Сейсенбі, 08 Маусым 2021 09:53

Жас ұстаздар байқауы өтті

 

«Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет» – деп Б.Момышұлы айтқандай, мемлекетіміздің өркендеп, өсуіне өз үлестерін қосып жүрген әрбір азаматтың артында тәрбие нәрімен сусындатқан ұлы есім «ұстаз» тұр. Елімізде карантин режимі енгізілгелі бері ұстаздар қауымына да оңай болмады. Әр саланың өз қиындығы болса, ұстаздық солардың ең шарықтау шегі десек, артық айтқандық емес. Осы орайда, жас ұстаздарға қолдау көрсету, олардың еңбектері мен жетістіктерін насихаттау мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Алматы облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Еңбекшіқазақ аудандық филиалының қолдауымен «Жас ұстаз – 2021» атты жас ұстаздар арасында онлайн видео байқауы өтті.

Байқау барысында жас ұлағат иелері өздерінің және оқушыларының жеткен жетістіктері туралы арнайы бейнеролик дайындап, әлеуметтік желіге жариялады. Шараға Есік қаласы мен ауылдық округтерден 20 жас маман қатысып, жүзден жүйрік шыққан ұстаздар марапатталды. Атап айтсақ, жүлделі І орын Бәйтерек ауылдық округінен Фариза Сайрамқожаға бұйырды. Шелектік Балжан Абсаттарова ІІ орынға, саймасайлық Гүлмира Абаева ІІІ орынға жайғасты. Әлеуметтік желіде «Көрермендер көзайымына» айналған Бөлек ауылдық округінің жас ұстазы Құралай Галфайға номинация беріліп, барлық жүлдегерлерге байқау демеушісі тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді. Марапаттау рәсімін өткізген аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мади Бердібаев жас ұстаздар еңбегіне табыс тіледі.

Айжан ӘБІТ,

жастар ресурстық орталығының маманы.

Оқылды 1232 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Тұрғындар назарына! Қоғамдық дертпен бірге күресейік! »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет