Дүйсенбі, 17 Мамыр 2021 16:52

Әскери шенді оқытушылар марапаталды

Қазақстан – тәуелсіздігіне 30 жыл толған еңсесі биік, дамыған мемлекеттермен терезесі тең мемлекет. Егеменді еліміздің ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 7 мамыр күні 29 жыл толды. Ал еліміздегі мектептерде АӘД пәні оқытылғанына биыл 24 жыл.

Жастардың бойында жоғары әскери патриоттық сана қалыптастырумен өз елін, Отанын қорғайтын оқушы жастарды мектепте оқыту, қазіргі заманға сай сауатты, бәсекеге қабілетті, өз елінің шынайы патриоттарын тәрбиелеу – алғашқы әскери дайындық (АӘД) пәні оқытушыларының өзекті және негізгі міндеті. Егеменді еліміздің 1996 жылғы Қорғаныс, Оқу, Төтенше жағдайлар министрліктерінің №1340 бұйрығымен  ҚР-ғы барлық 10-11 сыныптардың оқу бағдарламасы бойынша 1997 жылдан бері республикадағы барлық орта мектептерде  АӘД пәні оқытыла бастады. АӘД пәні сабағының ерекшелігі, ол тамыз айында Қорғаныс істер бөлімінде әскери форма киген аудандағы әскери шенді оқытушылардың 3 күндік семинар жиынынан Қорғаныс істері бөлімі бастығының қатысуымен басталады. Бір жылғы жұмыс жоспары,10-11сыныптарда өтілетін бағдарламаға сай бекітіледі.Тағы бір ерекшелігі, белгіленген бағдарлама бойынша ай сайын аудандағы таңдаулы мектептерде семинар сабақтарға 2-3 АӘД пәні оқытушылары сабақ өтеді, аудандық оқу бөлімінен, қорғаныс істердің әдіскер мамандары қатысып оны бағалайды. 10 сыныптармен 5 күндік дала жиыны өз мектептерінде өткізіліп бағаланады. Оқу жылының аяғында қорытынды жиын мамыр айының соңында Қорғаныс істер бөлімінде бір жылда атқарылған жұмыстар туралы есеп қабылданып, облысқа жіберіледі. Жетістікке жеткен әскери оқытушыларды аудандық, облыстық Қоғаныс істер бөлімі марапаттайды.

Сол кездегі әскери оқытушылардың алды зейнетке шыққанына 10 жылдан асыпты. Биыл, ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 29 жыл толуына орай, әрі ардагер ұстаздардың ақ батасын алайын деген жақсы ниетпен мереке қарсаңында «Алматы облысы білім беру мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Еңбекшіқазақ аудандық комитеті филиалының төрағасы Серік Надырбаев ауданда бірінші рет АӘД ұстаздарының басын қосты. Серік Дүйсебайұлы мамандығы бойынша дене тәрбиесі пәні мұғалімі, мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінде алғашқы әскери дайындық, дене тәрбиесі пәнінің әдіскері болып жұмыс істеді. Кейінгі жеті жылдан аса кәсіподақ төрағасы қызметін абыроймен атқарып келеді. Аудандағы барлық кәсіподақ мүшелері – ерікті түрде кірген азаматтар. Өйткені кәсіподақ ұйымы ұстаздардың құқықтары мен мүдделерін қорғау барысында белсенді қызмет істеп отыр. Сол белсенділіктің бір көрінісі – кешегі өткен басқосу деуге болады. Ардагер ұстаздарды Есік қаласына арнайы шақырып, 10 әскери оқытушыға Алматы қаласындағы «Алматы облысы білім беру мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Омашевтің «Мадақтама» қағазымен бірге аудандық кәсіподақ атынан бағалы сыйлықтар табыс етті. Ардагер оқытушылар аудан тарихында бірінші рет өткен мұндай басқосудың маңызын айтып, Серік Дүйсебайұлы мырзаға шын көңіл, ниеттерімен алғысын білдірді. Естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңілмен ауылдарына қайтты.    

 

Әсет Алжанбай,

Б.Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты»,

«С.Нұрмағамбетов», «Отан патриоты», «Ардагер»,

«ҚР Қарулы Күштеріне 20 жыл», «Ұлы жеңіске 75 жыл»

медальдарының иегері, запастағы капитан

Оқылды 1054 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет