеңсіз жайттар психологиялық көмектің жоқтығынан туындайды. Сондықтан ауданымызда психологиялық көмек көрсететін арнаулы орталық қажет», – деді. Сонымен қоса, сала  мамандары  мектеп писхологтарының кәсіби біліктілігін арттыру керектігін айтты. «Бүгінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай ел өміріндегі көптеген әлеуметтік мәселелерге мән берілуде. Кез-келген мәселеге бей-жай қарамай, оны нақты шешудің жолын қарастырған абзал. Сіздер айтқан түйіндердің барлығы ескеріледі. Келер күндерде осы ұсыныстар оң шешімін табады деген ойдамын», – деді Дана Өмірбайқызы.

Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік саясатының ізгілікті бағыты жағдайы қиын халықтың әлсіз қорғалған санатына деген қатынасымен анықталады. Бүгінде еліміздегі  әлсіз топтардың белгілі бөлігін мүмкіндігі шектеулі балалар құрайды. Олар әлеуметтік көмекке аса мұқтаж. Осы жолғы сапарында Сенат депутаты ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі балалардың тыныс-тіршілігін білу мақсатында №14 «психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» мемлекеттік мекемесіне арнайы ат басын бұрды. 18 жасқа дейінгі төменгі санаттағы мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетілетін мекемеде бүгінде 396 бала тәлім алуда. Сенатор ондағы мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу үдерісімен танысып, олардың үздіксіз кемелденуіне тілектестік білдірді. Сенат депутаты аталған мекемеге тиесілі жер учаскесінің тарлығы,балаларға арналған түрлі кабинеттердің аздығы, білікті мамандардың жетіспеушілігі сынды қиындықтарды да назардан тыс қалдырмады. Соңында Дана Өмірбайқызы аталған мекемедегі өзекті мәселелердің шешілуіне қолдау білдіретінін жеткізді.

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 808 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Судағы қауіпсіздік Аудан тынысымен танысты »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…
Қаң 22, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты.…
Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет